О банке

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

2010 жылдың басты оқиғалары

  • Қаңтар айында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қ. Сбербанктің Қазақстан аумағындағы он екінші филиалы ашылды. 

  • Сбербанк микрочипі бар Visa төлем карталарын шығара бастады
  • Сбербанк «Магнум компаниясы» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Осы келісім аясында тараптар инвестициялық  қаржыландыру саласында,  атап айтқанда 2010 жылы Алматы қаласында 2 жаңа «Магнум» дүкенін салу жөніндегі ынтымақтастықты дамытпақ

  • Ақпан айында Сбербанк және Батыс Қазақстан облысының 18 ірі әрі тұрақты жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорындарын біріктіретін, негізінен құрылыс және халық тұтынатын тауарлар шығарумен, жолаушылар және жүк тасымалымен, ауыл шаруашылығымен және машина құрылысымен айналысатын «Батыс Самал» компаниялар тобы кассалық-есеп айырысу қызметі туралы Бас келісім жасасты
  • Fitch Ratings халықыралық рейтинг агенттігі Сбербанкке тұңғыш рет «BBB-» рейтингін тағайындады. Осылайша, Сбербанк Қазақстанның ЕДБ арасында деңгейі бойынша екінші рейтингке сәйкес деп танылды. Сбербанк «Беделі жоғары компания рейтингінде» үздік 50-дің қатарына (Exclusive сараптамалық-шолу журналының зерттеулеріне сәйкес) кірді. Сбербанк «Танымал имидждің болуы» параметрі бойынша төртінші орынды иеленді.
  • Сбербанктің кредиттік портфелі 100 млрд. теңге сомасынан асты. 2010 жылғы бірінші тоқсанның соңындағы жағдай бойынша кредиттік портфелі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 43,4% өсіп, 104 987 732 692 теңгеге жетті, бұл ретте ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы портфель өсімі 18,4% құрады.
  • Сбербанк қаржы нарығындағы жұмысы аралығында экономиканың нақты секторына 1 млрд. АҚШ доллардан астам қаржы инвестициялады. Банк қызметінің ойластырылған стратегиясы арқылы 2009 жылы корпоративтік клиенттердің саны 40 % артық өсті. Қазіргі сәтте Республикадағы әрекет етуші заңды тұлғалардың арасында Сбербанк клиенттерінің үлесі 5%-ға жетті. 2010 жылдың сәуір айында Сбербанктің корпоративтік клиенттерінің саны 10 000 жетті. Шоттардың басым бөлігі Алматы қаласында ашылатындығына қарамастан,  Банктің 10 000-шы клиенті 2010 жылғы 30 сәуірде Қарағанды қаласынан табылды. Ол –  қала тұрғындарына фитнес қызметтерін ұсынатын жеке кәсіпкер Олег Александрович Семендяев. Банкте үнемi инновацияны дамыту iс-шаралары жүзеге асырылатындықтан және корпоративтiк клиенттерге қызмет көрсету барысында заманауи технология­лары пайдаланылатындықтан, сыйлық ретiнде Сбербанк бизнес-класс ноутбугiн және «Internet Office» жүйесiне тегiн қосылу мүмкiндiгiн табыстады.
  • 2010 жылдың сәуір айында Қазақстандағы Сбербанктің Директорлар кеңесі 2015 жылға дейін Еншілес банкінің даму стратегиясын бекітті. Клиентке бағдарлану, жоғары деңгейдегі қызмет көрсету мен әр қызметкердің жеке кәсібилігі – тұрақтылықпен, сапалы қызметпен, заманауи технологиялардың пайдалануымен қатар, мақсатқа қол жеткізудегі басты факторлардың бірі мемлекеттің банктер мен ұлттық компаниялардың жұмысына қатысу дәрежесі болып табылады;
  • Сбербанк «Бизнестің жол картасы 2020» атты мемлекеттік бағдарламасының  белсенді қатысушысы болды;
  • 2010 жылдың маусым айында Сбербанк Алматы қ., Қазақстан растаушы банк ретінде ЕҚҚДБ Сауданың дамуына жәрдемдесу бағдарламасының (СДЖБ) қатысушысы болды. Ресей Федерациясы аумағынан шет жерде осы бағдарламаға растаушы банк ретінде қатысып отырған аталмыш ұйым «Сбербанк России» АҚ-ның алғашқы еншілес банкі болып табылады;
  • 2010 жылдың маусымында бүкіл Ресей аумағында Сбербанктің төлем карталарын ұстаушылардың барлығына арналған теңдессіз «үй» тарифі іске қосылды. Енді тек қана Сбербанктің төлем карталарын ұстаушылары Ресей Федерациясының аймағында Ресей Сбербанктің 21 000 банкоматтарының кез келгенінде қолма-қол ақшаны жеңілдетілген тарифтермен алуға мүмкіндігі бар.
  • 2010 жылғы қыркүйек айында Сбербанкті Еуропаның қайта құру және даму банкінің Сауданы дамытуға жәрдемдесу бағдарламасына банк-эмитент ретінде қосу туралы келісімге қол қойылды және $50 миллион мөлшерінде сауда қаржыландыру бойынша кепілдендірілген желі алынды. Қазақстан қор биржасы Листингілік комиссиясының 2010 жылғы 25 қазандағы шешімімен «Рейтингтік бағалауы бар борышқорлық бағалы қағаздар» санаты бойынша KASE ресми тізіміне Сбербанктің облигациялары қосылды. Аталған облигациялар 2007 жылғы 18 шілдеде жалпы сомасы 10,0 млрд. теңгеге Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен тіркелген Сбербанктің Бірінші облигациялық бағдарламасы аясында бірінші және екінші шығарылымы болып табылады.
  • Сбербанк «Эксперт-100-Қазақстан» II жыл сайынғы ірі бизнес форумында ең динамикалық банк номинациясында жеңімпаз болып аттанды. 2009 жылы ішінде Сбербанк өз активтерін 127% ұлғайтты, бұл банктер арасында ең үздік көрсеткіш болып табылады, сонымен бірге банктің табысы 60% өсті, бұл рейтингте 70 орыннан 51 орынға ауысуына мүмкіндік берді.
  • 2010 жылғы желтоқсан айында Сбербанк жүз мыңдық банктік картасын шығарды. Оның құтты иесі Атырау қаласының тұрғыны Рустам Султангереевич Кабиев болды. Сыйлық ретінде ол Сбербанктен өз шотына 100 000 теңге алды.
Алматы