International Desk
Меню

«Басым жобаларға кредит беру тетігі» бағдарламасы

  1. Кредиттеу субъектісі – жеке кәсіпкерлік субъектілері.
  2. Бір Қарыз алушыға берілетін қарыздың ең кіші сомасы: 1 жеке кәсіпкерлік субъектісіне берілетін қарыздың ең жоғары сомасы – шектеусіз, бұл ретте өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтер жобаларына 10 млрд теңгеден астам сомаға, сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру және өңдеу бойынша 500 млн теңгеден астам сомаға  кредит берілген жағдайда, тиісті саладағы орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет.
  3. Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 15% аспайды;
    Субсидиялау мөлшерлемесі – өңдеу өнеркәсібі бойынша 6% жеке кәсіпкерлік субъектілері төлейтін болады, айырмасын мемлекет субсидиялайды.*агроөнеркәсіптік кешен саласында – субсидиялау мөлшерлемесі жылдық 10% дейін.
  4. Қарыз мерзімі:
    - инвестицияларға – 84 айға дейін.
    - Тетік бойынша айналым қаражатын толықтыруға – 36 айға дейін.
  5. Пайдалану мақсаты: 
    - өңдеу өнеркәсібіндегі және агроөнеркәсіптік кешендегі инвестицияларға (ерекше талаптармен туризм және білім саласына рұқсат беріледі);
    - айналым қаражатын толықтыруға. Бұл ретте ЕДБ айналым қаражатын толықтыру мақсатына жеке кәсіпкерлік субъектілері жобаларына бастапқы кредит беру кезінде бір қарыз алушыға есептегенде берілетін кредиттік қаражаттың 50% аспайтын мөлшерін жібере алады.
    * Бұл шектеу агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша (ЭҚТЖЖ 0111,0113, 0116, 0119, 0121,0124, 0125,0142, 0141,0143,0144,0145,0147,0149,0321,0322,0312) жобаларды қаржыландыруға қолданылмайды.
  6. Қаржыландырған кезде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын міндетті талаптар:
    -  Жобаның пайдаланылу мақсатын растау үшін Қосымшаға сәйкес басым жобаларға кредит беруге арналған Тізбеде көрсетілген тауарлардың кемінде бір түрін шығару міндетті.
    -  Бағдарлама бойынша Қарыз алған жеке кәсіпкерлік субъектілері қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық есептілігінің деректері негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтауға/арттыруға немесе табыстың 10%-ға өсуіне қол жеткізуге міндетті.

Білгеніңіз жөн

Бөлісу


Алматы