International Desk
Меню

«Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қаржылық сауықтыру бағыты аясында кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» бағдарламасы

Сіз қарыз жүктемесін төмендете аласыз, төлем қабілеттілігн жақсарта аласыз, қызметтің өнімділігін және өтімділігін жоғарылата аласыз. 

Негізгі артықшылықтар:

  • Әрбір клиентке жеке қызмет көрсету;            
  • Қайтару мерзімін ұлғайту;                                        
  • Төлемдердің тәртібі мен кезектілігн өзгерту;      
  • Сыйақы мөлшерлемесін төмендету;              
  • Заемшыларда бар кредиттік және лизингтік міндеттемелерді өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді ұсыну;                                
  • Есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдар бағдарламасы аясында есептен шығару болған жағдайда.

Заемшыға қойылатын талаптар:

Агроөнеркәсіп кешені саласында, соның ішінде ауыл шаруашылығы  өнімін қайта өңдеу және сату саласында қызметті жүзеге асыратын және кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелері бар  агроөнеркәсіп кешенінің субъектісі.

Мақсаты:

  • Айналым қаражаттарын толықтыру, негізгі құралдарды салу және толықтыру;
  • технологиялық құрал-жабдықты, ауыл шаруашылығы техникасын 

Қаржылық сауықтыру 

  • 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелер бойынша жүзеге асырылады 

Мерзімі 

  • 9 (тоғыз) жылдан аспайтын мерзімге заемшылардың кредиттік және лизингтік міндеттемелерін қайтару мерзімдерін ұлғайту

Бір заемшыға арналған ең жоғарғы сома

  • Заемшының қаржылық сауықтырылуы тиіс кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелер сомасы  4 500 000 (Төрт миллиард бес жүз миллион) теңгеден асқан жағдайда және кредитор біреуден көп болған жағдайда,  екінші деңгейдегі банктер АӨК субъектілерін кешенді сауықтыру бойынша кредиторлар комитетін құрады және қаржылық сауықтырудың кешенді жоспарын ұсынады.  

Басымды бағыттар 

  • №1 қосымша 

Сыйақы мөлшерлемесі

  • Субсидиялау кезінде: Сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау заемшылардың кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша оны теңгеде жылдық 7 (жеті)  %-ға және шетел валютасында 5 (бес)  %-ға төмендету арқылы жүзеге асырылады.
  • Қаржылық агенттің қаржысы есебінен қорландыру кезінде: Заемшылардың қайта құрылымдастырылған /қайта қаржыландырылған шарттары бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесі кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша теңгеде жылдық 7 (жеті)  %-дан және шетел валютасында 5 (бес)  %-дан аспауы тиіс. 

 

Кредит валютасы

KZT, валютада

Комиссиялар

Заемшыларға ұсынылатын кредиттеумен/ лизингті ұсынумен байланысқан қаржылық сауықтыруға қатысумен байланысқан комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге төлемдерді қоспағанда, заемшылардан комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге төлемдерді ұстамайды. 

Тыйым салынады:

Қызметі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанды өзгерту, тарату немесе банкроттық сатысында тұрған заемшылар қатыстырылмайды, заемшылардың қаржылық берешегін, сондай-ақ жылдамдатылған сауықтыру процедурасында немесе сауықтыру процедурасында тұрған заемшылардың берешегін қайта құрылымдау жағдайларын қоспағанда. Бұл жағдайда қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның субсидиялауды тоқтату туралы шешімі шыққан заемшылар қаржылық сауықтыру процедурасына қайтадан қатыса алмайды.  

Ерекше талап

  • Қаржылық сауықтыру есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдарды қаржы институттары есептен шығарған кезде жүзеге асырылады, есептелген мерзімі өткен сыйақы жылдық 0,1 %-дан көп емес сыйақы мөлшерлемесі бар жекелеген кесте (негізгі борышқа капиталдандырусыз) төлемін ұзартумен жүргізіледі, оған заемшының мерзімі өткен сыйақыны негізгі борышқа капиталдандыруға келісімі бар болған жағдайлар кірмейді. 
  • Қайта құрылымдастырылған /қайта қаржыландырылған кредиттік және лизингтік шарттар бойынша талаптардың өзгеруі (сыйақы мөлшерлемесі, төлем мерзімі, негізгі борышты және/немесе сыйақыны төлеу бойынша мерзімін кейінге қалдыру), қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия шешімі бойынша жылына бір реттен  көп емес болуы мүмкін. Бұл ретте қайта құрылымдастырылған/қайта қаржыландырылған кредиттік және лизингтік шарттардың қолданылу мерзімдерін өзгерткен (ұзартқан) жағдайда, субсидиялау мерзімі ұзартылмайды, сондай-ақ сыйақыны негізгі борышқа капиталдандыруға рұқсат берілмейді.

*Қазіргі сәтте Бағдарлама тоқтатылған, Бағдарламаны жаңарту, сондай-ақ Бағдарлама талаптарына өзгерістер енгізу 2016 жылғы наурыздың аяғына жоспарланып отыр.   

Білгеніңіз жөн

Бөлісу


Алматы