International Desk
Меню

Заемшыларды Даму аймақтар III бағдарламасы бойынша кредиттеу талаптары

Өз бизнесіңізді кеңейтудің жаңа мүмкіндіктерін аласыз, ағымдағы шығыстарды төлей аласыз, сондай-ақ бизнесті әрі қарай дамыту жоспарын жүзеге асыра аласыз.

Кредиттеу келесі мақсаттарда беріледі: 

  • негізгі құралдардың жаңасын сатып алуға және ескісін жаңартуға
  • айналым қаражаттарын толықтыруға

Негізгі артықшылықтары:

  • Өтінімдерді қарастырудың қысқа мерзімдері;
  • Әрбір клиентке жеке қызмет көрсету;
  • Заемды мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұлдық санкциялардың жоқтығы
  • Бағдарлама аясында қаржыландыруды алған Заемшылар субсидиялауды және/немесе кепілдендіруді алу үшін «Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына қатысу туралы өтінімді беруге құқылы. 

Заемшыға қойылатын талаптар:

  1. ҚР заңнамасына сәйкес әрекет ететін шағын және/немесе орта кәсіпкерлік субъектісі.
  2. Жобалар субсидиялауды және/немесе кепілдендіруді алу үшін «Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының талаптарына сәйкес келуі тиіс.  
  3. Бір Заемшының Банктік заем шарты ойынша берілген заемы бойынша, сондай-ақ Қор қаржыландыру көзі болып табылатын барлық өзге заемдар бойынша Банк алдындағы негізгі борыш бойынша берешек қалдығының жалпы сомасы 750 000 000 (жеті жүз елу миллион) теңгеден көп емес.

ШОКС қаржыландыруға тыйым салынады:

  1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы «10» ақпандағы № 52 «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізімін бекіту туралы» бұйрығында және/немесе Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы № 145 Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы Қаулысында көзделген оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлғалар,  сондай-ақ құрылтайшылары (соның ішінде қатысушылары, акционерлері) оффшорлық аймақтарда тіркелген  заңды тұлғалар; 
  2. «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ, «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС деректеріне сәйкес заемды алу күні мерзімі өткен берешегі бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
  3. салықтар мен бюджетке өзге де міндетті төлемдер бойынша өтінімді қарастру сәтінде айлық есептік көрсеткіштің 10 еселік мөлшерінен асатын берешегі бар шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі;
  4. акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлесінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы компанияға, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (кепілдендіру құралын қолданған кезде  - әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) тиесілі, құрылтайшылары (соның ішінде қатысушылары, акционерлері) ретінде ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен ұйымдар саналатын заңды тұлғалар;
  5. мемлекеттік кәсіпорындар.

Өнімнің толық талаптары:

Кредиттеу мақсаты
  • Жаңа құрал-жабдықты сатып алуға және есксін жаңартуға
  • айналым қаражаттарын толықтыруға
Қаржыландыру түрі Кредит/Жаңартылатын /Жаңартылмайтын кредиттік желі
Мерзімі
  • Заем мерзімі - 84 (сексен төрт) айдан көп емес
Бір заемшыға шаққандағы ең көп сома
  • 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге
Сыйақының номиналды мөлшерлемесі 
  • Жылдық 14 % (он төрт  пайыздан көп емес) 
Қамтамасыз ету Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында қаржыландыруды алуға үміткер және  қаржыландыру туралы өтінімді қарастыру сәтінде кепілдік шартын жасаған заемшыларға Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында Банк қаржыландыратын мәміле кепіліне Қордың жаңа кепілдігін алу керек.
Кредит валютасы KZT
Сыйақыны өтеу Ай сайын
Негізгі борышты өтеу

Ай сайын, тең үлестермен немесе аннуитетті төлемдермен.

