О банке

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

2013 жылдың басты оқиғалары

  • 2013 жылдың қаңтар айында Ресей Сбербанкінің Еншілес банкіне бағалы қағаздар нарығында кастодиалдық қызметін қоса 18.01.2013 ж. № 1.2.199/93/31 бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия берілді;
  • 2013 жылғы ақпан айында «Қазақстан Қор биржасы» АҚ Екінші облигациялық бағдарлама аясында Сбербанк облигацияларының екінші шығарылымын орналастыру бойынша мамандырылған сауда-саттық жүргізілді. Сауда-саттық қорытындысы бойынша Сбербанк 1,5 млрд. облигацияларды орналастырды, бұл ретте тарту сомасы кемінде жылдық 7% орташа өлшенген табыстылық бойынша 1 514 875 000 теңгені құрады;
  • 2013 жылғы наурыз айында Алматы облысының Талғар қ. «Magnum Cash&Carry» жаңа сауда кешенінің салтанатты ашылуы өтті. Қазақстан Республикасының ең ірі бөлшек желілердің бірі болып табылатын жаңа дүкеннің құрылысын Сбербанк қаржыландырды, ол осы жобаға 2 млрд. теңгеден астам бағыттады;
  • 2013 жылғы наурыз айында «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда желісінде Сбербанктің Екінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде Бірінші облигацияларды шығаруды қосымша орналастыру бойынша мамандырылған сауда-саттық жүргізілді. Тартудың жалпы көлемі 3,66 млрд. теңге сомасынан асып түсті;
  • Сбербанк Словакияның экспорт-импорт банкімен (EXIMBANKA SR) ынтымақтастық туралы келісім жасады. Құжат екі қаржы ұйымның қолдау көрсетуге, сауда қабілеттігіне және Банк клиенттері арасында экономикалық ынтымақтастықтың өзге түрлеріне шақыратын ынтымақтастығын көздейді;
  • 2013 жылғы наурыз айында Астана қаласында Сбербанк және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасында Моноқалаларды дамыту 2012-2020 бағдарламасы аясында өз қызметін моноқалаларда жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін кредит сыйақысы бойынша ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды;
  •  2013 жылғы наурыз айында «Қазақстан қор биржасы» АҚ Алматы қаласында 2012 жылғы биржаның ең үздік мүшелерін анықтады. Сбербанк жоғары сыйлықақы – алтын диплом мен «Мемлекеттік бағалы қағаздардың биржа нарығының көшбасшысы» дәрежесіне ие болды;
  • Сбербанк Қарағанды қ. электр қуатының басты жеткізушісі «Қарағанды-Жарық» ЖШС-ның инвестициялық жобасын қаржыландыруына қатысты;
  • 2013 жылғы сәуір айында 5 жыл жұмыс үзілісінен кейін «Бірінші сыра зауытының» өндірісі іске қосылды. Зауыттың қаржылық серіктесі Сбербанк болды;
  • 2013 жылғы мамыр айында Атырау қаласында Сбербанк және «Ұлттық индустриалдық мұнайхимиялық технопаркі» арнайы экономикалық аумағының басқарушы компаниясы» АҚ («ҰИМТ» АЭА)  филиалдары арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды;
  • «Сбербанк России» ААҚ Қазақстандағы Сбербанктің тікелей қатысуымен 50 млн. АҚШ доллары сомасына  «Холдинг «Казэкспортастық»  АҚ ірі қазақстандық астық кәсіпорынды қаржыландырды;
  • 2013 жылғы мамыр айында Сбербанк России Президенті, Басқарма Төрағасы Герман Греф «Қазақстан Республикасы - 2020 инновациялық технологиялық дамыту» тақырыбына Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 26 пленарлық отырысына қатысты;
  • Сбербанк Халықаралық қаржы корпорациясымен келісімге қол қойды, соған сәйкес  IFC банкке шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау үшін банкке заем береді;
  • Сбербанк және «Қазақстан даму банкі» АҚ (ҚДБ) инвестициялық жобаларды ортақ қаржыландыру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оның аясында 55,3 млрд. теңге сомасына рельс бөрене зауытының құрылысы бойынша «Ақтөбе рельс бөрене зауыты» ЖШС жобасын қаржыландырды;
  • 2013 жылғы маусым айында Сбербанк «Expo-Russia Kazakhstan» Төртінші жыл сайынғы халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне және Қазақстан мен Ресей Сауда-өнеркәсіптік палаталары мен ТМД ел-қатысушыларының Сауда-өнеркәсіптік палаталарының Сауда-өнеркәсіптік басшылары кеңесінің бақылауымен өткен екінші Алматы бизнес-форумына қатысты;
  • 2013 жылдың маусым айында «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда жүйесінде Сбербанктің Екінші облигациялық бағдарламасы аясында екінші облигациялар шығарылымын орналастыру бойынша мамандырылған сауда-саттық өткізілді. Сауда-саттық нәтижесі бойынша Сбербанк 5 661 500 000 облигация орналастырды,  осылайша жоспарланған 661 500 000 орналастыру облигацияларының көлемін артты. Тарту сомасы кемінде жылдық 7% орташа өлшенген табыстылық бойынша 5 664 983 395,15 теңгені құрады;
  • 2013 жылдың маусым айында Алматы қаласындағы Сбербанктің жаңа екі бөлімшесі ашылды;
  •  Қарағанды қаласында Сбербанк филиалының заманауи офисі ашылды. Енді Қарағандыда клиенттер үшін Сбербанк филиалы мен төрт бөлімшесі жұмыс істейді;
  • Сбербанк Қазақстан аумағында төртінші ұрпағындағы байланысты енгізу бойынша  «Алтел» АҚ ALTEL4G  («Қазақтелеком» АҚ еншілес ұйымы) жобасын қаржыландыруға қатысты. Қаржыландыру компанияға құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге, Қазақстанда 4G/LTE жобасын дамыту аясында жабдықты сатып алуға мүмкіндік берді.
Алматы