О банке

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

2017 ЖЫЛ

Сбербанк - «Даму» Қорының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларына қатысушы банктер арасындағы көшбасшы. Банк өңдеу өнеркәсібінің 82 қосымша салалары бойынша өндірістерді құру, жаңғырту және кеңейту жобаларын қаржыландырды. Бұл кәсіпорындарда қосымша мыңға жуық жұмыс орны (895 жаңа жұмыс орны) құрылды. 2017 жылы Сбербанктің қолдаумен 147 стартап іске қосылды. Жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша Сбербанк жаңадан бастаған кәсіпкерлердің 8 стартап жобаларын 120 млн. теңге сомасына, басқа мемлекеттік бағдарламалдар бойынша - жаңадан бастаған 139 кәсіпкерлердің старап жобаларын 2, 35 млрд. теңге сомасына қаржыландырды. 2017 жылы Алматыда «Даму» Қоры кепілдік құралын қолданумен кредиттердің ең көп мөлшерін берген қазақстандық банктердің қатарында Сбербанктің ең үздік менеджерлерін де марапаттады.

Сбербанк Қазақстанда халықаралық бизнесті белсенді дамытуды жалғастыруда. International Desk Қазақстанда өздерінің бизнестерін дамытып жатқан халықаралық компанияларға сәтті қызмет көрсетуші бөлімше.  International Desk клииенттерінің саны мыңнан асады – олардың ішінде ірі түрік холгдингтері, Корея, Қытай және Жапонияның ұлттық корпорациялары бар. ID кредиттік қоржыны 71 млрд. теңгеге жетті.

«Kazakh Invest» АҚ Ұлттық компаниясымен құрған серіктестігінің аясында Сбербанк ел экономикасына инвестициялар тарту бойынша Қазақстан Республикасының бастамаларына қолдау көрсетіп келеді. 2017 жылы «Сбербанк» АҚ ЕБ және «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ инвестициялық серіктестік туралы негіздемелік келісім жасасты. Осы Келісімнің аясында Сбербанк «Kazakh Invest» тарапынан инвестициялық жобаларды қаржыландырудың әлеуетті бағыттары ретінде қарастырады.

«Сбербанк» АҚ ЕБ SWIFT жүйесі бойынша жөнелтілген төлемдердің және шығарылған аккредитивтердің саны бойынша Қазақстандағы көшбасшы. 2017 жылы «Сбербанк» АҚ ЕБ, нарықтық үлесін 31%-дан асыру арқылы жөнелтілген төлемдер бойынша Қазақстанның ЕДБ арасында біріншілікті сақтап қалды. Сонымен қатар, 2017 жылғы қыркүйектің қорытындылары бойынша Банк шығарылған аккредитивтердің саны бойынша да көшбасшы атанды.  

Сбербанк Онлайн- UsabilityLab рейтингінде Қазақстанның банктік мобильді қосымшалары арасындағы көшбасшы. 2017 жылғы желтоқсанда Ресейдегі пайдаланушылар интерфейстерін бағалау жөніндегі ең ірі компания UsabilityLab, қазақстандық мобильді қосымшаларды бағалай келе, Сбербанк Онлайнды Қазақстанның банктік мобильді қосымшалары арасындағы  көшбасшсы деп жариялады.

Кредитті өтеу қабілеті бойынша «Эксперт РА Казахстан» Рейтингтік агенттігі Сбербанкке айрықша жоғары «А++» рейтингін берді. 

ARYS Research Тәуелсіз зерттеу-консалтингтік компаниясының мәліметтері бойынша, Сбербанктің клиенттері қызмет көрсету сапасына максималды 5 балдың ішінен 4,69 деген баға берген.

Братиславада (Словакия) өткен Сбербанк Халықаралық тобы жиналысында Сбербанктің Қазақстандағы еншілес банкінің және «КазЭкспортГарант» компаниясының тұнғыш біріккен жобасы 2016 жылы Сбербанк тобының 21 банкі арасында Экспорттық-кредиттік агенттігінің қатысуымен жасасқан ең үздік қаржылық мәміле болып танылды.

