"Сбербанк" АҚ ЕБ деректерді штрихтық кодтау мүмкіндіктеріне негізделген төлем құжаттарын электронды сканерлеу және тану жүйесін енгізеді.
Жүйе екі өлшемді штрихтық кодтау қағидасына негізделген, оның сипаттамалары қажетті ақпараттық сыйымдылықты және деректерді оқу тиімділігін қамтамасыз етеді. Клиент үшін жұмысқа қажеттісі – оның компьютеріне тегін орнатылатын штрих-кодтарды қалыптастыруға арналған бағдарламалық модуль. Клиентке қосымша арнайы құрал-жабдық немесе бағдарламалық қамсыздандыру талап етілмейді: бағдарламалық модуль қолданыстағы аппараттық базаға орнатылған клиентте бар операциялық жүйемен кедергісіз өзара әрекеттеседі. .