О банке

в настоящий момент низкая загруженность

Ожидание ответа до 30 сек Ответим Вам прямо сейчас
Байланыстар
Алматы
+7 (727) 250-30-20 Қазақстан бойынша телефон соғу тегін

в настоящий момент низкая загруженность

Ожидание ответа до 30 сек

Ответим Вам прямо сейчас

5030 Сотовый

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік

 

"СБЕРБАНК" АҚ ЕБ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕМЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТІ

Қайырымдылық және демеушілік "Сбербанк" АҚ ЕБ корпоративтік мәдениетінің бөлігі және қоғам өміріне қатысудың дәстүрлі бағыттарының бірі болып табылады. Банк мәдениетті, білім беруді қолдауды және халықтың аз қорғалған топтары - ҰОС ардагерлеріне, ауыр науқас балаларға, мүгедектерге қолдау көрсетуді  өзінің борышы және ардақты міндеті деп санайды. Сбербанк қайырымдылық қызметін бүкіл Қазақстан бойынша, атап айтқанда, өз қызметін жүзеге асыратын 17 аймақта жүргізеді.

Сбербанктің қайырымдылық қызметінің негізгі бағыттары:

  • "ҮЙ" ҚҚ-мен серіктестік жоба аясында ауыр науқас балаларға көмек көрсету;
  • халықтың қорғалмаған топтарын қолдау;
  • білім беру, өнер, мәдениет және спорт салаларындағы қызметке қолғабыс ету;

"Еркін Мейірімділік Қоғамы" Қоғамдық Қорымен ынтымақтастық

Сбербанк 2016 жылдан бастап ауыр науқас балалардың еміне материалдық көмек көрсету бойынша "Еркін Мейірімділік Қоғамы" ҚҚ-мен  ынтымақтасады. Банк "Балаларға Өмір сыйла" жобасы аясында балалардың еміне қаражат бөледі. Қор аталған қаражатты бөледі, кейіннен банкке оның қайда жіберілгені туралы есепті ұсынады.

Қамқорлықтағы балалар үйімен, тұрмысы төмен отбасылармен, ҰОС және еңбек майданы ардагерлерімен және өзге де халықтың қорғалмаған топтарының өкілдерімен жұмыс

Бүгінгі таңда, Сбербанк бүкіл Қазақстан бойынша 50-ден аса ұйымдарға көмек көрсетеді. Олардың қатарына балалар үйлері, жетімдер үйлері, интернаттар, түрлі ауытқушылықтары бар балалар үшін мектептер, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекемелер, сауықтыру және  кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары және өзге де қоғамдық ұйымдар кіреді.

Сбербанк  ҰОС ардагерлеріне тұрақты негізде материалдық қолдау көрсетіп тұрады. Банк өз қызметін жүзеге асыратын аймақтарда жылына екі рет - 9 мамыр және Жаңа жылда атаулы материалдық көмек көрсетіп және мерекелі іс-шаралар ұйымдастыра отырып 300-ден аса қамқорлықтағы  ҰОС және еңбек майданы ардагерлерін құттықтайды.

Сбербанк Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің "Мектепке барар жол" республикалық қайырымдылық акциясы аясында тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларынан шыққан, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ерекше қажеттіліктері бар бастауыш сынып оқушыларына қолдау көрсетеді.  

Мәдени және спорттық жобалар

Сбербанк мәдениет және өнерді дамытуға белсене қатысады. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Сбербанк М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының бас серіктесі болып табылады.

Жасыл марафон Сбербанк үшін ізгі дәстүрге айналды. Бұл спорттық-экологиялық акция халықты спортпен шұғылдануға тартуға, салауатты өмір салтына бейімдеуге, сондай-ақ экологияны жақсартуға және қоршаған ортаны жайландыруға назар аударуға шақырады. Марафон бағдарламасына 4,2 километр символикалық қашықтыққа спорттық жүгіріп өту кіреді, кейіннен қатысушылар саяжолда ағаштар отырғызады. Қазақстанда марафон 2014 жылдан бастап өткізіледі. Сбербанктің Жасыл марафоны планета экологиясына қосқан үлесі үшін БҰҰ-ның қоршаған орта бойынша марапатын алды.

Сбербанктің 2019 жылға дейінгі әлеуметтік саясатының концепциясы

Алматы

Қазақстан бойынша телефон соғу тегін +7 (727) 250-30-20
Сотовый 5030