Комиссиялар «Жинақ банкі» АҚ ЕБ қызметтері тарифтерінің жинағына сәйкес.
Игеру нысаны Соңғы заемшының Заем қаражатын пайдалануы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады. 
Негізгі борыштың және сыйақының мерзімі кешіктірілген төлемі үшін айыппұл
  • Мерзімін кешіктірудің әрбір күні үшін мерзімі кешіктірілген берешек сомасының  0,2 % (нөл бүтін оннан екі пайызы)
Айыппұлдар
  • Кредит бойынша ақшаны мақсатсыз пайдаланғаны үшін  - мақсатсыз пайдалануға жұмсалған соманың 15% (он бес пайызы)
  • Кредитті желіні игермегені немесе уақытылы игермегені үшін – игерілмеген немесе уақытылы игерілмеген кредиттік желі сомасының 5% (бес пайызы) 
Тыйым салынады
  • заңды  тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу;
  • Соңғы заемшылардың шаруашылық шығындарын жабу;
  • Сенімді тұлғалардың (агенттердің) қызметтері ақысын төлеу;
  • Соңғы заемшылардың заемдарын қайта қаржыландыру;
  • Қару-жарақты, құрамында есірткісі бар  заттарды және азаматтық айналымнан алынған өзге мүлікті өндіруді және/немесе жеткізуді көздейтін жобаларды жүзеге асыру үшін;
  • ойын бизнесін ұйымдастыруды/дамытуды жүзеге асыруға;
  • террористік және/немесе Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынған кез келген өзге қызметпен байланысқан қызметте көзделген жобаларды жүзеге асыруға;
  • бұрын болған шығындарды өтеу, жеке және заңды тұлғалардан, соның ішінде Соңғы заемшының қатысушыларынан/ акционерлерінен/ лауазымды тұлғаларынан   алынған қаржылық көмекті өтеу;
  • үлестес/байланысқан компаниялардан/тұлғалардан активтерді, жұмыстарды және қызметтерлі сатып алуға;
  • бірнеше үлестес соңғы заемшылардың 500 000 000 (бес жүз миллион) теңгеден астам жалпы сомаға бір бизнес-жобаны жүзеге асыруы үшін. 

Бір бизнес жоба – бұл төмендегі критерийлерге бір уақытта сәйкес келетін екі және одан көп жобалардың жиынтығы:

  - жоба бір нысан аумағында жүзеге асырылады;

  - қызмет КҰЖЖ-нің бір ішкі класы аясында жүзеге асырылады;

  - бір бизнес-жобаны жүзеге асырушы;

Соңғы заемшылар арасында қаржылық ағымдар бар;

  • акцизделетін тауарларды шығаруды көздейтін жобаларды жүзеге асыру (моторлық көлік құралдарын шығаруды және өзі өндірген жүзімнен шарап өндіруді қоспағанда – кепілдендіру құралын қолданған кезде);
  • кез келген бағалы қағаздарға инвестицияларды қарастыратын жобаларға;
  • металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды жүзеге асырушы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы №1434 қаулысына сәйкес, мониторинг жүргізілетін Ірі салық төлеушілер тізіміне кіретін соңғы заемшылар үшін (кепілдендіру құралын қолдану кезінде қосылады) 
  • тау-кен өндірісіндегі жобаларды жүзеге асыру, оған қиыршық тас және құм карьерлерін игеруді қоспағанда (кепілдендіру құралын қолдану кезінде қосылады)
  • қонақ үй немесе қонақ үй кешендерін сатып алу (кепілдендіру құралын қолдану кезінде қосылады). 
  • нәтижесінде үшінші тұлғаларға ресімделетін мүлікті/активтерді сатып алу, сондай-ақ  мемлекеттік меншікте тұрған жер теліміндегі құрылысты жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, үшінші тұлғаға ресімделген жер теліміндегі нысанды салуға;
  • Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жалғандық немесе бүркемелік белгілері бар мәмілелерді төлеуге.  Жалғандық немесе бүркемелік дерегі сот шешімі бойынша белгіленеді;
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы «10» ақпандағы № 52 «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізімін бекіту туралы» бұйрығында және/немесе Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы № 145 Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы Қаулысында көзделген оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлғалар,  сондай-ақ құрылтайшылары (соның ішінде қатысушылары, акционерлері) оффшорлық аймақтарда тіркелген/ашылған  контрагенттердің заңды мекенжайы және/немесе деректемелері туралы ақпараты бар кез келген шарттар/келісімшарттар/келісімдерді төлеуге;
  •  
   
   

Толығырақ ақпаратты Сіздер өз қалаңыздағы Банк бөлімшесіне хабарласу арқылы немесе Байланыс ортылығының  8 (727) 250-30-20, Қазақстанның өзге аймақтарында  8-8000-808-808 телефондары арқылы алуларыңызға болады. 

Білгеніңіз жөн

Бөлісу


Алматы