Частным лицам

в настоящий момент низкая загруженность

Ожидание ответа до 30 сек Ответим Вам прямо сейчас
Байланыстар
Алматы
Меню
+7 (727) 250-30-20 Қазақстан бойынша телефон соғу тегін

в настоящий момент низкая загруженность

Ожидание ответа до 30 сек

Ответим Вам прямо сейчас

5030 Сотовый
  • Сіздің қауіпсіздігіңіз

Сіздің қауіпсіздігіңіз


:

Сбербанк Онлайнда жұмыс істеген кездегі ақпараттық қауіпсіздік шаралары

  1. Операцияны болдырмау немесе күшін жою үшін паролді енгізбеңіз. Операцияны болдырмау немесе күшін жоюға пароль енгізуді алаяқтар ғана сұрайды. Сбербанк қызметкерлері  клиенттерге ешқашан қоңырау шалмайды және операцияны болдырмау/күшін жою жөнінде сұрамайды.
  2. Операцияларды растау немесе Сбербанк Онлайнға кіру кезінде өзіңіздің телефон нөміріңізді, паспортыңыздың нөмірін және өзге деректерді енгізбеңіз.
  3. SMS-хабарламаны мұқият оқыңыз, операциялардың деректемелерін әрдайым тексеріңіз. Егер сіз жүргізбеген операциясы бар хабарлама келсе, қандай жағдайлар болмасын парольді енгізбеңіз. 

Сбербанк Бизнес Онлайнды пайдалану кезінде ақпараттық қауіпсіздік шаралары жөнінде толығырақ

Банкоматтармен және терминалдармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары

  1. ПИН-кодты енгізу операцияларын жүргізу кезінде ӘРҚАШАН пернетақтаны бос қолыңызбен қалқалаңыз. Ол алаяқтардың Сіздің ПИН-кодыңызды көріп қоюына немесе оны бейнекамераға түсіріп алуына мүмкіндік бермейді.
  2. Банкоматтар орналасқан арнайы жайларға карталар бойынша кіру құлыптары ПИН-кодтың енгізілуін талап етпеуі тиіс.
  3. Банкоматта операцияны жүргізгенге дейін ПИН-пернетақтасының үстіңгі жағын және банкоматқа картаны қабылдауға арналған құрылғыны тексеріп шығыңыз. Бұл жерлерде бекітілген бөгде заттар немесе жарнамалық буклеттер болмауы тиіс. 

Банкоматтармен және терминалдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары жөнінде толығырақ.

Сбербанк Онлайн мобильді қосымшасын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары

  1. Банктің AppStore, Google Play және Windows Store қол жетімді ресми қосымшаларын ғана пайдаланыңыз. Міндетті түрде «Сбербанк» АҚ ЕБ (SB Sberbank JSC) құрастырушы екендігіне көз жеткізіңіз.
  2. Өз телефоныңызды бұзбаңыз (мысалы, Jailbreaking арқылы), өйткені ол мобильді платформаның өндірушісі енгізген қорғаныс механизмдерінің өшіп қалуына алып келеді. Нәтижесінде сіздің телефоныңыз вирусты БҚ-мен зақымдануға бейім болады.
  3. Интернет-банктің толық функционалды нұсқасына кіру үшін мобильді телефонды пайдаланбаңыз, ол үшін банк әзірлеген арнайы қосымшалар бар. 

Мобильді қосымшаны пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары жөнінде толығырақ

«SMS-Банкинг» пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары

  1. «SMS-Банкинг» қызметіне қосылған мобильді телефонды (құрылғыны) жоғалтып алған жағдайда, сіздің  SIM-картаны оқшаулау үшін өзіңіздің ұялы байланыс операторыңызға және   «SMS-Банкинг» және/немесе Сбербанк Онлайн қызметтерінің әрекетін уақытша тоқтату үшін Банктің Байланыс орталығына тез арада хабарласуыңызды сұраймыз.
  2. «SMS-Банкинг» қызметіне қосылған мобильді телефон нөмірін ауыстырған жағдайда, Сізге кез келген бөлімшеге хабарласу керек және «SMS-Банкинг» қызметтерін өшіру туралы өтінішті ресімдеу керек.
  3. Телефоныңызға антивирусты орнатыңыз және оны уақытылы жаңартып отырыңыз. Android платформасы үшін DrWeb for Android Light (Google Play-ден жүктеу үшін қол жетімді) және Kaspersky Internet Security for Android (сынақ нұсқасы компания сайтында қол жетімді, сондай-ақ Google Play-ден жүктеу үшін қол жетімді болады) тегін қосымшаларды ұсынамыз. 

