International Desk
Меню

Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу үшін екінші деңгейдегі банктерді ҚДБ-нің банкаралық кредиттік бағдарламасы бойынша Заемшыны қаржыландыру талаптары

Заемшы

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, сондай-ақ басым салалар тізіміне сәйкес Қазақстан Республикасын индустриалды-инновациялық дамыту аясында жобаны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын ірі кәсіпкерлік субъектісі.

2016 жылғы орташа жылдық кірісі 6 363 000 000,00 (алты миллиард үш жүз алпыс үш миллион) теңгеден көп болуы тиіс, немесе қызметкерлердің орташа жылдық саны 250 адамнан аспауы тиіс.   

Заем сомасы

200 000 000 (Екі жүз миллион) теңгеден 5 000 000 000 (Бес миллиард) теңгеге дейін

Заем валютасы

теңге

Сыйақы мөлшерлемесі

жылдық 6 %-дан (Алты пайыздан) көп емес

Заем мерзімі

120 (Бір жүз жиырма) ай

Мақсатты пайдаланылуы

Инвестициялық мақсаттар

Заем бойынша негізгі борышты өтеудің  жеңілдікті кезеңі

24 (Жиырма төрт) ай

Тыйым салынады:

1) Заемшыны төмендегі мақсаттарға қаржыландыруға:

- заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу;

- бұрын болған шығындарды өтеу;

- негізгі құралдарды үлестес/байланысқан компаниялардан/тұлғалардан сатып алу

- бұрын берілген кредиттерді қайта қаржыландыру;

2) Банктің ішкі нормативтерімен анықталған жағымсыз кредиттік тарихы бар Заемшыларды қаржыландыруға;

3) қаржыландыру басталғанға дейін 6 (алты) ай ішінде салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі бар, сондай-ақ Банк алдында мерзімі өткен берешегі бар Заемшыларды қаржыландыруға;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің субъектілердің қаржыландырылуын  қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-әрекеттер жоспары аясында заем (өтелген заемды қоспағанда) алған Заемшыны қаржыландыруға;

5) Заемшыны қаржыландыруға:

- Акцизделетін тауарларды шығаруды көздейтін жобаны жүзеге асыратын;

-құрылтайшылары болып акцияларының елу және одан көп пайызы (жарғылық капиталға қатысу үлесімен)  тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен ұйымдар болып табылатын ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар (оларға әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар кірмейді), сондай-ақ меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген  заңды тұлғалар;

- Заемшының заемымен байланысқан комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге төлемдерді алу, оған Заемшының заем бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынған комиссиялар, алымдар және (немесе) өзге төлемдер кірмейді.

Мемлекеттік тіркеу сәтінен кем дегенде алты ай өткен сәттен бастап Заемшыларды қаржыландыру (қолданыстағы кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда);

- бірнеше үлестес соңғы заемшылардың 5 000 000 000 (бес  миллиард) теңгеден астам жалпы сомаға бір бизнес-жобаны жүзеге асыруы үшін бірнеше үлестес соңғы заемшыны қаржыландыруға тыйым салынады. Бір бизнес жоба – бұл төмендегі критерийлерге бір уақытта сәйкес келетін екі және одан көп жобалардың жиынтығы:

- қызмет КҰЖЖ-ның бір кіші сыныбы аясында жүзеге асырылады;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы №52 бұйрығында қарастырылған оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлғалар контрагенттері болып табылатын Заемшымен жасалған кез келген шарттарға/келісімшарттарға/келісімдерге төлем жасауға кредит қаражатын Заемшының пайдалануы;

- Заемшыларға  ІКС өндіретін меншікті өнімді ғана сатуға арналған мауда алаңдарын қоспағанда, өндірістік циклға тікелей қатыспайтын профильдік емес активтерді, соның ішінде жеңіл автокөліктерді және меншікті өнімін, өндірістік процеске қажетті шикізат пен материалдарды сақтауға арналған сауда  алаңдарын, сондай-ақ соңғы заемшының меншікті өнімін ғана сатуға арналған сауда алаңдарын сатып алу/құру мақсаттары үшін кредит  беру. Жеңіл автомобиль түсінігі Қазақстан Республикасының 04.07.2003 ж. № 476-II «Автомобиль көлігі» заңына сәйкес анықталады;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы №52 бұйрығында қарастырылған оффшорлық аймақтарда тіркелген, сондай-ақ қатысушылары/акционерлері оффшорлық аймақтарда тіркелген  Заемшыларды қаржыландыру;

