International Desk
Меню

Кредиттер, сондай-ақ технологиялық құрал-жабдықты және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламасы

Кредиттер, сондай-ақ технологиялық құрал-жабдықты және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың негізгі мақсаты  - агроөнеркәсіп кешені (бұдан әрі – «АӨК») субъектілеріне қаржылық қызметтердің қол жетімділігін арттыру.

АӨК саласында төмендегілерге бағытталған  кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидиялануы тиіс:​

  • Айналым қаражаттарын толықтыру,  негізгі құралдарды сатып алу және құрылыс;
  • Технологиялық құрал-жабдықтың, ауыл шаруашылығы техникасының лизингі;

Негізгі артықшылары:

  • Өтінімдерді қарастырудың қысқа мерзімдері;
  • Әрбір клиентке жеке көзқарас;
  • Комиссия мақұлдаған заем шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шарттың бүкіл әрекет ету мерзімінде жүзеге асырылады;
  • Егер заемшының заем шарттары бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігіне тең немесе аз болса, онда кредиттік шарттар бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі толығымен субсидияланатын болады.

Заемшыларға қойылатын талаптар:​

  • Теңгеде жылдық 14 %-дан аспайтын және шетел валютасындағы жылдық 10 %-дан аспайтын заем шарттары бойынша сыйақының белгіленген номиналды мөлшерлемесі;
  • субсидиялау туралы өтінімді беру күні негізгі борышты және сыйақыны өтеу бойынша орындалмаған міндеттемелердің жоқтығы;

басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша, Республикалық бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры есебінен қаржыландырылған заем шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түріндегі қолдаудың жоқтығы.

Білгеніңіз жөн

Бөлісу


Алматы