SMS-Банкинг қызметтерін пайдалану кезінде қауіпсіздік шаралары жөнінде толығырақ

Банктік карталарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары

  1. Сіздің картаңызды басқа тұлғаның пайдалануына жол бермеу үшін ПИН-кодты картадан бөлек ұстаңыз, картаға ПИН-кодты жазбаңыз, ПИН-кодты басқа тұлғаларға (соның ішінде туысқандарыңызға) айтпаңыз,  Интернет желісінде жұмыс істеген кезде ПИН-кодты енгізбеңіз.
  2. Егер сізге өздерін танымал сауда фирмасының, банктің, қонақ үйдің өкіліміз деп таныстырған тұлғалар хабарласса да, өз картаңыз туралы деректерді ешқашан хабарламаңыз. Мұндай қоңырау картаңыздың шоты бойынша санкцияланбаған операцияларды жүргізудің себебі болуы мүмкін.
  3. Үшінші тұлғалардың кеңестеріне құлақ аспаңыздар, сондай-ақ оларды жүргізу кезінде олардың көмегін қабылдамаңыз. Қажетті жағдайда банк филиалының қызметкерлеріне хабарласыңыз немесе құрылғыда немесе сіздің картаңыздың келесі бетінде көрсетілген телефонға қоңырау шалыңыз.
  4. Егер сізге телефон арқылы, интернетте, әлеуметтік желілер арқылы немесе өзге тәсілдермен хабарласып, және әр түрлі себептермен сіздің банктік картаңыз, парольдер немесе өзге дербес ақпарат туралы деректеріңізді  білуге ұмтылатын болса, сақ болыңыз! Бұл алаяқтықтың айқын белгілері. Белгілі бір күдік туындаған жағдайда, әңгімені тоқтатып, банктік картаңыздың артқы жағында көрсетілген телефон бойынша банкке хабарласуыңызды сұраймыз. 

Банк карталарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары жөнінде толығырақ.

SMS және e-mail алаяқтықтан қорғаныс

  1. Сбербанк атынан келген хабарламада әрдайым ұстаушы картасы нөмірінің соңғы цифрлары көрсетіледі. Қажетті жағдайда Банкпен хабарласу керек, банк хабарламаларында хабарламадағы емес, клиенттің банктік картасында көрсетілген телефондар бойынша Банктің Байланыс орталығына хабарласу ұсынылады.   
  2. Сбербанктің карталар бойынша SMS-хабарламалары 2558 қысқа нөмірінен жөнелтіледі (бірқатар аймақтар үшін SBERBANK нөмірінен жіберуге рұқсат беріледі. Байланыс орталығының ресми нөмірлері 8-8000-80-60-60 және 5030 банкке кіретін қоңырауларды қабылдау үшін ғана қолданылады, олардан SMS-хабарлама жөнелтілмейді.
  3. Егер алынған SMS кез келген күдікті немесе үрейді туындатса, онда тез арада нөмірлері Сбербанк картасының артқы бетінде немесе Сбербанктің интернет-сайтында  (www.sberbank.kz) көрсетілген ресми телефондар арқылы Сбербанктің Байланыс орталығына хабарласу керек. 
  4. Клиенттерді SMS-алаяқтықтан/СПАМ-хабарламадан қорғау үшін ұялы байланыстың ірі операторлары өздерінің ресми сайттарына алаяқтық сипатындағы алынатын SMS-хабарлама/СПАМ-хабарламалардың мысалдары жөнінде абоненттердің өздерінен ақпарат алуға арналған арнайы нөмірді орналастырып қойған.   Алынған хабарламалар негізінде ұялы байланыс операторы санкцияланбаған SMS-хабарламалардың таратылуына жол бермеу бойынша барлық ықтимал  шараларды орындауға кіріседі. 

SMS және e-mail алаяқтықтан қорғау туралы толығырақ

Алаяқтық хат-хабарлардың мысалдары

Кредиттерді өтеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы

  1. «Сбербанк» АҚ ЕБ  банк клиенттері алған кредиттерді (тұтынушылық, автокредиттер, ипотекалар) өтеу бойынша міндеттемелерді өзіне алған бірқатар компаниялардың қызметі жөнінде сіздерге ақпарат береді.
  2. Мүндай ұйымдар белгіленген сыйақы (ереже бойынша, алынған кредит сомасының пайызында анықталатын ) үшін банктен кредит алған тұлға (заемшы) үшін кредиттік шарт бойынша берешек қалдығын өтеуге міндеттенеді, бұл жағдайда аталмыш ұйымдар кредитті өтеу үшін ешқандай жауапты болмайды және кез келген сәтте кредитті өтеуді тоқтата алады. Кредит бойынша мерзімі өткен берешек туындаған жағдайда, оны қайтару және айыппұлдық санкцияларды өтеу бойынша талаптарды банктер заемшының өзіне қоятын болады.   
  3. «Сбербанк» АҚ ЕБ сақтық сақтауға шақырады және жоғарыда көрсетілген ұйымдармен ынтымақтасудан бас тартуды ұсынады, өйткені күмәнді пайда алудың орнына, сіз қаржылық және мүліктік шығынға ұшырауыңыз мүмкін, сондай-ақ өзіңіздің кредиттік тарихыңызды нашаралатуыңыз мүмкін. 

