Частным лицам

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
Меню
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Кепілсіз кредит Cұраныс жіберу

Кепілсіз кредит

6 000 000 теңгеге дейінгі сомада қаражатты барынша жылдам алу мүмкіндігі

  • Кредит сомасы: 6 000 000 теңгеге дейін
  • Кредит валютасы: Теңге
  • Пайыздық мөлшерлеме: 5% бастап
  • ЖТСМ 20,71% бастап.
  • Кредит мерзімі: 5 жылға дейін
  • Кредит алу жолдары

Кредитті қалай алуға болады

Кредиттік өтінішті қарастыру үшін қажет:

  • Жеке басын куәландыратын құжат;
  • Банк қажет болған жағдайда қосымша құжаттар пакетін сұратуға құқылы.

Кредиттің артықшылықтары

Кредиттің артықшылықтары

  • Кепілсіз және кез келген мақсаттарға;
  • Тек қана 1 құжат - жеке басын куәландыратын құжат;
  • Заемды мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұл санкциялары жоқ;
  • Кредит ұсыну туралы шешім жылдам қабылданады;
 

Кредит мақсаты

тұтынушылық мақсаттарға

Кредит валютасы

Теңге

Ең аз кредит сомасы

150 000 (жүз елу мың) теңгеден бастап

**Кредит сомасы

6 000 000 теңгеге дейін

**ҚР заңнамасына сай зейнетақы жасына жеткен және кредиттің қолданыс мерзімі соңында 70 жылға жеткен,  "Жинақ банкі" АҚ ЕБ жалақы жобасына қатысатын ұйымдардың қызметкерлері үшін ең жоғарғы кредит сомасы - 1 000 000 теңге. 

Кредиттеу мерзімі

60 айға дейін

*Заемды ұйымдастыру үшін комиссия

кредит сомасының 0%, бір реттік

Жартылай мерзімінен бұрын өтеу үшін

0%, айыппұл санкцияларынсыз

Қамтамасыз ету

талап етілмейді

* Комиссиялар Банктің активтері мен пассивтерін басқару жөніндегі комитетінің 10.01.2019 жылғы 01 §6а шешімімен бекітілген.

Теңгедегі пайыздық мөлшерлемелер*

 

Санат

Мерзімі, ай

Сыйақы

Жеке тұлғалар

7 -60

10% бастап

«Жинақ банкі» АҚ ЕБ жалақы карталарын ұстаушылар, 1 санаттағы, VIP клиенттер

7 -60

5% бастап

ЖТСМ - 20,71% бастап

*Мөлшерлемелер Банктің активтері мен пассивтерін басқару жөніндегі комитетінің 9.10.2020 жылғы №71 §1 шешімімен бекітілген.

Кредит ұсынылатын сәттегі жасы

21 жастан бастап

*Ең үлкен жас

21 (жиырма бір) жастан бастап, кредит мерзімі аяқталғанға дейін әйел адамдар 59,5 жасқа ерлер 63 жасқа дейін;

**"Жинақ банкі" АҚ ЕБ жалақы жобасына қатысатын ұйымдардың қызметкерлері үшін - ҚР заңнамасына сай зейнетақы жасына жеткен сәттен бастап кредиттің қолданыс мерзімі соңында 70 жасқа дейін. 

Жұмыс өтілі

соңғы жұмыс орнында кредит алу туралы өтініш берген күнге дейін кем дегенде 4 (ай) жұмыс істеген болуы тиіс, бұл ретте жеке тұлғаның жалпы үздіксіз еңбек өтілі кем дегенде 6 (алты) айды құрау қажет.

Кредит алу тәртібі

Бір жолғы;

Кредит ұсыну тәртібі

Заемшының өтініші бойынша кредит сомасы - кредиттік шартқа қол қою күні ағымдық шотқа бір жолғы аударылады, әрі қарай ақша Visa Instant төлем картасы шотына жеке тұлғаларға арналған төлем карталары тарифтеріне сәйкес аударылады.

Кредитті өтеу тәртібі

Аннуитеттік төлемдермен немесе сараланған төлемдермен.

Кредитті мерзімінен бұрын жартылай не толық өтеу

Мерзімінен бұрын өтеу күні, өтелетін сома және ақша қаражаттары қандай шоттан аударылатыны көрсетілген өтінші негізінде жүзеге асырылады. Өтініште көрсетілетін мерзімінен бұрын өтеу күні міндетті түрде жұмыс күнінен сәйкес келуі тиіс.

Мерзімінен бұрын қайтарылатын кредиттің ең аз мөлшері шектеусіз.

Мерзімінен бұрын өтеу үшін ақы алынбайды.

Толығырақ ақпаратты Сіздің қалаңыздағы Банк бөлімшесінен немесе Байланыс орталығының 8 (727) 250-30-20 телефоны бойынша, Қазақстанның басқа өңірлерінде 8-8000-808-808 телефоны бойынша біле аласыздар.

Алматы