International Desk
Меню

Сбербанк группасы

Сбербанк группасы

Сбербанк - Орталық және Шығыс Еуропаның аса ірі банкі. Сбербанктің шетелдік желісін белсенді және қарқынды дамыту оның стратегиясының негізгі векторларының бірі болып табылады. Сбербанктің қызмет ету географиясы 20 елді қамтиды. Халықаралық бизнестің үлесі Сбербанк Тобы жиынтық активтерінің 14%-ын құрайды.

Шетелде қызмет атқару барысында Сбербанктің «Әрқашан жаныңызда» ұранын ұстана отырып, біз клиенттеріміз үшін трансшекералық бизнеске барынша қолайлы шарттарды, ауқымды өнімдер желісін ұсынамыз және Сбербанк Тобы қызмет ететін аймақтардың мәдени ерекшеліктерін ескереміз.

Сбербанктің халықаралық аренадағы алғашқы қадамы 2006 жылы Қазақстанда банк сатып алу болатын. Содан соң Украина және Белорусьте банктер сатып алынды. Келесі кезең Германияда және Қытайды өкілдіктер ашу, сондай-ақ Үндістанда филиал ашу болды.

2012 жыл ірі сатып алу жүргізумен есте қалды. Сбербанктің портфелі Volksbank International еуропалық тобының шетелдік активтерімен толығып, банктің қызмет ету географиясына Орталық және Шығыс Еуропаның тоғыз елі қосылды (Sberbank Europe AG).

Алматы