О банке

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

2014 жылдың басты оқиғалары

Сбербанк көрсеткіштерді жақсартады

  • 2014 жылдың қаңтар айында Сбербанк KASE-де өзінің 29, 8 млрд облигацияларын орналастырды. Екінші облигациялық бағдарлама аясында Банктің төртінші шығарылымын (ҰСН KZP04Y07E012) орналастыру бойынша мамандырылған сауда-саттық 2014 жылғы 17 қаңтарда «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда жүйесінде өткізілді. Облигацияларды сатып алуға берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 10,18 млрд. теңгені құрады, осылайша сұраныс жоспарланған орналастыру көлемі екі есе артты.
  • 2014 жылғы 12 ақпанда Сбербанк 2013 жылдың қорытындысын шығарды. 2013 жылдың қорытындысы бойынша Сбербанк барлық көрсеткіштердің динамикалық өсуін көрсетті. Банк активтері 40% көп ұлғайды және 1, 035 трлн. теңгені құрады. Қазақстандағы Сбербанктің сенімділігі мен тұрақты өсуін Moody's және Fitch рейтингтері растайды – банк осы көрсеткіш бойынша республиканың қаржы институттарының арасында TOP- 3 кіреді.
  • 2014 жылғы 29 тамызда бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Сбербанк активтерін 30,3%  ұлғайтты. ҚЕХС есептілігіне сәйкес Сбербанк активтері 1 триллион 346 миллиард теңгені құрады.
  • 2014 жылғы 25 қыркүйекте Сбербанкке қытай юані бойынша маркет-мейкер дәрежесі берілді. 2014 жылғы 25 қыркүйекте KASE-де қытай юані/қазақстандық теңге қос валютаның биржалық сауда-саттықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қазақстан Қор биржасы Басқармасының шешімімен Сбербанкке қытай юані бойынша маркет-мейкер дәрежесі берілді. Бұл жоғары сенімділік пен банкті қазақстандық валюталық нарық көсбасшылардың бірі ретінде тануды білдіреді.

Сбербанк серіктестер тізімін ұлғайтады​

  • 2014 жылғы ақпан айында Астана қаласында Сбербанк және Еуропа инвестициялық банк арасында заем туралы өтінішке қол қойылды. Аталған жоба аясында ЕИБ Сбербанкке Қазақстандағы ШОБ дамуына жалпы сомасы 100 миллион еуроға кредит берді.
  • 2014 жылғы 4 наурызда Алматы қаласы әкімі  Ахметжан Есимов және Сбербанктің Басқарма Төрағасы Александр Камаловтың кездесуі өтті. Кездесу аясында ынтымақтастықтың жаңа бағыттары белгіленді.
  • 2014 жылғы 8 сәуірде Сбербанк және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Алматы қ. әкімдігінің қолдауымен «Бизнес Алматы: бүгін және ертең» Бизнес-диалогын жүргізді. Еліміздің жетекші бизнесмендері, банкирлер мен мемлекеттік органдарының өкілдері Алматы қаласының шағын және орта бизнесінің өзекті мәселелерін талқылау үшін және серіктестіктің жаңа бағыттарын дамыту үшін кездесті.
  • 2014 жылғы 8 сәуірде Сбербанк және «Даму» КДҚ Алматы қ. жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында екі басты бағыттар бекітілді. Бұл Сбербанктің Алматы қ. жаңа Бизнесті дамыту орталығы негізінде тығыз ынтамақтастық ету, сондай-ақ жаңа бірлескен өнім - «Сбербанк Start up» бастапқы бизнесті арнайы кредиттеу бағдарламасын іске қосу мен жүзеге асыру.
  • 2014 жылғы 18 сәуірде Сбербанк және «Даму» КДҚ ШОБ субъектілерін қаржыландыру үшін 6 млрд. теңгеге кредиттік келісімге қол қойды.
  • Қаражат Ұлттық қордан бөлінді және еліміздің экономикасын дамытуға бағытталған 1 триллион теңгені құрайтын бірінші транш болып табылады.
  • 2014 жылғы 5 маусымда Сбербанк Алматы қ. өткен Халықаралық Аймақаралық ШОБ компанияларының басшылар конгрессінің серіктесі ретінде аттанды. Іс-шара кәсіпкерлер, қаржы ұйымдар мен көпшілік және мемлекеттік құрылымдар өкілдері арасында диалог алаңын құруға бағытталған.
  • 2014 жылғы 12 маусымда Сбербанк және «Астана ЭКСПО 2017» ҰК ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға Қазақстан Республикасның Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27 Пленарлық отырысы аясында қол қойылды. Қол қою кезінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Карим Масимов, Президент, Ресей Сбербанкінің Басқарма Төрағасы Герман Греф, Сбербанктің Басқарма Төрағасы Александр Камалов, «Астана ЭКСПО 2017» Ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Талгат Ермегияев қатысты.
  • 2014 жылғы 12 маусымда Сбербанк және «Қазақстан темiр жолы»  Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасның Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27 Пленарлық отырысы аясында меморандум жасады. Меморандумның мәні мемлекеттік жеке серіктестік саласында қаржыландыруды ұйымдастыру, қолдау және ҚТЖ Компания топтарының жобаларын қаржыландыру болып табылады.
  • 2014 жылғы 31 шілдеде Сбербанк 15,7 миллиард теңгеге еліміздің индустриалдық-инновациялық жобаларын қаржыландырды.
  • Машина жасау,  металлургия, химия, мұнай химия, тамақ өнеркәсібі салаларындағы жобалар қаржыландырылды.
  • 2014 жылғы 5 тамызда Сбербанк Астана мен Қостанай қалаларында «Астана Моторс» ҚМК автоорталықтарының құрылысын қаржыландырды. Ұзақ мерзімді инвестициялардың жалпы сомасы 750 миллион теңгені құрады. 2014 жылғы 21 қазанда Сбербанк UnionPay төлем жүйесінің қатысушысы болды. Сбербанк және Union Pay International компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Бас келісімге қол қойылды. Құжатқа Сбербанктің Төрағасы Александр Камалов және Union Pay International Вице-президенті Цай Цзяньбо қол қойды.
  • 2014 жылғы 21 қазанда Сбербанк «БИПЭК АВТО» ынтымақтастық ете отырып, 8,2 миллиард теңгеге автокредиттер берді. Сбербанк және «БИПЭК АВТО Қазақстан» компания тобының арнайы серіктестік автокредиттеу бағдарламасы 2014 жылғы сәуір айынын бастап қолданылады. Осы уақыт ішінде шамасымен төрт мың клиент 8.2 миллиард теңге сомасына кредит алды.

