Сбербанк Онлайн
Сбербанк Онлайн компьютер немесе ноутбукты пайдаланып, бөлімшемен хабарласпай-ақ, тәулік уақытына қарамастан, кез келген сәтте көптеген банктік операцияларды жасауға мүмкіндік береді.
Сіз тез әрі оңай жасай аласыз
Қаржы операцияларын жасау
Өз шоттары мен карталары арасында аударымдар жасау
Кредиттер және кредиттік карталар бойынша төлемдер
Электронды әмияндарды толықтыру
Сбербанктің және басқа банктердің клиенттерінің шоттарына аударымдар
Әрқашан өз қаржыңызды біліп отыру
Барлық шоттар бойынша үзінді көшірмелерге және операциялар тарихына үнемі кіру мүмкіндігі
Өз уақытыңызды үнемдеу
Өзіңіз жасаған үлгілердің көмегімен қызметтерді бір рет басып төлеңіз.
Пәтер, интернет, ұялы байланыс және басқа қызметтер үшін автоматты түрде ұдайы төлемдер
Табыс табу және сақтау
Жоғары пайыздық мөлшерлемесі бар
«Сбербанк Онлайнды» қалай қосуға болады
- Сбербанктің банктік карточкасын алыңыз
- «SMS-Банкинг» қызметін қосыңыз
- online.sberbank.kz арқылы тіркеліңіз немесе банкоматтан/терминалдан логин және кілтсөзді алыңыз немесе клиенттерді тәулік бойы тегін қолдау қызметі – Байланыс-орталығына телефон соғыңыз
Сақтандыру шаралары
- Операцияларды болдырмау немесе жою үшін кілтсөзді енгізбеңіз. Операцияларды болдырмау немесе жою үшін кілтсөзді тек алаяқтар ғана сұратуы мүмкін. Сбербанктің қызметкерлері клиенттерге ешқашан телефон соқпайды және операцияларды болдырмауды/жоюды сұрамайды.
- Операцияларды растау немесе Сбербанк Онлайнға кіру кезінде өзіңіздің телефон нөміріңізді, төлқұжат нөмірін және басқа мәліметтерді енгізбеңіз.
- SMS-хабарламаны мұқият оқыңыз, операциялардың деректемелерін әрқашан тексеріңіз. Егер сізге өзіңіз жасамаған операция туралы хабарлама келсе, ешқандай жағдайда кілтсөзді енгізбеңіз. Сбербанктің қызметкерлері операцияларды болдырмау/жою өтінішін білдіріп клиенттерге ешқашан телефон соқпайды.
- Қауіпсіздік шаралары туралы толығырақ (сілтеме)
Операцияларға қойылған лимиттер
«Сбербанк Онлайнда» төлемдер мен аударымдарға қойылған лимиттер:
Барлық төлемдер мен аударымдардың бір күндегі жалпы сомасы |
3 000 000 теңгеден көп емес |