International Desk
Меню

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы

Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы

Өңдеуші өнеркәсіптегі  және өңдеуші өнеркәсіпке қызмет көрсетуге қатысты қызметтер саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу үшін «Даму» КДҚ АҚ арқылы екінші деңгейдегі банктерді қаржыландыру арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржысын шартты орналастыру бағдарламасы негізінде Заемшыны қаржыландыру бойынша ұсынылатын талаптар: 

Заемшы

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес осылай аталатын, жобаны ЭҚЖЖ тізімінде көрсетілген басым салалар тізіміне сәйкес өңдеуші өнеркәсіпте және ЭҚЖЖ тізімінде көрсетілген басым салалар тізіміне сәйкес өңдеуші өнеркәсіпке қызмет көрсететін қызметтер саласында  жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі. Орташа жылдық кіріс  6 363 000 000 (алты миллиард үш жүз алпыс үш  миллион) теңгеден аспауы тиіс және жұмыскерлердің орташа жылдық саны 250 адамнан аспауы тиіс. 

Заем сомасы

1 850 000 000 (Бір миллиард сегіз жүз елу  миллион) теңгеге дейін

Заем валютасы  теңге
Сыйақы мөлшерлемесі 

жылдық 6 %-дан (алты пайыздан) көп емес

Заем мерзімі

  • Инвестициялық мақсаттарға (негізгі құрал-жабдықтың жаңасын сатып алу, жасау және жаңарту) - 120 (бір жүз жиырма) айға дейін;
  • Айналым қаражаттарын толықтыруға – 60 (алпыс) айға дейін
Қол жетімділік кезеңі

Бір жылдан көп емес

Мақсатты пайдаланылуы:

 

  • өңдеуші өнеркәсіпте жобаларын жүзеге асыратын Заемшылардың инвестициялқ мақсаттарына
  • Заемшылардың айналым қаражаттарын толықтыруға,
  • заемдарды қайта қаржыландыруға (Банкке қайта қаржыландыру туралы өтінімді берген күнге кем дегенде 1 жыл қалғанда оларды беру талабында)

Айналым қаражаттарын толықтыруға арналған кредиттер өңдеуші өнеркәсіпке жататын қызметтер саласында жобаны жүзеге асыратын Заемшыға берілмейді.  

Запрещено
  1.  Төмендегі клиент Бағдарламаның қатысушысы бола алмайды:
    • Акцизделетін тауарларды шығаруды көздейтін жобаны жүзеге асыратын; 
    • құрылтайшылары болып акцияларының 50 және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен ұйымдар болып табылатын ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар (оларға әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар кірмейді), сондай-ақ меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген  заңды тұлғалар;
  2. Банктің ішкі нормативтерімен анықталған теріс кредиттік тарихы бар Заемшыны қаржыландыру;
  3. Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешек, сондай-ақ қаржыландыру басталған күннен бастап дейін 6 (алты) ай ішінде 15 күнтізбелік күннен астам уақытқа созылған Банк алдындағы мерзімі өткен берешек бар болған жағдайда, Заемшыны қаржыландыру;
  4. Заемшыны төмендегі мақсаттарға қаржыландыру:
    • заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу;
    • бұрын болған шығындарды өтеу;
    • үлестес/байланысқан компаниялардан/тұлғалардан негізгі құралдарды, активтерді сатып алу;
  5. 2014 жылғы «05» желтоқсандағы №1276 Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кәсіпкерлік субъектілерінің қаржыландырылуын  қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-әрекеттер жоспары аясында заем (өтелген заемды қоспағанда) алған Заемшыларды қаржыландыру 
  6. заемшы Бағдарлама аясында алынған заем қаражатын есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз нысанында ғана пайдаланады. Заемшы осы талапты бұзған жағдайда, бұл дерек заемшының заемды мақсатсыз пайдалануы ретінде бағаланатын болады. 
  7. Заемшының заемымен байланысқан комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге төлемдерді алу, оған Заемшының заем бойынша (Қормен келісім бойынша) міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынған комиссиялар, алымдар және (немесе) өзге төлемдер кірмейді. 
  8. Алты айдан аз уақыт өткен соң мемлекеттік тіркеген сәттен бастап  Заемшыны қаржыландыру  (қолданыстағы кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру жағдайын қоспағанда);
  9. Кредиттік бюроның деректеріне сәйкес екінші деңгейдегі банктердегі  қаржыландыру туралы кредиттік өтінімді берген сәттен бастап 90 күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен несие берешегі бар Заемшыларды қаржыландыру;
  10. 1 850 000 000 (бір миллиард сегіз жүз елу миллион) теңгеден асатын жалпы сомаға бір бизнес - жобаны жүзеге асыру уші бірнеше үлесес Заемшыларды қаржыландыру.  Бір бизнес - жоба ретінде төмедегі критерийлер жиынтығына сәйкес келетін екі және одан көп жобалар алынады:

