SberBusiness – бұл «Сбербанк» АҚ ЕБ корпоративтік клиенттері үшін Қашықтан Банктік қызмет көрсету жүйесі.
Банкпен өзіңізге ыңғайлы жерде жұмыс жасаңыз.
SberBusiness-тің ыңғайлы және бейімдеуге болатын интерфейсі сізге компанияңыздың қаражаттарын барынша ыңғайлы жағдайда басқаруға мүмкіндік береді.
“SberBusiness” банктің бүкіл өнімдер желісіннің толық функционалды жұмыс жасауын, сондай-ақ келесілерді қамтамасыз етеді:
- FX-платформада валютамен операциялар жүргізу;
- Өнімдерді, сервистерді, ақша қаражаттарын басқару, оның ішінде автотөлемдер түрінде де басқару;
- Құжаттарды және транзакцияларды бірыңғай басқару терезесінде өңдеу;
- Шоттар қою және электронды құжат айналымы режимінде қойылған шоттар бойынша төлемдер жасау;
- Уақытты үнемдеу үшін мониторинг жүргізу және аударымдар бойынша қайтарылған қаражаттарды басқару;
- Төлемдер мен аударымдарды кері қайтару;
- Түрлі форматтағы үзінді көшірмелерді онлайн режимде алу;
- Бірыңғай тіркеулік жазба аясында кәсіпорындар тобын басқару;
- Қолма-қол ақшаға тапсырыс беру және алу бойынша «Электронды чек» қызметі;
- Банкпен құжат алмасуды ыңғайлы форматта жүзеге асыру;
- Банктен актуалды жаңалықтарды үнемі алу және анықтамалық ақпаратты қарау.
Анықтама үшін:
SberBusiness сервисінің көмегімен ұсынатын қызметтерінің тізімі үнемі кеңейтіліп отырады және бүгінгі таңда қазақстандық банктер арасындағы ең толық тізімдердің бірі болып табылады.