International Desk
Меню

Шоттарды ашу

Настоящим ДБ АО «Сбербанк» сообщает, что срок перехода на использование идентификационных номеров (ИИН/БИН) перенесен до 1 января 2012 года.

В случае, если документ, удостоверяющий личность (для физических лиц), либо свидетельство о государственной регистрации (для юридических лиц) не содержат ИИН/БИН, следует обратиться в регистрирующие органы – Центры обслуживания населения (ЦОНы) для формирования ИИН/БИН, переоформления ранее выданных документов (документы, удостоверяющие личность (удостоверение личности, паспорт); свидетельство о государственной регистрации/ перерегистрации и др. при необходимости) и в срок до 1 января 2012 года предоставить в Банк документыподтверждающие присвоение ИИН/БИН.

Осы арқылы «Сбербанк» АҚ ЕБ сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН/БСН) пайдалануға өту мерзімі 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін ауыстырылғандығын хабарлайды.​

Қазақстан аумағына жаңа сәйкестендіру нөмірлерін енгізу Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223-III «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі туралы» заңымен реттеледі.  

Сұрақтар туындаған жағдайда, қызмет көрсету орны бойынша «Сбербанк» АҚ ЕБ Операциялық бөлімдеріне/Әмбебап қосымша офистерге хабарласуларыңызды сұраймыз. 

Осы арқылы «Сбербанк» АҚ ЕБ Қазақстан Республикасында 2010 жылдың 7 маусымынан бастап IBAN (International Bank Account Number – Халықаралық Банктік Шот Нөмірі) стандартында шоттардың жаңа жиырма таңбалы нөмірін және BIC (Bank Identifier Code – Банктік Сәйкестендіру Коды) банктердің жаңа банктік сәйкестендіру кодтарын енгізумен байланысты Сізге банктік шот шартының, банктік салым шартының және Банкпен жасалған басқа шарттардың (болған жағдайда) қосымша келісіміне қол қою үшін Банкке хабарласу қажеттігін хабарлайды. 

Сұрақтар туындаған жағдайда, қызмет көрсету орны бойынша «Сбербанк» АҚ ЕБ Операциялық бөлімдеріне/Әмбебап қосымша офистерге хабарласуларыңызды сұраймыз. 

Осы арқылы«Сбербанк» АҚ ЕБ Сізге 2010 жылғы 7 маусымнан бастап Қазақстан Республикасында IBAN (International Bank Account Number – Халықаралық Банктік Шот Нөмірі) стандартында шоттардың жаңа жиырма таңбалы нөмірлері және BIC (Bank Identifier Code – Банктік Сәйкестендіру Коды) банктердің жаңа банктік сәйкестендіру кодтары енгізілетіндігін хабарлайды. 

IBAN – бұл Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйым және Еуропалық банктік стандарттар комитеті әзірлеген банктік шоттың халықаралық стандарты. IBAN және BIC Қазақстан ішінде төлемдерді жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қолданылатын болады. IBAN және BIC енгізу мақсаты төлемдердің автоматты өңделуін жақсарту, халықаралық төлемдердің өңделуін жылдамдату, қате төлемдердің өңделуін жылдамдату. IBAN-да екі таңбалы сандық бақылау разряды бар, ол төлемді жүргізуші банктің және алушы банктің, сондай-ақ корреспондент банктердің шот нөмірінің дұрыстығын тексерулеріне мүмкіндік береді. 

Сіздің тоғыз таңбалы нөміріңіз автоматты түрде IBAN стандартында жаңа жиырма таңбалы шот нөміріне  ауыстырылатын болады.

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңадан ашылатын тоғыз таңбалы шоттарға бір мезетте жиырма таңбалы шот нөмірі тағайындалатын болады. Қолданыстағы құрылым бойынша тоғыз таңбалы шот 2010 жылғы 07 маусымға дейінгі төлем құжаттарында қолданылатын болады, жаңа құрылым бойынша жиырма таңбалы шот 2010 жылғы 07 маусымнан басталатын төлем құжаттарында қолданылатын болады.

2010 жылғы 1 ақпаннан бастап сіздің шот бойынша үзінді көшірмелеріңізде «Интернет-офис» сервисінде бір мезетте тоғыз таңбалы шот нөмірімен қатар автоматты түрде IBAN стандартында сізге тағайындалған шот нөмірі көрсетіледі. 

2010 жылғы 7 маусымнан бастап барлық қазақстандық және халықаралық төлемдерде тек IBAN стандартындағы шот нөмірі және жаңа банктік сәйкестендіру кодтары қолданылатын болады. Банктік шоттың жаңа нөмірінің және  жаңа банктік сәйкестендіру коды банктік операцияларды жүргізуді мүмкінсіз етеді.  IBAN және BIC көрсетілмеген төлем құжаттары өңдеуге қабылданбайды және орындаусыз кері қайтарылатын болады. 

Сіз «Сбербанк» АҚ ЕБ-дегі IBAN стандартындағы өз шот нөміріңізді және Банк BIC өзіңізге қызмет көрсетуші менеджерден біле аласыз.  2010 жылғы 7 маусымға дейін Банктік шоттың жаңа нөмірінің және  Банктің жаңа банктік сәйкестендіру коды туралы анықтама алу үшін Банкке хабарласуларыңызды сұраймыз. 

Төлемдер мен ақша аударымдарын тиімді жүзеге асыру мақсатында өзіңіздің  жаңа IBAN шотыңыздың нөмірін және «Сбербанк» АҚ ЕБ жаңа банктік сәйкестендіру кодын  - SABRKZKA, сондай-ақ олардың іске қосылуы мерзімдерін Қазақстандағы және шетелдегі өзіңіздің іскерлік серіктестеріңізге хабарлауды ұсынамыз.

IBAN стандартындағы жаңа шот нөмірлерін Қазақстан аумағына енгізу Қазақстан Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы №266 қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу ережелерімен реттеледі.

Сұрақтар туындаған жағдайда, қызмет көрсету орны бойынша «Сбербанк» АҚ ЕБ Операциялық бөлімдеріне/Әмбебап қосымша офистерге хабарласуларыңызды сұраймыз. 

Құрметпен, «Сбербанк» АҚ ЕБ менеджменті

Білгеніңіз жөн
  1. Заңды тұлға, филиал және өкілдік – Қазақстан Республикасының резиденті ағымдағы/жинақ ақша шоты
  2. Заңды тұлға, филиал және өкілдік  – Қазақстан Республикасының бейрезиденті ағымдық/жинақтау шоты 
  3. Жеке кәсіпкер, шаруа қожалығы  – Қазақстан Республикасының резиденті ағымдық/жинақтау шоты
  4. Жеке кәсіпкер  – Қазақстан Республикасының бейрезиденті ағымдағы /жинақ ақша шоты
  5. Жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы, кәсіби медиатор ағымдық /жинақтау шот
  6. Таратылатын банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, олардың филиалдары, ерікті-жинақтаушы зейнетақы қорлары ағымдағы /жинақ ақша шоты
  7. Шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдік ағымдағы шот
  8. Шартты банктік салым ашу  – Қазақстан Республикасының резиденті (Жер қойнауын пайдаланушының салымы, Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қоры) жинақтау шоты
  9. Шартты банктік салым ашу  – Қазақстан Республикасының бейрезиденті (Жер қойнауын пайдаланушының салымы, Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қоры) жинақтау шоты
  10. Қайтадан құрылатын заңды тұлға үшін шартты салым ашу (уақытша жинақ ақша шоты)
  11. Белгілі үшінші тараптың атына Заңды тұлға (филиалдары және өкілдіктері) 
Бөлісу
Алматы