- Заемшыларға соңынан үшінші тұлғаларға ресімделетін мүлікті/активтерді сатып алуға  бағытталған кредиттерді беру, соның ішінде үшінші тұлғаға ресімделген жер теліміндегі нысанды салуға, мемлекеттік меншікте тұрған жер теліміндегі құрылыс жағдайларын қоспағанда;

- әрі қарай жалға беру/ақысыз пайдалану үшін жылжымайтын мүлікті және/немесе өзге активтерді сатып алу/салу мақсаттарына Заемшыларға кредиттерді беру;

Заемшының міндеттемелері:

Заемшы міндетті:

- есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз нысанында ғана заем қаражатын пайдалану;

- заем қаржысын жалған және бүркеме мәмілелерді төлеуге жұмсамауға. Жалғандық немесе бүркемелік дерегі сот шешімі бойынша белгіленеді;

- егер тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алудың өзге мерзімі заемшының контрагентпен жасалған тиісті шарттарында қарастырылмаса, соңғы заемшының шотына заемды аударған күннен бастап 6 (алты) ай ішінде заемды толық мақсатты пайдалану туралы;                                             - заемшы активті сатып алу-сату немесе заем шарты есебінен алынған активті шеттету мәмілесін бұзған жағдайда, заемшы осындай бұзу/шеттетуден кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Банкті жазбаша хабардар етуге міндетті. Бұл талап сәйкес банктік заем шартында тіркелуі тиіс. «ҚДБ» АҚ жазбаша талабын жіберген жағдайда, Заемшы Қордың талаптарында көрсетілген тәртіпте және мерзімде заемды мерзімінен бұрын өтеуге міндетті;                           - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне төмендегілерге сәйкес заемшы қызметіне қатысты салықтық құпия болып табылатын мәліметтерді ұсынуға келісімді ресімдеуге:

а) шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғам үшін төмендегілер туралы мәліметтер:
  • түзетулері ескерілген жиынтық жалпы кіріс;
  • сатылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша шығындар;
  • қызметкерлердің есептелген шығындары және жеке тұлғалардың өзге төлемдері бойынша шығындар;
  • шетелдік қаржы көздерінен кірістер;
  • таза кіріс;
  • қызметкерлері саны (адам);

салықтық төлемдер сомасы (корпоративтік табыс салығы бойынша шығындарды, құнға қосымша салықты, әлеуметтік салықты, жеке табыс салығын қоса).

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кәсіпкерлік субъектілерінің қаржыландырылуын  қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-әрекеттер жоспары аясында өңдеуші өнеркәсіп саласындағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін әрі қарай кредиттеу үшін екінші деңгейдегі банктерге Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржысын орналастыру бағдарламасына қатысушы кәсіпорындарға арналған басым кіші салалар тізімі


Секция

Атауы

Код ОКЭД

С

Өңдеуші өнеркәсіп

10-33.

 

Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

10

 

Сусындар өндірісі

11

 

Тоқыма бұйымдарының өндірісі

13

 

Киім-кешек өндірісі

14

 

Былғары және оған жататын өнім өндірісі

15

 

Жиһаздан басқа, ағаштан және ағаштың сыртқы қабығынан жасалған бұйымдардың өндірісі; сабаннан және өру материалынан жасалған бұйымдар өндірісі                   

16

 

Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі

17

 

Жазылған материалдарды басып шығару және көшіру

18

 

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі

19

 

Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

20

 

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі

21

 

Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі

22

 

Өзге металл емес минаралды өнім өндірісі

23

 

Металлургия өнеркәсібі

24

 

Металл бұйымдар, машиналар мен құрал-жабдықтар өндірісі


25

 

Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнім өндірісі

26

 

Электр құрал-жабдығының өндірісі

27

 

Өзге санаттарға кірмейтін машиналар мен құрал-жабдық өндірісі

28

 

Автокөлік құралдарын, трейлер және жартылай тіркеме өндірісі

29

 

Өзге көлік құралдары өндірісі

30

 

Жиһаз өндірісі

31

 

Өзге дайын бұйымдар өндірісі

32

 

Машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу және орнату

33

Білгеніңіз жөн

Бөлісу


Алматы