International Desk
Меню

100% ақшалай өтемге аккредитив (Өтелген аккредитив)

Сіз тауарлардың немесе қызметтердің САТЫП АЛУШЫСЫ болып табыласыз, төлем үшін ақша қаражатының жеткілікті сомасы бар, бірақ та Жеткізушінің міндеттемелерді орындамау қаупін болдырғыңыз келмейді...

«Сбербанк» АҚ ЕБ сізге ұсынады: 100% ақшалай өтемге құжаттамалық аккредитив (Өтелген аккредитив)

Артықшылықтар:​

  • Тауарды жеткізу/түсіру немесе алдын-ала төлем орынан қызметтерді көрсету дерегі бойынша төлем.
  • Коммерциялық тәуекелдерден қорғау: тауарды/қызметті алмау, сапасы төмен немесе көлемі аз тауарларды/қызметтерді алу қаупі және т.б. 

Қандай талаптарда ұсынылады?​

  •  100% ақшалай өтемге  

Құжаттарды қарастыру және аккредитивтерді ашу мерзімі:​

  • 1 (бір) банк күні

Қосымша:​

  • Өзге банктің аккредитив растамасын қосу мүмкіндігі («Сбербанк» АҚ ЕБ міндеттемесіне қосымша төлем міндеттемесі). Бұл жағдайда өзге банктің растамасын іздестіру үшін аккредитивті ашу күніне 5 күн қалғанда  «Сбербанк» АҚ ЕБ-ға хабарласу керек.
  • Егер Сізде орналастыруға арналған қаражат жеткіліксіз болса, кредиттік желі аясындағы аккредитивті пайдаланыңыз. 

 Аккредитивті ашу үшін қажетті құжаттар тізбесі:​

  1. Аккредитивті ашу туралы өтініш;
  2. Сізге және «Сбербанк» АҚ арасында жасалатын аккредитив ашу туралы келісім;;
  3. Сатып алушы мен сатушы арасындағы келісім-шарт , қосымша келісімдер, қосымшалар, ерекшеліктері арасындағы шарттың көшірмесі;

Қанша тұрады?​

  1. Тауарларды жеткізуге немесе қызметтерді көрсетуге Сатып алушымен келісімшарт жасадыңыз, ондағы есеп айырысу нысаны ретінде құжаттамалық аккредитив көрсетілген. 
  2. Сіз бізге толтырылған Аккредитивті ашу туралы өтінішті ұсынасыз, Банкпен Аккредитивті ашу туралы шартты жасайсыз, сондай-ақ аккредитив сомасын өзіңіздің ағымдағы шотыңызға саласыз.
  3. Сіздің Аккредитивті ашу туралы өтінішіңіздің негізінде Банк Сатушы пайдасына құжаттамалық аккредитивті ашады. Аккредитивті ашу күні аккредитив сомасындағы ақшалай қаражат сіздің ағымдағы шотыңыздан шығарылып, Банктегі арнайы жабу шотында оқшауланады. 
  4. Сатушы Банкі аккредитивті Сатушыға жібереді (авизолайды).
  5. Сатушы тауарды жөнелтеді/қызмет көрсетеді.
  6. Банкке арналған аккредитивте көзделген құжаттарды ұсынады.
  7. Егер ұсынылған құжаттар аккредитив талаптарына толығымен сәйкес келсе және арнайы өтеу шотына орналастырылған қаржы есебінен аккредитивте белгіленген мерзімде ұсынылса, Банк Сатушы пайдасына төлем жасайды.
  8. Банк Сізге жөнелтім құжаттарын жібереді. 

Маңызды:

Ұсынылған құжаттар аккредитив талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, аккредитив бойынша төлем жүргізілмейді, және банк Сізді құжаттардың аккредитив талаптарынан өзгешелетіндігі жөнінде хабардар етеді және төлем туралы шешім қабылдауыңызды сұрайды. 

Егер құжаттар аккредитивтің қолданылу мерзімі шегінде ұсынылмаса, аккредитив орындаусыз қалады, ал өтеу шотына салынған қаражат клиентке қайтарылады. 

Білгеніңіз жөн

Байланыстар:
Ибраева Динара
Старший банкир УМОиТФ
Тел.: +7 (727) 321-20-96
Mail: Dinara.Ibraeva@sberbank.kz
 
Фатима Ахметова
ҚЖҚ бас маманы
Тел.: + (727) 266-35-68 (ext.502261),
Mail: fatima.akhmetova@sberbank.kz

Бөлісу


Алматы