2017 жылы Сбербанк өздерінің бөлімшелерін бейнебанкинг, электронды кассир сияқты заманауи банктік жабдықпен жабдықталған smart-кеңселерге (цифрлік кеңселер) айналдыру бойынша ауқымды бағдарламасын іске қосты. Цифрлік кеңселерде біздің кеңесшілеріміз клиенттерге Сбербанктің digital-өнімдерін қолануды үйретеді, нәтижесінде олар кейінен қаржылық қызметтерді қашықтықтан пайдалана алады.

Ақпан айында Сбербанк бизнеске арналған «Өзін-өзі инкассациялау» бірегей қызметін іске қосты, ол кәсіпкерлерге банкоматтардың, ақпараттық-төлем терминалдарының немесе автоматты депозиттік машиналардың көмегімен компанияның есеп шотына 24/7 режимінде ақша енгізу мүмкіндігін береді. Бұл ретте жіберілген сома кәсіпорынның есеп шотында лезде көрсетіледі.

Сбербанк CloudPayments Kazakhstan-мен бірігіп төлемдер қабылдау бойынша инновациялық сервисті іске қосты, бұл – бизнестің барлық категориялары үшін сатылым арналарын кеңейтуге мүмкіндік беретін, интернет-коммерцияға арналған бірегей шешім.

2017 жылғы мамыр айында интернеттегі және мобильдік қосымша түріндегі Сбербанк Онлайнда виртуалды карталарды жылдық қызмет көрсету құны небәрі 1 теңгемен теңгеде және долларда ашу мүмкіндігі пайда болды. Жаңа функция «Сбербанк» АҚ ЕБ және OpenWay компаниясының серіктестігінің арқасында пайда болды.

2017 жылы Сбербанк «Соллерс» компаниясына Ақтөбе қаласында тұрғын үй салуға алғашқы кредиттік желі ашу арқылы коммерциялық банктердің арасында бірінші болып «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша құрылыстарды қаржыландыруды бастады. Шілде айында Сбербанк осы бағдарламаның аясындағы айрықша шарттардағы ипотекалық кредиттердің берілуі басталғаны туралы жариялады. Тамызда Алматыда Банк алғашқы ипотекалық кредит берді, ал қыркүйекте «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша салынған алғашқы тұрғын үй Ақтөбеде іске қосылды.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша Сбербанк таза пайдасын 41%-ға арттырды. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары бойынша Сбербанк таза пайданы, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 41,03 %-ға арттырды. Жалпы сома 7 миллиард теңге құрады. Пайда өсуінің қозғаушысы таза пайыздық табыс болып табылады.

Тамызда Сбербанк Онлайн сервистері кез келген банктердің карталарының иегерлері үшін қолжетімді болды. Сбербанктің электронды және мобильдік банкингінде ауқымды жаңартулар жүргізілді, олардың арқасында кез келген қазақстандық банктің төлем карточкаларының иегерлері төлемдерді web-нұсқада немесе Сбербанк Онлайн қосымшасында жүргізу мүмкіндігін алды.   

Қазан айында Fitch Ratings Халықаралық рейтингтік агенттік «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингілері бойынша болжамын «тұрақтыдан» «оңға» ауыстырды, бұрын тағайындалған «BB+» деңгейін растады. Сбербанктің рейтингі Қазақстанның басқа коммерциялық банктерінің арасында ең жоғары болып саналады.

2017 жылғы қарашада төрт банк, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Kaspi Bank» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ және и «ForteBank» АҚ, банкоматтардың жергілікті желілерінде клиенттердің қолма-қол ақша алуының серіктестік ережелері туралы келісім жасасты.

2017 жылғы 15 қарашадан бастап Сбербанк депозиттер желісін жеке тұлғаларға арналған салымдардың жаңа түрлерімен толықтырды: «Пополняй», «Пополняй on-line» және «Популярный».

Алматы