Сбербанк өнімдері мен қызметтері туралы телефон арқылы сөйлескен кездегі қауіпсіздік шаралары

  1. Сбербанк қызметкері клиентке қоңырау шалған кезде әрдайым арнайы, яғни аты, әкесінің аты бойынша  хабарласады;
  2. Сбербанк қызметкерлері клиенттерге олардың құпиялы ақпаратын алу мақсатында ешқашан қоңырау шалмайды;
  3. Егер сізге телефон арқылы, интернетте, әлеуметтік желілер арқылы немесе өзге тәсілдермен, әр түрлі себептермен сіздің банктік картаңыз туралы деректерді, пароліңізді немесе өзге де дербес ақпаратты біліп алуға әрекет жасаса, сақ болыңыз: бұл алаяқтықтың айқын белгілері. Кез келген күмән туындаған жағдайда әңгімені тоқтатып, өзіңіздің банктік картаңыздың артқы бетінде көрсетілген телефон арқылы банкке хабарласуыңызды сұраймыз;
  4. Сіздің телефоныңызда айқындалатын төменде көрсетілетін нөмірлерден ғана Банктің өнімдері мен қызметтерін ұсынатын қоңырау шалулар түсе алатындығына назарларыңызды аударамыз:

          +7 (727) 321-21-11, +7 (778) 754-30-01, +7 (727) 321-23-40, +7 (727) 321-21-01, +7 (778) 754-30-05.

Интернетте алдап-арбап ақшаны алып қоятын алаяқтарды тоқтатқыңыз келеді ме?

Сбербанктің «Сбербанк аляқтарға қарсы» әлеуметтік акциясына қатысыңыздар.

Соңғы уақытта интернетте Сбербанк атын заңсыз пайдаланумен байланысқан алаяқтық іс-әрекеттер кең өріс жая бастады. Соңғы айдың өзінде-ақ, шамамен 50 сайт анықталды, яғни олар еліміздің ең сенімді банкінің брендімен белгілі бір қаржы операциясын жүргізу ұсыныады екен. Алаяқтармен күресу үшін біз сайтта арнайы тарау аштық – енді біз алаяқтардың түр-тұлғасын білетін боламыз!

Егер сіз Сбербанк бренді атауын жамылған күмәнді қаржылық ұсыныстары бар күдікті сайтты, яғни алаяқтардың оны рұқсатсыз және заңсыз қолданып жатқандығын, ең бастысы  - тұтынушыларды адастырып жатқандығын анықтасаңыз, онда   fraudmonitoring@sberbank.kz. мекенжайы бойынша хат жазыңыз және сайт мекенжайын көрсетіңіз: біз оны алаяқтық сайттар тізіміне қосамыз және сол арқылы көптеген адамдарды алдап-арбаудан қорғауға көмектесеміз.

Анықталған қателіктер жөнінде бізге хабарлаңыз

Егер сіз Банктің жария онлайн-сервистерінің бірінде әлсіз тұсты анықтасаңыз: 

  • Сбербанк Онлайн (мобильді қосымшаларды қоса
  • Сбербанк Бизнес Онлайн
  • Сбербанктің веб-сайты(www.sberbank.kz)
  • Әлеуметтік желілердегі виджеттер
  • sberbank.kz доменінің өзге де сервистері

Ол жайында fraudmonitoring@sberbank.kz адресіне хат жазып, бізге хабарласыңыз.

«Сбербанк Онлайн» ескертеді: алаяқтардан сақтаныңыз!

Назар аударыңыз — алаяқтар!

«Сбербанк»  АҚ ЕБ қазіргі таңда қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесі арқылы Интернет желісі бойынша өз шоттарын басқаратын коммерциялық банктердің клиенттеріне қарсы алаяқтықтың едәуір ұлғаюы дерегінің орын алғандығын хабарлайды.

Алаяқтық сұлбасы, шамамен келесі түрде көрінеді. Қаскүнем алаяқтар әр алуан интернет-ресурстар арқылы, яғни әлеуметтік желіден бастап қарапайым жаңалықтар сайтына дейін вирустық бағдарламаларды таратады.  Компьютері зақымдалған клиент жеке кабинетіне кіруге талпыныс жасаған кезде, оның бағыты сырт қарағанда  Интернет-банктің түпнұсқалық сайтынан еш өзгешелігі жоқ «фишингтік» сайттарға бұрылып кетеді. 

Көбірек білу

Алматы

Қазақстан бойынша телефон соғу тегін +7 (727) 250-30-20
Сотовый 5030