Сбербанк инновацияларды енгізеді

  • 2014 жылғы 23 сәуірде Сбербанк  Алматы қ. Клиенттік операцияларды жеке демеу орталығын іске қосты. КОДО клиенттердің операцияларын үздіксіз және барынша тиімді орталықтандырылған демеуді қамтамасыз ету және клиенттердің ұлғайып келетін үміттерін қанағаттандыру мақсатында құрылды.
  • 2014 жылғы 21 тамызда Сбербанк кредиттеудің бизнес-үдерістерінде алаяқтықтың алдын алу бойынша АС «Нunter» технологиясын енгізді.

Сбербанк корпоративтік блокты дамытады​

  • 2014 жылғы 30 қаңтарда «Сбербанк России» ЖАҚ 3 жыл мерзімге $ 200 млн. сомасына «Матен Петролеум» АҚ қазақстандық мұнай өндіру компаниясы үшін қаржыландыруды ұйымдастырды. Мәмілені жүзеге асыруда Қазақстандағы Сбербанктің Еншілес банкі және Sberbank CIB қатысты.
  • Сбербанк жалпы сомасы $90 млн. айналымдағы қаражатты толықтыруға «КазСтройСервис» МГҚК АҚ кредиттік желісінің мерзімін ұзартатын келісіміне қол қойды.
  • Sberbank CIB 30 млрд. теңге сомасына 5 жыл мерзімге банктік кепілдіктерді ұсынуға лимит ашты.
  • 2014 жылғы наурыз айында Сбербанк «Даму» қорымен бірге Қазақстанда әйел кәсіпкерлігінің жобаларын дамыту үшін 500 млн. теңге бөлді.
  • 2014 жылғы сәуір айында Сбербанк «Астана Моторс» ҚМК кәсіпорында өндірістің ұлғаюын қаржыландырды.
  • Жобаға қолдау «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау көрсетілді. Бұдан басқа, Сбербанк «Астана Моторс» құрамына кіретін «Hyundai Auto Truck & Bus» және «Hyundai Auto Кazakhstan» компаниясына кредит берді. Инвестициялардың жалпы сомасы 12,6 млрд. теңгеден көп болды.
  • 2014 жылғы мамыр айында Сбербанк ЕДБ арасында ШОБ қолдау үшін Ұлттық қормен бөлінген қаражаттарға бизнес-жобаны қаржыландырды. Кредит алған бірінші жоба ШОБ қолдау үшін Ұлттық қормен бөлінген қаражаттан бірінші транш аясында Сбербанк қаржыландырған «Globus Plus» ЖШС болды.
  • 2014 жылғы 1 шілдеде Сбербанк Қазақстандағы кондитерлік, ұн тартатын және крахмал өнімдерін шығару бойынша үздік кәсіпорындарының бірі «KazFoodProducts» компаниялар тобына 6,1 миллиард теңге сомасына кредиттік желі ашты.
  • 2014 жылғы 10 қазанда Сбербанк SIBOS 2014 форумында. Өткен аптада АҚШ, Бостон қаласында SWIFT ұйымдастырған жыл сайынғы SIBOS форумы өтті. Сбербанк Тобы туралы және бизнес кездесулер өткен орындар туралы ақпаратпен танысуға болатын стенд – павильонды Сбербанк ұйымдастырды.
  • 2014 жылғы 30 қазанда Sberbank CIB Сбербанктің Қазақстандағы еншілес банкімен бірлесе отырып «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ (Қазақстан Республикасы) үшін 10 жыл мерзімге $ 400 млн сомаға қаржыландыруды ұйымдастырды. Кредиттік қаражат  «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС-ны (Шымкент мұнай өңдеу зауыты) жаңғырту жобасын қаржыландыруға бағытталады.
  • 2014 жылғы 11 желтоқсанда Сбербанк «Даму» қорымен кредиттік келісімге қол қойды.
  • Сбербанк және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры 4 миллиард теңгеге кредиттік келісімге қол қойды, қаражат өңдеу өнеркәсібі және қызметтер саласында шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға бағытталады.

