Частным лицам

в настоящий момент низкая загруженность

Ожидание ответа до 30 сек Ответим Вам прямо сейчас
Байланыстар
Алматы
Меню
+7 (727) 250-30-20 Қазақстан бойынша телефон соғу тегін

в настоящий момент низкая загруженность

Ожидание ответа до 30 сек

Ответим Вам прямо сейчас

5030 Сотовый
  • Credits
  • Басқа кредиттер
  • Ипотекалық тұрғын үй заемдарын/ипотекалық заемдарды қайта қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасы

Ипотекалық тұрғын үй заемдарын/ипотекалық заемдарды қайта қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасы Cұраныс жіберу

«Жинақ банкі» АҚ ЕБ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ипотекалық тұрғын үй заемдарын/ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыру бағдарламасын бекіту туралы» 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 69 қаулысына сәйкес бекітілген Бағдарлама (бұдан әрі  - Бағдарлама) шарттарында ипотекалық тұрғын үй заемдарын/ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыруды жүзеге асыратын екінші деңгейлі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) тізіміне кіргізілді.

Бағдарлама мақсаты: 
2004 жылғы 01 қаңтар мен 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығында  Банк заемшыларымен алынған ипотекалық тұрғын үй заемдарын/ипотекалық заемдарды Бағдарлама шарттарында қайта қаржыландыру.

Бағдарламаның негізгі шарттары:

Бағдарлама бойынша қайта қаржыландыруға жататын заемдарға қойылатын талаптар

2004 жылғы 01 қаңтар мен 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығында  Банк заемшыларымен алынған, 2015 жылғы 01 қаңтардағы жағдайы бойынша негізгі қарыз бойынша берешек қалдығы келесілерді құрайтын ипотекалық тұрғын үй заемдары/ипотекалық заемдар (бұдан әрі – заем):

Теңгеде мерзімі өтіп кеткен (90 күннен астам)  берешекпен – 36 470 000 теңгеден аспайтын сомадағы, соның ішінде ҚР заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын (бұдан әрі – ХӘОТ) заемшылар;

Шетел валютасында – ҚР ҰБ-ның 2015 жылғы 01 қаңтардағы ресми бағамы бойынша теңгедегі баламасы 36 470 000 теңгеден аспайтын сомадағы,  соның ішінде ХӘОТ-қа жататын заемшылар;

Теңгеде -  ХӘОТ-қа жататын заемшылар үшін 36 470 000 теңгеден аспайтын сомадағы.

Заем валютасы

теңге

Қайта қаржыландырылатын заем бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Жылдық 3%

Бағдарлама бойынша қайта қаржыландыруға жататын заем бойынша қамсыздандыру

Бағдарлама шарттарына сәйкес келетін, жылжымайтын мүлік түрінде (тұрғын үй, тұрғын емес жай, жер телімі) кепілмен қамтамасыз етілген заемдар қайта қаржыландыруға жатады.

Бағдарлама бойынша қайта қаржыландыруға жататын заемдардың қамсыздандыруына қойылатын талаптар

2015 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша заемшы мен оның жұбайы үшін ҚР территориясындағы жалғыз тұрғын үй.

Тұрғын үйдің тұрғын ауданы техникалық төлқұжатқа сәйкес 120 (жүз жиырма) шаршы метрден немесе 2015 жылғы 01 қаңтардан кейін рәсімделген құрылысқа үлескерлікпен қатысу туралы шартына  сәйкес жалпы ауданы 120 (жүз жиырма) шаршы метрден аспайды, тұрғын ауданы техникалық төлқұжат негізінде анықталады.

2015 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша заемшы мен оның жұбайы үшін ҚР территориясындағы жалғыз тұрғын емес жай.

Тұрғын емес жайдың жалпы ауданы жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық төлқұжатына сай 100 (жүз) шаршы метрден аспайды.

2015 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша заемшы мен оның жұбайы үшін ҚР территориясындағы жалғыз жер телімі.

Жер телімінің ауданы 0,1 (нөл бүтін оннан бір) гектардан аспайды.

 

Бағдарлама шарттары мен заемды қайта қаржыландыру үшін өтінім білдіруге қажетті құжаттар пакеті туралы толығырақ ақпарат алу үшін Банктің тиісті бөлімшесіне жүгінуіңіз қажет.

Заемды қайта қаржыландыру үшін жүгіне алатын Банк бөлімшелерінің мекен-жайлары

Кредитті қалай алуға болады

Бағдарлама шарттарына сәйкес заемды қайта қаржыландыру келесі кезектілікте жүзеге асырылады: 

  1. ХӘОТ*-қа жататын заемшылардың ипотекалық тұрғын үй заемдары/ипотекалық заемдары 
  2. Ипотекалық тұрғын үй заемдары
  3. Ипотекалық заемдар

      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
      1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
      2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
      3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекiтілген аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
      5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
      6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
      7) оралмандар;
      8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
      9) көп балалы отбасылар;
      10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
      11) толық емес отбасылар жатады.

 

Алматы

Қазақстан бойынша телефон соғу тегін +7 (727) 250-30-20
Сотовый 5030