..

в настоящий момент низкая загруженность

Ожидание ответа до 30 сек Ответим Вам прямо сейчас
Байланыстар
Алматы
Меню
+7 (727) 250-30-20 Қазақстан бойынша телефон соғу тегін

в настоящий момент низкая загруженность

Ожидание ответа до 30 сек

Ответим Вам прямо сейчас

5030 Сотовый

Skype-бот

ҚОЛДАНУ ТАЛАПТАРЫ

Осы Қолдану талаптарында «Сбербанктің виртуалды көмекшісі» Skype-бот сервисі туралы айтылады

«Сбербанктің виртуалды көмекшісі» Skype-ботын қолдану - Сіздің осы Қолдану талаптарымен келісетіңізді білдіреді. Егер Сіз осы Қолдану талаптарының кез келгенімен келіспейтін болсаңыз, онда «Сбербанктің виртуалды көмекшісі» Skype-ботын қолдану тоқтатуыңыз қажет.

СЕРВИС ТУРАЛЫ

«Сбербанктің виртуалды көмекшісі» Skype-боты - бұл Банк клиенттерімен хат алмасуға және оларға банктік өнімдер мен қызметтер, сондай-ақ ботты дамыту бойынша кеңес беруге арналған робот.

«Сбербанктің виртуалды көмекшісі» Skype-ботын өз контакттеріңіз тізіміне қосқан соң, ол Сіздің Skype терезеңізде көрінетін болады және оған әдеттегі пайдаланушы ретінде мәтіндік хабарламалар мен файлдар жолдауға болады.

«Сбербанктің виртуалды көмекшісі» Skype-боты клиенттің банкке жолдаған мәтіндік өтінішінің тақырыбын автоматты түрде анықтайды. Өтініш тақырыбын анықтаған соң «Сбербанктің виртуалды көмекшісі» Skype-боты алдын-ала дайындалған жауап шаблондарына сай клиентке автоматты түрде мәтіндік жауап ұсынады. Автоматты жауаптар режимі қарапайым немесе стандартты жауабы бар сұрақтар қойылған кезде қажет.

«Сбербанктің виртуалды көмекшісі» Skype-ботын Skype арқылы ғана қолдануға болады.

ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ

«Сбербанктің виртуалды көмекшісі» Skype-боты сіздің көрсетілген есіміңізге, сіз немесе өзге қатысушылар оған ұсынатын хабарламалар, суреттер, аудиожазбалар мен өзге контентке қолжетіділікке ие болады.

Сіздің «Сбербанктің виртуалды көмекшісі» Skype-ботын қолдану туралы шешіміңіз біздің келесі сілтеме бойынша жарияланған Құпиялылық саясатымыздың талаптарымен келісетіңізді білдіреді: («Құпиялылық саясаты»).

ҚОРЫТЫНДЫ

«Сбербанк» АҚ ЕБ Қызмет көрсету талаптарының бөліктерін өз қалауы бойынша кез келген уақытта, хабарландыра отырып немесе хабарландырмастан өзгерту, түрлендіру, жаңарту, толықтыру немесе алып тастау құқығын өзіне қалдырады. Сіздің Қызмет көрсету талаптарындағы кез келген өзгерістер жарияланғаннан кейін «Сбербанктің виртуалды көмекшісі» Skype-ботын әрі қарай қолдануыңыз осы өзгерістермен келіскеніңіз болып есептеледі.

Алматы

Қазақстан бойынша телефон соғу тегін +7 (727) 250-30-20
Сотовый 5030