О банке

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

2012 жылдың басты оқиғалары

Сбербанк көрсеткіштерін жақсартады

  • 2012 жылы Сбербанктің 2015 жылға дейін даму стратегиясы мерзімінен бұрын орындалды. Банк нарықтың  5% астам үлесіне қол жеткізді және Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің арасында активтер мөлшері бойынша алтыншы орынға ие болды (2011 жылы ҚР ЕДБ арасында активтер мөлшері бойынша 7 орында болды).
  • 2012 жылғы 21 ақпанда Сбербанк
  • KASE 16 ақпанда өз KZP01Y07E018 (KZ2C00001725) облигацияларының 10, 0 млрд. орналастырды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен тіркелген 2011 жылғы 13 желтоқсандағы Екінші облигациялық бағдарлама аясында Банктің  KZP01Y07E018 (TXBNb6) Бірінші шығарылымның облигацияларын орналастыру бойынша 2012 жылғы 16 ақпанда «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда жүйесінде мамандырылған сауда-саттық жүргізілді.
  • 2012 жылдың шілде айының соңында 2 миллион жай акцияларын сәтті орналастыру нәтижесінде Сбербанктің меншікті капиталы рекордтық 15 млрд. теңгеге ұлғайды.
  • Акционерлік капиталдың ұлғаюы нарықта заңды, сондай-ақ жеке тұлғаларға кредит беру бөлігінде қатысуын ұлғайтуға мүмкіндік берді.  Капиталды толықтыру капиталдың жеткілікті көрсеткіштерінің арттыруына жеткізді, бұл стратегиямен көзделген бизнестің қажетті өсу қарқынын қамтамасыз етті.
  • 2012 жылғы 1 тамызда Сбербанк Банк акционерлеріне жазылу тәсілімен 9 жәй акцияларын орналастыру жөнінде хабарлады. ҰСН KZ1С37080013. Банктің акцияларын шығару  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен 18.04.2012 ж. тіркелді және 18 000 000 (он сегіз миллион) жәй акцияларға бөлінді. 2012 жылдың I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Сбербанк активтері 24% ұлғайды және нарық бойынша жалпы активтерінің өсуінің ең көп динамикасын көрсетіп,  612 млрд теңгеден артылып түсті. 2012 жылғы 25 желтоқсанда Сбербанк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен 2012 жылғы 14 желтоқсанда 20,0 млрд теңге сомасына Екінші облигациялық бағдарлама аясында қамтамасыз етуінсіз Екінші атаулы купондық облигациялардың шығыруын тіркегендігі жөнінде хабарлады, оған KZP02Y05E010 ұлттық сәйкестендіруші код берілді.
  • Шығару Е01-2 нөмірімен эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіміне енгізілді.

Сбербанк серіктестер тобын ұлғайтады

  • 2012 жылдың басы Банк үшін Сбербанк және Павлодар облысының әкімдігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуымен есте қалды, осы оқиға Банкпен 2012 жылы жасалған серіктестік келісімдерінің кең қатарының тізімінде алғашқысы болды. Көрсетілген меморандум облыстың әлеуметтік-экономикалық  бағдарламаларын іске асыру аясында стратегиялық серіктестіктің дамуын қарастырады.
  • 2012 жылғы 29 наурызда Сбербанк Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен серіктестік туралы меморандумға қол қойды. 2012 жылғы 18 қыркүйекте IХ Қазақстан мен Ресей аймақаралық серіктстік форумы шеңберінде Сбербанк және «Даму» КДҚ» АҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, оның аясында кәсіпкерлерге 10 млрд. теңге сомасына қаржыландыру ұсынылды.
  • 2012 жылдың қараша айында Сбербанк Эксперт-100-Қазақстан IV экономикалық форумның бас серіктесі болды. Форумға  премьер-министр Серік Ахметов, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов, премьер-министрдің орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, «Самырұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шукеев, Сбербанктің Басқарма Төрағасы Александр Камалов, ұлттық холдингтер, банктер, ірі жеке компаниялардың өкілдері, сарапшылар мен талдаушылар қатысты.
  • 2012 жылғы желтоқсан айында Сбербанк Азия даму банкімен (АДБ) сауда қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.

