..

в настоящий момент низкая загруженность

Ожидание ответа до 30 сек Ответим Вам прямо сейчас
Байланыстар
Алматы
Меню
+7 (727) 250-30-20 Қазақстан бойынша телефон соғу тегін

в настоящий момент низкая загруженность

Ожидание ответа до 30 сек

Ответим Вам прямо сейчас

5030 Сотовый
  • ..
  • Туристтерді сақтандыру

Туристтерді сақтандыру

Туристтерді сақтандыру - бүкіл әлем бойынша саяхаттау кезінде сіздің сенімді серігіңіз!

«Сбербанк» АҚ ЕБ «Сентрас Иншуранс»сақтандыру компаниясымен бірігіп, туристтерді медициналық сақтандырудың жеңілдетілген бағдарламасын жасап шығарды.

Енді Сбербанк клиенттері сақтандыру полисін нарықтық бағасынан 15% төмен бағаға ОНЛАЙН рәсімдей алады.

  1. Виза алуға  жарайды: сақтандыру полисі виза орталықтары мен елшіліктердің барлық талаптарына сай.
  2. Әртүрлі жағдайларда көмек көрсету: күнге күюді емдеуден бастап клиникада медициналық көмек алуға дейін.
  3. Жылдам, әрі тиімді: полисті онлайн рәсімдеу және алу, Сбербанктің барлық клиенттері үшін сақтандыру полисінің нарықтық құнынан 15% жеңілдік.

Полис қалай рәсімделеді:

  1. Аймақты, мерзімін және полистің негізгі қолданыс параметрлерін таңдаңыз
  2. Полистің құнын есептер кезде «sberbank» промокодын енгізіп, 15% жеңілдік алыңыз
  3. Өзіңіз және саяхат туралы мәліметтерді көрсетіңіз
  4. Полисті банктік картамен төлеңіз
  5. Полисті электронды поштаңызға алыңыз

Электронды полистің артықшылығы оны рәсімдеу, алу және сақтаудың қолайлылығында. Полисті рәсімдеу «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» АҚ сайтында жүргізіледі

Онлайн рәсімдеу

Білгеніңіз абзал:

  1. Сақтандыру талаптары
  2. Сақтандырылған адамға арналған жадынама

«Туристтерді онлайн сақтандыру» бағдарламасы аясындағы сақтандыру қызметтерін «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» АҚ көрсетеді (2013 жылғы қыркүйектің 17 күнгі № 2.1.16 лицензия).

Туристтерді Медициналық Сақтандыру полисі тек электронды түрде ғана рәсімделеді және PDF форматында сіз көрсеткен электронды пошта мекенжайына жіберіледі. Полистер қағаз түрінде жеткізілмейді.

Сақтандыру бағдарламасына қосылған қатерлердің толық тізімімен, сақтандыру өтемінің шектеулерімен, сақтандыруға кірмейтін жағдайлармен, сақтандыру сомасының және сақтандыру төлемақысы көлемінің анықталу тәртібімен (жауапкершілік лимиттерімен қоса), сондай-ақ сақтандырудың өзге де талаптарымен https://7072.kupipolis.kz/tourism сілтемесі бойынша таныса аласыздар.  

Алматы

Қазақстан бойынша телефон соғу тегін +7 (727) 250-30-20
Сотовый 5030