    a) жоба бір нысан аумағында жүзеге асырылады;
    b) қызмет ЭҚЖЖ бір кіші сынып аясында жүзеге асырылады;
    c) Заемшылар қаржыландыру туралы  өтінімді бергенге дейін 12 ай ішінде  бір бизнес-жобаны жүзеге асыратын Заемшылар арасындағы қаржылық ағымдар бар
  11. Заемшының кредит қаражатын Заемшымен жасалған контрагенттері болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы №52 бұйрығында қарастырылған оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлғалар саналатын кез келген шарттарды/ келісімшарттарды/ келісімдерді төлеу үшін пайдалану;
  12. Заемшыларға  ІКС өндіретін меншікті өнімді ғана сатуға арналған сауда алаңдарын қоспағанда, өндірістік циклға тікелей қатыспайтын профильдік емес активтерді, соның ішінде жеңіл автокөліктерді және меншікті өнімін, өндірістік процеске қажетті шикізат пен материалдарды сақтауға арналған сауда  алаңдарын, сондай-ақ соңғы заемшының меншікті өнімін ғана сатуға арналған сауда алаңдарын сатып алу/құру мақсаттары үшін кредит  беру.  Жеңіл автомобиль түсінігі Қазақстан Республикасының 04.07.2003 ж. № 476-II «Автомобиль көлігі» заңына сәйкес анықталады;
  13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы №52 бұйрығында қарастырылған оффшорлық аймақтарда тіркелген, сондай-ақ қатысушылары/акционерлері оффшорлық аймақтарда тіркелген  Заемшыларды қаржыландыру;
  14. Заемшыларға соңынан үшінші тұлғаларға ресімделетін мүлікті/ активтерді сатып алуға  бағытталған кредиттерді беру, соның ішінде үшінші тұлғаға ресімделген жер теліміндегі нысанды салуға, мемлекеттік меншікте тұрған жер теліміндегі құрылыс жағдайларын қоспағанда;
  15. әрі қарай жалға беру/ақысыз пайдалану үшін жылжымайтын мүлікті және/немесе өзге активтерді сатып алу/салу мақсаттарына Заемшыларға кредиттерді беру;
  16. Заемшының заемымен байланысқан комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге төлемдерді алу, Заемшының заем бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынған комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге төлемдерді қоспағанда
Заемшының міндеттемелері

Заемшының міндетті:
- заем қаржысын қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың нысанында ғана пайдалануға;                       - заем қаржысын жалған және бүркеме мәмілелерді төлеуге жұмсамауға. Жалғандық немесе бүркемелік дерегі сот шешімі бойынша белгіленеді;                                                                          - егер тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алудың өзге мерзімі заемшының контрагентпен жасалған тиісті шарттарында қарастырылмаса, соңғы заемшының шотына заемды аударған күннен бастап 6 (алты) ай ішінде заемды толық мақсатты пайдалану туралы;                                                - заемшы активті сатып алу-сату немесе заем шарты есебінен алынған активті шеттету мәмілесін бұзған жағдайда, заемшы осындай бұзу/шеттетуден кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Банкті жазбаша хабардар етуге міндетті.   Бұл талап сәйкес банктік заем шартында тіркелуі тиіс. «ҚДБ» АҚ жазбаша талабын жіберген жағдайда, Заемшы Қордың талаптарында көрсетілген тәртіпте және мерзімде заемды мерзімінен бұрын өтеуге міндетті;                                                                                       - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне төмендегілерге сәйкес заемшы қызметіне қатысты салықтық құпия болып табылатын мәліметтерді ұсынуға келісімді ресімдеуге:


а) шаруашылық серіктестікке, акционерлік қоғамға арналған төмендегілер туралы мәліметтер:

  • түзетулер ескерілген жиынтық жылдық кіріс;
  • сатылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша шығындар;
  • қызметкерлердің есептелген кірістері және жеке тұлғаларға өзге төлемдері бойынша шығындар;
  • шетелдік қаржы көздерінен кірістер;
  • таза кіріс;
  • қызметкерлер саны (адам);

салықтық төлемдер сомасы (корпоративтік табыс салығы, қосымша құн салығы, әлеуметтік салық, жеке табыс салығы бойынша шығындар).

 

Шектеулер

Егер ІКС Үкіметтің  05.12.2014ж. және 11.03.2015 ж. №124  Қаулысының аясында бұрын соңды қаржыландырылған жағдайда, Үкіметтің 05.12.2014 ж. №1276 қаулысы және 11.03.2015 ж. №124 Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің субъектілердің қаржыландырылуын  қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-әрекеттер жоспары аясында берілген Заем бойынша берешек қалдығының жалпы сомасы 5 000 000 000 (Бес миллиард) теңгеден аспауы тиіс. 

* қаржыландыруға  өңдеуші өнеркәсіпте қызметін жүзеге асыратын компанияларға қызметтерді ұсынуды жүзеге асыратын Заемшының жобалары жіберіледі (осы қызметтік жобаның №3 қосымшасында көрсетілген тізімге сәйкес). Бұл жағдайда Заемшының өңдеуші өнеркәсіп компанияларына ұсынылатын қызметтерді сатудан түскен жылдық түсімі жылдық түсімнің жалпы  сомасының  кем дегенде  50%-ы болуы тиіс.

 

Білгеніңіз жөн

Бөлісу


Алматы