Сбербанк инновацияларды енгізеді.

  • 2012 жылдың мамыр айының басында Сбербанк банкоматтар мен POS-терминалдары желісінде қызмет көрсету кезінде қауіпсіздікті ұлғайту мақсатында Сбербанктің банкоматтары мен POS-терминалдары желісінде чиптік технологияларға өтуі жүзеге асырылды.
  • 2012 жылғы 5 шілдеде Сбербанк жеке тұлғалар үшін "Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг" қызмет көрсету жүйесін іске қосты.
  • 2012 жылғы 12 қазанда Сбербанк және Visa әлемдегі ең бірінші гауһар тастары бар таза алтыннан жасалған Visa Infinite Exclusive картасын ұсынды. Visa Infinite Exclusive картасының лимиттелген сериясы Қазақстан нарығындағы ерекше ұсынысы болып табылады. Карталар 26 гауһар тастары бар таза алтыннан жасалған және седеп соғылып толықтырылған. Visa Infinite Exclusive картасының иелері үшін көзделген қызметтер пакеті мен артықшылықтар ең талғампаз клиенттердің сұрауларын қанағаттандырады. 

          

  • 2012 жылдың қазан айының соңында Сбербанк «Сбербанктің кредит картасы» атты жаңа өнімді ұсынды.
  • 2012 жылғы 1 қарашадан бастап Сбербанк өз клиенттері үшін Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг қашықтықтан қызмет көрсету жүйесінде Қазақстан Республикасының жетекші операторлар мен қызмет провайдерлерінің атына төлемдерді жүргізуге мүмкіндік берді.
  • 2012 жылдың желтоқсан айының соңында Сбербанк MasterCard International халықаралық төлем жүйесінің Принципалдық мүшесі бола тұра, MasterCard халықаралық төлем жүйесінде төлем карточкалардың эмиссиясы мен эквайринг сертификациясын аяқтады! 2012 жылғы 19 желтоқсаннан бастап Сбербанк MasterCard Int. төлем жүйесінің логотипімен Maestro, MasterCard Standard, MasterCard Gold, MasterCard Platinum и MasterCard Business санаттағы төлем карточкаларының эмиссиясына кірісті. 

Сбербанк корпоративтік блокты дамытады

  • 2012 жылдың ақпан айының соңында «Сбербанк России» ААҚ Қазақстандағы Сбербанктің ұйымдастырушылық қолдауымен феррохром шығаратын және темір кенді өндіретін әлем нарығындағы көсбасшылардың бірі болып табылатын ENRС тобына 5 жыл мерзімге 2 млрд. АҚШ доллары сомасына кредиттік желі ашты.
  • 2012 жылдың маусым айында Әлемдік банк тобына кіретін IFC экспорт және импортпен айналысатын жеке қазақстандық компаниялар үшін жаңа нарықтарға қолжетімділікті жақсарту мақсатында Сбербанктің сауда қаржыландыру желісін ұсынды. 2012 жылғы қыркүйек айында Сбербанк және «PNB» - Казахстан» ЕБ» Қазақстандағы ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастық жөнінде келісті. Екі банктің бірінші ортақ жобасы Ramada халықаралық желісінің қонақүй кешенін салу бойынша «Salem Hotel Management» ЖШС инвестициялық жобасы болды. 2012 жылғы қазан айының басында Сбербанк Украинадағы газ терминалының ашылуын қаржыландырды. Жобаның жалпы сомасы   $23,5 млн, оның $12,014 млн Сбербанкпен ұсынылды.
  • 2012 жылғы қараша айының соңында Қазақстанда мұнай мен газды зерттеу мен өндіру бойынша мамандырылған «Макс Петролеум» компаниясы (Max Petroleum) өзінің берешегін қайта құрылымдастыру мақсатында Сбербанкпен 90 миллион АҚШ доллары сомасына талап ету басымдылық құқығымен қамтамасыз ету арқылы кредиттік желі беру туралы келісім жасады.

