International Desk
Меню

Кастодиалдық қызметтер

Кастодиан – клиенттердің қаржы құралдарының және ақшаларының есебін жүргізетін және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжаттамалық қаржы құралдарын сақтау бойынша міндеттемелерді өзіне алу арқылы оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.

Кастодиандық қызмет көрсету туралы шартқа сәйкес клиент тарапынан кастодианға берілген ақша мен қаржы құралдары кастодиандық қызметтің объектісі болып табылады.

Кастодиан келесі қызметтерді жүзеге асырады:

  1. Кастодиандық қызмет көрсетуге берілген ақшаға, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдарына қатысты клиенттің есепшоттарын ашады;
  2. Кастодиандық қызмет көрсетуге берілген ақшалардың, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдарының есебін жүргізуді қамтамасыз етеді;
  3. Атаулы ұстауды қамтамасыз етеді;
  4. Клиенттің эмиссиялық бағалы қағаздарымен және кастодиандық қызмет көрсетуге берілген өзге қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша төлем агентінің қызметін атқарады;
  5. Клиенттің эмиссиялық бағалы қағаздарымен және өзге қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді тіркейді және оның осы бағалы қағаздар бойынша құқықтарын растайды;
  6. Кастодиандық қызмет көрсетуге берілген эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдары бойынша табыс алады және оларды Клиенттердің есепшоттарына есепке алады;
  7. Эмитенттің тапсырмасы бойынша клиентке ақпарат береді;
  8. Клиентке кастодиандық қызмет көрсету туралы шартпен қарастырылған басқа да қызметтерді көрсетеді;
  9. Құжаттамалық нысанда шығарылған құжаттамалық бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдарын сақтайды.

2013 жылдың қантар айында бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызмет көрсетумен бірге бағалы қағаздар нарығында қызмет көрсетуге, банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға уәкілетті органнан №1.2.199/93/31 лицензиясы алынды.

Банк заңды және жеке тұлғаларға кастодиандық қызметтің барлық түрін көрсетеді және тарифтік реттеудің икемді жүйесін ұсынады. Операциялық және кастодиандық қызметтер үшін тарифтермен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

2016 жылдың 19 қаңтарында Fitch Rating рейтинг агенттігі Банкке халықаралық шкала бойынша ұзақ мерзімді ВВ+ кредиттік рейтингін берді. Бұл ұлттық шкала бойынша қолданыстағы заңнаманың талаптарына сай АА-(kaz) рейтингісіне тең және Банкке брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет атқаруға лицензиясы бар ұйымдар мен банктердің инвестициялық портфелін басқару бойынша қызмет атқаратын ұйымдар үшін кастодиан ретінде әрекет етуге мүмкіндік береді.

State Street Bank Gmbh халықаралық депозитарийде шоттар мен MyStatestreet қашықтықтан қолжетімділік терминалының болуы бізге халықаралық сауда алаңдарына тікелей қолжетімділік береді, сонымен қатар халықаралық мәмілелерді Т+0 ағымында есептеуге, операциялардың статусын, шоттар бойынша қалдықтар мен қозғалыстарды қадағалауға, нақты уақытта көшірмелер қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Алматы