О банке

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

ESG саясаты

«Сбербанк» АҚ ЕБ тұрақты даму және ESG (Environmental, Social, Governance) саласындағы стандарттар мен қағидаттарды, халықаралық және ұлттық нысандарға сәйкес толықтай қолдайды. Сондықтан, Банк, 2021 жылғы маусымда – «Сбербанк» АҚ ЕБ әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік, корпоративтік басқару және тұрақты даму саласындағы ашық саясатын бекітті.
Бұл саясат Банктің ESG және тұрақты даму саласындағы қызметке көзқарастарын жүйелейді, сонымен қатар Банктің негізгі қағидаттары мен міндеттерін, басқару жүйесін және мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу тәсілдерін бейнелейді.

Саясат ESG саласындағы негізгі жаһандық қағидаттарды, талаптарды және ережелерді ескере отырып әзірленді: БҰҰ-ның жаһандық келісім қағидаттары және жауапты банктік қызмет принциптері ЮНЕП қаржылық бастамасы (Principles for Responsible Banking UNEP FI):

• Банк барлық мүдделі тараптар үшін ұзақ мерзімді экономикалық құндылықты құрудың басымдығын басшылыққа алады;

• Банк өз қызметінде адам құқықтарының сақталуын, инклюзивтілігін, алуан түрлілікті, барлығына әділ және тең қарым-қатынасты қамтамасыз етеді;

• Банк қоршаған ортаға ықыласпен қарайды;

• Банк жауапты қаржыландыру тәжірибесін дамытады және ESG тәуекелдерін тиімді басқарады;

• Банк ықпал еткені үшін жауап береді, барлық қолданыстағы заңдарды сақтайды және өзіне жүктелген міндеттемелерді орындайды;

• Банк бизнестің этикалық тәсілдерін ұстанады және корпоративті басқарудың ең жақсы тәжірибесін енгізеді;

• Банк ақпараттық ашықтықты және айқындықты жетілдіреді.

Сонымен қатар, Банк 2015 жылы халықаралық деңгейде қабылданған және үкіметтердің, бизнес пен азаматтық күштерін үйлестіру үшін негіз болып табылатын БҰҰ-ның тиімді даму мақсаттарын (бұдан әрі - ТДМ) қоғам мен адамзаттың өзекті мәселелерін шешудегі маңыздылығын мүделлі етіп,  қол жеткізуге тырысады . Мұқият талдаулар негізінде, саясатта ТДМ-нің 13 басым бағыттары қамтылды, оларды іске асыру бойынша Банк өлшенетін үлес қоса алады:

1. Кедейлікті жою;

2. Денсаулықтың мығзымастығы мен саулылығы;

3. Сапалы білім беру;

4. Гендерлік теңдік;

5. Арзан және таза энергия;

6. Лайықты еңбек және экономикалық өсу;

7. Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым;

8. Теңсіздікті азайту;

9. Тұрақты қалалар мен елді мекендер;

10. Жауапты тұтыну және өндіріс;

11. Климаттың өзгеруімен күресу;

12. Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар;

13. Тұрақты даму үшін серіктестік.

Толығырақ ақпарат «Сбербанк» АҚ ЕБ әлеуметтік-экологиялық жауапкершілік, корпоративті басқару және тұрақты даму саласындағы саясаты туралы құжатында көрсетілген.

Алматы