Сбербанк желіні ұлғайтады

  • Сбербанктің алтыншы бөлімшесі Атырау қаласында 2012 жылғы 23 ақпанда ашылды.
  • 2012 жылғы 24 мамырда Астанада астананың іскерлік орталығында «Санкт-Петербург» жаңа флагмандық бөлімшесі ашылды. 

          

  • 2012 жылғы 7 қыркүйекте Семей қаласында Сбербанк Өскемен қ. қалалық филиалының «Семей» жаңа бөлімшесінің ашылуының салтанатты рәсімі өтті.
  • 18 қыркүйекте Павлодар қаласында Сбербанк филиалының жаңа офисі ашылды.
  • 14 желтоқсанда Алматыда жаңа пішіміндегі Алматы қ. «Жетісу-4» Сбербанк филиалының ФҚБ жаңа бөлімшесі ашылды.

Сбербанк жүлделер алады

  • 2012 жылғы 1 наурызда Сбербанк «ҚР аумағындағы жұмыс беруші ең үздік трансұлттық компания» номинациясы бойынша «Сенiм 2011» конкурсының жеңімпазы аттанды.
  • 2012 жылы Қазақстан аумағында ең үздік жұмыс берушілерін анықтайтын «Сенім 2011» конкурсы екінші рет жүргізілді. Оның мақсаты қызметкерлердің және халықтың ең үздік жұмыс берушілер ретінде жалпы сенім артатын компанияларды анықтау және ынталандыру болып табылады.
  • Алматы қаласында өткен I практикалық конференциясында «Жылдық есеп: көшбасшылар тәжірибесі және жаңа стандарттар» I практикалық конференциясында «Эксперт РА Казахстан» рейтингтік агенттігімен ұйымдастырылған II жыл сайынғы есептердің жыл сайынғы конкурсының қорытындысы бойынша Сбербанк «Ең үздік интерактивтік есеп» номинациясында диплом алды.

Сбербанк көмектеседі

  • 2012 жылғы 3 мамырда Сбербанк Марат Бисенғалиевтың қайырымдылық концертінде демеуші болды, соның нәтижесінде 17 млн. теңгеден астам қаражат жиналды. Концерт  «Аяла» «Дыши, малыш» қорының жобасы аясында ұйымдастырылған және барлық жиналған қаражат Қызылорда облыстық перинаталдық орталықтың балалар реанимация бөлімін жабдықтауға бағытталды.

          

  • Жеңіс күні қарсанында Сбербанктің Орталық офисі Ұлы отан соғысының ардагерлерін құттықтау бойынша ауқымды шара жүргізді. Астана және Алматыдағы Сбербанктің қызметкерлері  «Аяла» «Дыши, малыш» қорының жобасы аясында жыл сайынғы қайырымдылық марафонына қатысты.
  • Білім күні қарсанында Сбербанк «Алақай! Мен мектепке барамын!» атты қайырымдылық акциясын жүргізді және Балалар үйінің бірінші сыныпқа баратын тәрбиеленушілерін, тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан балаларды құттықтады. Бүкіл Қазақстан бойынша мыңнан астам бала мектепке қажетті заттары бар мектеп арқа қоржындарын сыйға алды. 

          

  • 2012 жылғы 30 қазанда Сбербанктің «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы іске қосылды. Осы жылы жыл сайынғы акция Құрбан айт мерекесіне түсті және бүкіл Қазақстан бойынша балалар үйлердің және интернаттардың мыңдаған тәрбиеленушілері Сбербанк басшылығы мен қызметкерлері тарапынан сыйлықтар алды.  
Алматы