«Жинақ банкі» АҚ ЕБ шот бойынша келесі операцияларды жүзеге асырады және оған қызмет көрсетумен байланысты банктік қызметтерді көрсетеді:
- Қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен келіп түсетін ақшаны Клиенттің шотына теңгемен және шетелдік валютада есепке алады;
- Оның шоттарынан теңгемен және шетелдік валютада Клиенттің ұсынылған нұсқаулары бойынша төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асырады.
- Клиенттің шотынан ақшаның төлемдері және аударымдары оның тапсырмасы бойынша, немесе қажетті нотариалды куәландырылған сенімхаты бар үшінші тұлғаның тапсырмасы бойынша ғана орындалады;
- Клиентке шоттан қолма-қол ақшаны теңгемен және шетелдік валютада береді. Үшінші тұлғаларға қолма-қол ақша теңгемен және шетелдік валютада тек қана қажетті нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде беріледі;
- Клиенттің ұсынылған өтінімдеріне сәйкес қолма-қол шетелдік валютаны сатып алу/сату операцияларын жүзеге асырады;
- Клиенттің талабы бойынша ағымдағы шот бойынша көшірмелер береді;
- Клиенттің шоты бойынша барлық шығын операцияларды банк шотта бар сома шегінде жүзеге асырады;
Клиент Банктің қызметтерін Банктің Тарифтерімен анықталған валютада, мөлшерде және шарттарда төлейді.