Частным лицам

в настоящий момент низкая загруженность

Ожидание ответа до 30 сек Ответим Вам прямо сейчас
Байланыстар
Алматы
Меню
+7 (727) 250-30-20 Қазақстан бойынша телефон соғу тегін

в настоящий момент низкая загруженность

Ожидание ответа до 30 сек

Ответим Вам прямо сейчас

5030 Сотовый

Аллокирленбеген металл шоты (АбеМШ)

Аллокирленбеген металл шоты (АбеМШ) – жеке белгілерді көрсетпестен (құйма нөмірі, өндіруші маркасы мен т.б.) троя унцияларындағы металл қозғалысының есебін жүргізу үшін Банктің клиентке ашылатын шоты.

АбеМШ банк клиентінің бағалы металын металдың жеке белгілерін көрсетпестен есепке алуды, сақтауды және шығынға шығаруды білдіреді. Басқаша айтқанда, шот бойынша операциялар металдың заттай жеткізілуінсіз жүргізіледі, яғни, шотта есепке алынатын бағалы металдар қабылданбайды және берілмейді. АбеМШ иелерінің табысы дүниежүзі нарығында бағалы металл бағасының өсуі есебінен қалыптасады.

Аллокирленбеген бағалы металдарды сатып алу және сату бағамдарын Банк күн сайын белгілеп отырады. Бағам көрсеткіші бағалы металдың әлем нарығындағы қазіргі бағасына және оның беталысына тікелей байланысты болады. Мысалға, ТМШ операцияларындағы ең танымал металл– алтынның бағасына, әдетте, әлемдегі геосаяси жағдай, мұнайдың бағасы, АҚШ пен Еуропалық Одақ елдеріндегі экономикалық жағдай, алтын өндіру деңгейі мен бағалы металға деген әлемдегі сұраныс әсер етеді.

АбеМШ артықшылықтары:

- Бағалы металдар құнының өсуі есебінен табыс табу мүмкіндігі;

- Әлемдік қаржы нарықтарындағы бағалы металдар бағасының өсу тұрақтылығы;

- Физикалық металды сақтау, сертификаттау және тасымалдауға ешқандай проблемалардың болмауы;

- Аллокирленбеген бағалы металдарды сатып алу бойынша ҚҚС болмауы;

- Хабарласқан кезде металды лезде сатып алу/сату;

- Шотты тегін ашу, жүргізу және жабу.

АбеМШ ашу талаптары

- Сатып алу – сату операциялары бойынша ақшалай бірлік Қазақстан теңгесі болады;

- Металды сатып алудың ең жеңіл салмағы – 1 троя унциясы, ол  31,1035 граммды құрайды;

- Аллокирленбеген металл шотындағы металдың ең аз қалдығы  – 1 троя унциясы;

- Аллокирленбеген металл шотынан металды есепке жазу және алу  дөңгелектеу ережесін пайдаланбастан  1/10 троя унциясының бөлігіне дейінгі дәлдікпен жүргізіледі;

- АбеМШ қолдану мерзімі  - 12 ай;

- Мерзімін ұзарту АбеМШ ашуды тоқтату туралы шешім қабылдағанға дейін, негізгі мерзімнің соңғы күнінен кейінгі күні Банкте әрекет ететін АбеМШ жүргізу талаптары бойынша осындай мерзімде  автоматты түрде жүзеге асырылады;

АбеМШ бойынша металл қалдығына сыйақы есептелмейді. 

Алматы

Қазақстан бойынша телефон соғу тегін +7 (727) 250-30-20
Сотовый 5030