Сбербанк желіні кеңейтеді ​

  • 2014 жылғы 31 қаңтарда Сбербанк Қазақстан аумағында Көкшетау қаласындағы он бесінші филиалды ашу туралы хабарлады. Сбербанктің Көкшетау қаласында ашылуы банктің аймақтық желісін кеңейту бойынша стратегиялық жоспарын сәтті жүзеге асырылып жатқандығын куәландырады.

Сбербанк жүлделерге ие болды​

  • 2014 жылдың қаңтар айында Сбербанктің Тараз қаласындағы филиалы ресми ашылуынан кейін бар-жоғы бір айдан соң «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен кәсіпкерлерді қаржыландыру көлемі бойынша үздік банк болып танылды. Сбербанкке осы жоғары бағаны Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық дамыту басқармасы табыс етті.
  • 2014 жылғы ақпан айында Сбербанк Euromoney журналының нұсқасымен Қазақстанда Private Banking and Wealth Management Survey 2014 рейтингінің Best private banking services overall номинациясы бойынша ең үздік аттанды.
  • 2014 жылғы ақпан айында Сбербанк Forbes Kazakhstan пікірінше қазақстандық банктер арасында төзімділік бойынша ең үздік аттанды. Рейтинг өтімділік көрсеткіші, активтердің сапасы көрсеткіші, капиталандыру көрсеткіші және бизнесті басқару тиімділігінің көрсеткіші сияқты топтардың бірнеше коэффициенттерінің нақты мөлшерін есептеу негізінде құрылған.
  • 2014 жылғы 26 ақпанда «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры Сбербанкке 2013 жылдың қорытындысы бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыруда ең үздік банк деген атақ берді.
  • 2015 жылғы 24 ақпанда Сбербанк «Даму» қорынан бірден үш жүлде алды. Сбербанк «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында субсидиялау бойынша Ең үздік банк номинациясы бойынша, «Кепілдігі бар ең үздік өнім» номинациясы бойынша жеңімпаз аттанды, сондай-ақ «Табыс кепілдендірілді!» акциясының нәтижесі бойынша үздіктілердің қатарына кірді.
  • 2015 жылғы 17 сәуір. Сбербанк жылдың соңына дейін Қазақстандағы түрік компанияларына 500 миллион теңге қаржы құяды. Түркия президенті Реджеп Эрдоган Қазақстанға ресми іс-сапары аясында Астанада өткен Қазақ-Түрік инвестициялық форумы кезінде «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ және Сбербанк арасында Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын түрік компанияларды қаржыландыру саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.    

Сбербанк қоғамдық өміріне белсенді қатысады​

  • 2014 жылғы 21 мамырда Сбербанк Астанада Пенсильвания университетінің қарамағындағы Уортон бизнес мектебінің оқытушысы Энни Маккидің дәрісін ұйымдастырды. Энни Макки Nazarbayev University «Бизнес-жетекшілік. Білім сізге қалай қажетті нәтижені бере алады» тақырыбы бойынша дәріс оқыды. Белгілі дәріс берушіні тыңдауға университет студенттері, «Болашақ» қорының шәкіртақысын алушылар, ұлттық компаниялардың қызметкерлері, БАҚ өкілдері келді.
  • 2014 жылғы 7 маусымда Сбербанк Қазақстанда алғашқы рет «Жасыл марафонды» өткізді. Осындай ірі көлемді спорт-экологиялық акциясы Сбербанктің бастамасы бойынша Ресейдің 42 қалаларында үшінші жыл өткізіліп жатыр. Жоба халықты спортпен шұғылдануға  тарту және экологиялық мәселеге көңіл бөлу мақсатында әзірленген. «Жасыл марафон» еліміздің екі қаласында – Павлодар мен Өскеменде өтті.
  • 2014 жылғы 20 маусымда Алматыда «Сау болу сәнді» ұранымен Жазғы Сбербанкиада өтті. Сбербанкиадаға банктің 500 жуық қызметкері қатысты.
  • 2014 жылғы 17 шілдеде Герман Греф Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасына              Д. Коллинздің «Ұлылыққа ұштасқан игілік» атты бизнес-бестселлерінің қазақ тіліндегі эксклюзивті нұсқасын сыйға тартты.
  • 2015 жылғы 21 сәуірде Сбербанк «Startup «Bolashak» бағдарламасының аясында жас кәсіпкерлерге 15 миллион теңге көлемінде қаржы бөлді. Жас кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Сбербанк және «Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Сбербанктің Басқарма Төрағасының орынбасары Ельдар Тенизбаев  және «Болашақ» қауымдастығының Төрағасы Қуандық  Бишимбаев қол қойды.
Алматы