О банке

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

2011 жылдың басты оқиғалары

  • 2011 жыл Сбербанк үшін 5-мерейтойы болды, бұл республикамыздың ірі қалаларымыздың бірі Шымкент қ. банктің жаңа филиалының Орталық офисі ашылуымен мерекеленді.  Сбербанк және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 2011 жылдың ақпан айында Fitch Ratings Сбербанктің рейтингтерін растады: эмитенттің ұзақ мерзімді дефолт рейтингі («ЭДР») шетел және ұлттық валютада «BBB-», қысқа мерзімді ЭДР «F3», жеке рейтинг «D/E», қолдау рейтингі «2» және ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг «AA(kaz)». Ұзақ мерзімді ЭДР және ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты». Реттелген облигациялар рейтингтері  «BB+» и «AA-(Kaz)» деңгейде расталды
  • 2011 жылғы 1 наурыздан бастап өнімдік тізбеде жаңа банктік өнім «Иесізденген метал шот» пайда болды
  •  2011 жылдың наурыз айынан бастап кредиттерді тұтынушылық кредит беру бағдарламалары бойынша ресей рублі валютасында алу мүмкіндігі пайда болды және ресей рублінде төлем карталары қолданысқа енгізілді
  • 2011 жылғы 1 сәуірден бастап АҚШ доллары бойынша маркет-мейкер мәртебесі берілді
  • 2011 жылдың 1 мамырдан бастап өнімдік тізбеде «Жас жанұя» жаңа банктік ипотекалық өнім пайда болды
  • 2011 жылдың маусым айында Сбербанк және Атырау облысының әкімдігі стратегиялық серіктестік меморандумға қол қойды
  • 2011 жылдың маусым айында Сбербанк және Атырау облысының әкімдігі стратегиялық серіктестік меморандумға қол қойды
  • Сбербанк «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-ның 2 пешінің құрылысын қаржыландырды
  • Сбербанк «SONIK» компаниясы» ЖШС-ның бейінді құбырларды өндіру зауытының құрылысын қаржыландырды
  • 2011 жылдың шілде айында «Кең дала» БО жаңа пішіміндегі Сбербанк Операциялық залының салтанатты ашылуы өтті. ​

          

  • Сбербанк «АСТАНА» ЖЗҚ АҚ-мен айрықша стратегиялық серіктестік туралы келісім жасады
  • Сбербанк қос мерейтойын атап өтті: Ресей Сбербанктің 170 жылдығы және Қазақстанда 5 жыл қатысуы
  • Сбербанк «Сарапшы-100 Қазақстан» III Экономикалық форумда «Ең динамикалық банк» номинациясында жеңімпаз болып аттанды. Бұл Банктің осы номинациядағы екінші ұтысы
  • Ресей Сбербанкі, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ және Қазақстандағы Сбербанк арасында жалпы сомасы 442 млрд теңгеге (3 млрд АҚШ доллары) ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды

           

  • Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Сбербанкке жалпы сомасы 20,0 млрд. теңгеге реттелген облигацияларды бірінші рет шығаруына  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен тіркелген 2011 жылғы 13 желтоқсандағы №Е01-1 Екінші облигациялық бағдарлама аясында жергілікті валютада 'BB+' ұзақ мерзімді рейтингтерін және 'AA-(kaz)' ұлттық ұзақ мерзімді рейтингтерін берді. Екі рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты»
Алматы