..

в настоящий момент высокая загруженность

Ожидание ответа свыше 90 сек. Пожалуйста, перезвоните позднее
Байланыстар
Алматы
Меню
+7 (727) 250-30-20 Қазақстан бойынша телефон соғу тегін

в настоящий момент высокая загруженность

Ожидание ответа свыше 90 сек.

Пожалуйста, перезвоните позднее

5030 Сотовый
  • ..
  • Сбербанк пен Apple Pay картасы арқылы жылдам және қауіпсіз төлем жасаңыз

Сбербанк пен Apple Pay картасы арқылы жылдам және қауіпсіз төлем жасаңыз

Apple Pay —  iOS және macOS (iPhone, iPad, Apple Watch, Mac) операциялық жүйелері бар құрылғы пайдаланушыларына қолжетімді болып табылатын ыңғайлы, қауіпсіз және құпия төлем жасау тәсілі.

Сіз төлем жасаған кезде Apple Pay  Сіздің құрылғыңыздың жеке нөмірін және транзакцияның бірегей кодын қолданады. Картаңыздың толық нөмірі сатушыларға жіберілмейді және Сіздің құрылғыларыңызда немесе Apple серверлерінде сақталмайды. Сонымен қатар, Apple Pay  Сізді сәйкестендіріп анықтауға болатын транзакциялар бойынша ақпаратты сақтамайды, бұл арқылы сатып алудың құпиялылығы қамтамасыз етіледі.

Apple Pay Сіздің құрылғыңыздағы Touch ID немесе Face ID арқылы дүкендерде, қосымшаларда және веб-сайттарда оңай төлем жасауға мүмкіндік береді.

Apple Pay-ді қосу үшін қажет::

  1. iPhone, Apple Watch, iPad немесе Mac. Apple Pay-ге сәйкес келетін  құрылғылардвң толық тізімі

  2. Қосылған Touch ID немесе Face ID және iCloud-қа кіру

  3. Visa Electron/Instant және Mastercard Maestro карталарынан басқа Сбербанктің Visa және Masterсard карталары

Карталарын тегін жеткізу

Картаны Apple Pay-ге қосу өте оңай

Сбербанк Онлайн

  • Сбербанк Онлайн мобильді қосымшасына кіріңіз

  • Картаны таңдаңыз:

  • Картаны Wallet-ке қосыңыз

     

iPhone

  • Wallet қосымшасын ашыңыз.

  • Оң жақ жоғарғы бұрыштағы  «+» белгісіне басыңыз

  • Сіздің iTunes тіркеулік жазбаңызға бекітілген кредиттік немесе дебеттік картаны қосу үшін қауіпсіздік кодын енгізіңіз.

  • Немесе  "Басқа картаны қосу" деп таңдаңыз және оны  iPhone камерасы арқылы сканерлеңіз.

Apple Watch

  • iPhone-да Watch қосымшасын ашыңыз .

  • «Wallet және Apple Pay-ді» басып, "Кредиттік немесе дебеттік картаны қосу" деп таңдаңыз

  • Сіздің iTunes тіркеулік жазбаңызға бекітілген кредиттік немесе дебеттік картаны қосу үшін қауіпсіздік кодын енгізіңіз.

  • Немесе  "Басқа картаны қосу" деп таңдаңыз және оны  iPhone камерасы арқылы сканерлеңіз.

iPad

  • Баптауды ашыңыз

  • «Wallet және Apple Pay-ді» басып, "Кредиттік немесе дебеттік картаны қосу" деп таңдаңыз

  • Сіздің iTunes тіркеулік жазбаңызға бекітілген кредиттік немесе дебеттік картаны қосу үшін қауіпсіздік кодын енгізіңіз.

  • Немесе  "Басқа картаны қосу" деп таңдаңыз және оны  iPad камерасы арқылы сканерлеңіз.

MacBook Pro с Touch ID

  • Жүйелік баптауды ашыңыз

  • «Wallet және Apple Pay» бөліміне кіріп,«Картаны қосу» деп таңдаңыз.

  • Сіздің iTunes тіркеулік жазбаңызға бекітілген кредиттік немесе дебеттік картаны қосу үшін қауіпсіздік кодын енгізіңіз.

  • Немесе  "Басқа картаны қосу" деп таңдаңыз және оны  MacBook Pro камерасы арқылы сканерлеңіз.

Apple Pay арқылы қалай төлем жасауға болады?

Дүкендерде төлем жасау.

Apple Pay дүкендерде жылдам әрі оңай төлем жасауға мүмкіндік береді.  Үнемі өзіңізбен болатын iPhone және Apple Watch арқылы кассада төлем жасауға болады.

Егер Сіз төлем үшін  Face ID қолдансаңыз, iPhone-ның бүйір батырмасын екі рет басыңыз, экранға қараңыз да, құрылғыны терминалға жақындатыңыз. Ал егер Touch ID арқылы төлем жасасаңыз, саусағыңызбен тетікті басып тұрып, iPhone-ды терминалға жақындатыңыз.   Apple Watch-та бүйір батырманы екі рет басып, оны терминалға жақындатыңыз.

Қосымшаларда және веб-сайттарда төлем жасау.

Apple Pay  ғаламторда төлем жасаудың жылдам әрі қауіпсіз тәсілі болып табылады. Сізге төлем жасау үшін  енді тіркеліп, ұзақ формаларды толтыру қажет болмайды. Егер Сіз  iPhone немесе iPad-тан  қосымшада немесе Safari браузерінде веб-сайтта төлем жасасаңыз - тапсырысты рәсімдеу кезінде  Apple Pay -ді таңдаңыз да, Face ID немесе Touch ID қолдана отырып, сатып алуды растаңыз.

Ал Mac-те Safari  браузерінде сатып алуды онлайн рәсімдеу үшін  Apple Pay -ді таңдаңыз да, iPhone немесе Watch арқылы төлемді растаңыз. MacBook Pro құрылғысында Touch Bar панеліндегі Тouch ID тетігін қолдана отырып, төлем жасауға болады.

 

 

Алматы

Қазақстан бойынша телефон соғу тегін +7 (727) 250-30-20
Сотовый 5030