Частным лицам

в настоящий момент высокая загруженность

Ожидание ответа свыше 90 сек. Пожалуйста, перезвоните позднее
Байланыстар
Алматы
Меню
+7 (727) 250-30-20 Қазақстан бойынша телефон соғу тегін

в настоящий момент высокая загруженность

Ожидание ответа свыше 90 сек.

Пожалуйста, перезвоните позднее

5030 Сотовый

7-20-25 тұрғын үй ипотекалық мемлекеттік бағдарламасы бойынша кредиттеу

Кредитті қалай алуға болады

Кредиттік өтінішті қарастыру үшін келесілер қажет:

  • Жеке басын куәландыратын құжат;

  • Заемшының/ қосалқы заемшының неке куәлігінің көшірмесі (егер заемшы/ қосалқы заемшы некеде болса);

  • Кепілге қойылатын жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші құжаттары.

  • Жылжымайтын мүлігі жоқтығы (болуы) туралы анықтама;

  • Бағдарлама бойынша заем алу үшін заемшының және қосалқы заемшының (бар болса) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысы болуы тиіс, бұл келесі құжаттардың бірімен расталады:

    - жалдамалы жұмыскерлерге қатысты - бірыңғай зейнетақы жинақтау қорының жеке зейнетақы шоты бойынша соңғы алты айдағы үзінді көшірмесі арқылы;

    - әскери қызметкерлер мен зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған тұлғаларға қатысты - жұмыс орнынан соңғы алты айдағы табысы туралы анықтама және жалақы түсетін шот бойынша банк берген үзінді көшірме арқылы;

    - жеке кәсіпкерлерге қатысты - жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша соңғы 2 жылдағы, салық органының қолы қойылған және мөрі басылған  салық декларациясы. Декларацияда қарастырылған шығындарды алып тастағандағы декларацияланатын жиынтық табыс 24-ке бөлінеді.

Кредиттің артықшылықтары

Кредиттің артықшылықтары

  • Заемды ұйымдастыру үшін комиссия жоқ

  • Заемды беру үшін комиссия жоқ

  • Ұсынылған заемды өзгерту/ сүйемелдеу үшін комиссия жоқ

Кредит мақсаты

Жаңа соғылған тұрғын үй сатып алу

Кредит валютасы       

теңге

Бастапқы жарна

Кепілдік қамтамасыз ету құнының 20%-на тең

Максималды заем сомасы

Кепілдік қамтамасыз ету құнының 80%-на тең

Кредиттеу мерзімі

12-300 ай

Заемды ұйымдастыру үшін комиссия

Жоқ

Заемды беру үшін комиссия

Жоқ

Ұсынылған заемды өзгерту/ сүйемелдеу үшін комиссия

Жоқ

Сатып алынатын тұрғын үйдің максималды

құны

 

Астана,

Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін

25 млн. теңге

басқа аймақтар үшін

15 млн. теңге

 

Кепілдік қамтамасыз ету құны

Келесі құндардың ең азы бойынша анықталады:

1) тәуелсіз бағалаушы белгілеген құны;

2) Банк белгілеген құны;

3) тұрғын үй сатып алу бойынша мәміле құны

Мерзімі, ай

Жеке тұлғалар

12-300

7%

Кредит ұсынылатын сәтте жасы 21-ден асқан болуы тиіс

Ең үлкен жас 21 (жиырма бірден) бастап кредит мерзімі соңында әйелдер үшін 58,5 жасқа және ерлер үшін 63 жасқа дейін.

Соңғы жұмыс орнындағы еңбек өтілі кредит алу туралы өтініш берген күнге дейін кем дегенде 4 (төрт) айды құрауы тиіс, бұл ретте жеке тұлғаның жалпы үздіксіз еңбек өтілі кем дегенде 6 (алты) айды құрауы қажет.
 

* ҚР азаматы

(ҚР азаматтығын растайтын құжат, жеке куәлік немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты)

**Құқықтық кадастр мәліметтеріне сәйкес ҚР аумағында Заемшының жеке меншік құқығына жататын тұрғын үйі болмауы тиіс, келесілерді қоспағанда:

***Жатақханаларда отбасының әр мүшесіне шаққанда 15 шаршы метрден кем болатын бөлемелердің болуы; ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес апаттық деп табылған тұрғын үй.

****Кредиттік бюроның кредиттік есептеріне сәйкес Заемшының ипотекалық тұрғын үй заемдары (оның ішінде әлеуетті Заемшы қосалқы заемшы/кепілгер ретінде әрекет ететін заемдар) бойынша өтелмеген берешегінің болмауы

Кредит Сбербанк бөлімшелерінде ұсынылады:

  • заемшылардың тіркелу орны бойынша, Банк Филиалы/ФҚБ орналасқан қаланың шекарасынан 15 (он бес) километрден аспайтын жерде орналасқан елді-мекендерді қосқанда;

  • Банк Филиалы/ФҚБ орналасқан жердегі заемшыға жұмыс беруші ұйымның орналасқан жері бойынша;

  • Банктің филиалдары/ФҚБ жұмыс істейтін елді мекендер аумағындағы немесе Алматы қаласының шетінен 30 (отыз) километрден артық емес немесе басқа қалалардың/елді мекендердің шетінен 20 (жиырма) километрден артық емес қашықтықта орналасқан, Банктің Филиалы/ФҚБ жұмыс істейтін елді мекендер аумағындағы, кредит бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданған қолда бар/ сатып алынатын/ қайта құрылатын жылжымайтын мүлік нысанының орналасқан жері бойынша.

Жылжымайтын мүліктің кепіл шарты тіркеуден өткен соң сома заемшының өтінші бойынша ағымдық шотқа  бір реттік аударыммен беріледі.

Аннуитеттік төлемдермен немесе сараланған төлемдермен.

Кредитті мерзімінен бұрын жартылай немесе толық өтеу

Мерзімінен бұрын өтеу күні, өтелетін сома және ақша қаражаттары қандай шоттан аударылатыны көрсетілген өтінші негізінде жүзеге асырылады. Өтініште көрсетілетін мерзімінен бұрын өтеу күні міндетті түрде жұмыс күнінен сәйкес келуі тиіс.

Мерзімінен бұрын қайтарылатын кредиттің ең аз мөлшері шектеусіз.

Мерзімінен бұрын өтеу үшін ақы алынбайды.

Толығырақ ақпаратты Сіздің қалаңыздағы Банк бөлімшесінен немесе Байланыс орталығының 8 (727) 250-30-20 телефоны бойынша, Қазақстанның басқа өңірлерінде 8-8000-808-808 телефоны бойынша біле аласыздар.

Алматы

Қазақстан бойынша телефон соғу тегін +7 (727) 250-30-20
Сотовый 5030