О банке

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Даму стратегиясы

«Жинақ банкі» АҚ ЕБ-нің 2021-2023 жылдарға арналған даму стратегиясы 

Корпоративтік бизнес

Банктің 2021-2023 жылдарға арналған Даму стратегиясының корпоративтік бизнестегі басым міндеттері келесілер болып табылады:

  • ЗТ/ЖК белсенді клиенттерінің өсуі;
  • Қаржы өнімдерін дамыту;
  • Қашықтықтан қызмет көрсету арналарын дамыту;
  • Цифрлық қызмет көрсету арналарын дамыту;
  • Электрондық коммерцияны дамыту;
  • Мемлекеттік компаниялармен қарым-қатынастарды дамыту;
  • Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектормен және коммерциялық ұйымдармен серіктестік компанияларды дамыту;
  • ҚР нарығында жетекші және тұрақты қаржы институттарының бірі ретінде позицияларды нығайту.

Банктің корпоративтік бизнесі үш негізгі клиенттік сегментке бағдарланған: ірі, орта және микро-, шағын бизнес және ЗТ-ның белсенді клиенттік базасын табысты өсіруде және серіктестік желіні дамыту бойынша ауқымды жобалардың арқасында осы үрдісті сақтап қалуды жоспарлап отыр.


Бөлшек бизнес

Банктің 2021-2023 жылдарға арналған Даму стратегиясының бөлшек бизнестегі басым міндеттері келесілер болып табылады:

  • ЖТ белсенді клиенттерінің өсуі;
  • Трансшекаралық аударымдардағы көшбасшылық;
  • Кредиттік карталардағы көшбасшылық;
  • Автокредиттеудегі көшбасшылық;
  • Ипотекалық кредиттер бойынша Банктің нарықтағы үлесін ұлғайту;
  • ЖТ кредиттеу нарығындағы үлесті ұлғайту;
  • Қосымша сервистерді енгізу арқылы экожүйені дамыту.

Бөлшек бизнес стратегиясының мақсаты өмір мен отбасы үшін қаржылық платформа құрумен негізделеді, мұнда келесілерге назар бөлінетін болады: клиенттер өмірінің негізгі аспектілерінде озық позицияға қол жеткізу, клиенттік тәжірибе мен сату арналарын цифрландыру, бейілділіктің гибридті бағдарламасын дамыту, серіктестердің мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке секторлармен үздіксіз интеграциясымен технологиялық платформаны құру және деректерді байыту.


Технологиялық басымдылық

IT және AI трансформациясын дамыту дамудың негізгі векторлары болып табылады. IT-трансформациясы стратегиясындағы негізгі міндеттер келесілер болып табылады: цифрлық трансформация, экожүйенің біріктіруші элементтерін енгізу, жүйелердің сенімділігі мен киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету, әзірлеу мен тестілеудің барлық инфрақұрылымын бұлтқа көшіру, үздік IT командасын құру. AI трансформациясының негізгі міндеттері келесілер болып табылады: жасанды интеллектті дамыту, клиенттер туралы деректердің жаңа көздерін игеру және деректерді верификациялау, D-мамандарды (data scientists, data engineers, data analysts) тарту және оқыту, озық инфрақұрылымды енгізу, процестерді оңтайландыру.


Адами ресурстар

2021-2023 жылдарға арналған Даму стратегиясы шеңберінде Банк көшбасшылығының стратегиялық бағыттарының бірі Қазақстан Республикасының аумағында қаржы секторы компаниялары арасында персоналды басқарудағы көшбасшылық болып табылады. Стратегия аясында команданы дамыту келесі жолдармен жүзеге асырылады:

  • Қызметкердің жұмыстағы тәжірибесін жақсарту;
  • Болашақтың керемет мамандықтарын  дамыту, мансаптық ілгерілетудің үздік жүйесін құру;
  • Бірыңғай HR платформасын құру;
  • Еліміздің негізгі ЖОО-мен және серіктестермен тығыз жұмыс істеу.

Дамыту мен оқытуға қатысты стратегияның мақсаты оқытудың үздік жүйесін құру болып табылады. Мақсатқа қол жеткізу мынандай жолдармен жүзеге асырылады: тиімділікті арттыру үшін оқытудың жаңа форматтарын енгізу, басшылардың жаңа буынын негізгі құзыреттіліктермен оқыту, кейіннен кадр резервіне қосумен таланттарды анықтау және дамыту, периметр ішінде әлеуметтік оқыту мәдениетін қалыптастыру.

Нәтижеге бағытталған кәсіби, өршіл және процеске тартылған, талантты және тиімді қызметкерлер - осы күнге дейін Банктің негізгі капиталы болып келді және болып қала береді. Өз кезегінде, Банк пболашағы зор мамандарды тартуға және олардың әлеуетін ашуға бағытталған корпоративтік мәдениетті қалыптастыру арқылы өз қызметкерлерінің жұмысы үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға ұмтылады.


ESG бағыты

Банк «жасыл қаржыландыру», экологияны сақтау, корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілік бойынша ұстанымды белсенді қолдайды.  2020 жылы Банк ESG жаһандық қозғалысының бір бөлігіне айналды және ESG-дің келесі бағыттарын ұстанады:

  • Жауапты қаржыландыру;
  • Ресурстарды үнемдеу және қалдықтар;
  • Әлеуметтік жауапкершілік;
  • Корпоративтік жауапкершілік.

 

Алматы