International Desk
Меню

Астана қ. шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бағдарламасы

Бұл Бағдарламаның негізгі мақсаты  - Астана қаласы аумағында ресми тіркелген және қаржыландыруды қарастыру үшін жобаларын ұсынған заемшыларды қаржыландыру, бұл шараны жүзеге асыру Астана қ. аумағында жоспарланған.

Бағдарламаның қатысушылары:

  1. Астана қ. әкімдігі;
  2. «Даму» КДҚ» АҚ
  3. ЕДБ

Мақсатты  аудитория:

Астана қ. аумағында ресми түрде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, 29 жасқа дейінгі (қоса)  бизнесті бастап жатқан жас жеке кәсіпкерлер. Банкке хабарласқан сәтте жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі – 3 (үш) күнтізбелік жылдан аз. Орташа жылдық кіріс 6 363 000 000,00 (алты миллиард үш жүз алпыс үш миллион)  теңгеден аспауы тиіс және қызметкерлердің орташа жылдық саны 250 адамнан аспауы тиіс.  

Кредиттеу мақсаты

-негізгі құралды сатып алу, жаңарту;

- айналым қаражатын толықтыру.

Мерзім

- негізгі құралдарды сатып алуға және жаңартуға – 83 айға дейін, бірақ та 30.06.2022ж. кеш емес;
-  айналым қаражатын толықтыруға - 36 айға дейін, бірақ та 30.06.2022ж. кеш емес.

Сыйақының номиналды мөлшерлемесі:

жылдық 7 % (Жеті пайыздан) көп емес.

Мақсатты пайдаланылуы:

Негізгі құралдарды сатып алу, жаңарту және айналым қаражаттарын толықтыру.

Кредит валютасы:

KZT

1 ШОКС-ға арналған ең көп сома:

20 млн. теңге.

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең

18 айдан көп емес.

Ерекше талап

- Бағдарламаға қатысатын ШОКС кепілдікті алу үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасына қатысу туралы өтінім беруге құқылы;
- қаржыландыру кезінде салалық шектеулер жоқ;
- АҮК арқылы міндетті түрде мақұлдау
 

Заемдарды төмендегі  мақсаттарға беруге тыйым салынады: 

- Заемшылардың қолданыстағы заемдарын қайта қаржыландыру;                                                                         - заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу;             - Заемшылардың шаруашылық қызметінің шығындарын өтеу;     - сенім білдірілген тұлғаның (агенттің) қызметіне ақы төлеу;   - Заемшының бұрын-соңды болған шығындарын өтеу;               - үлестес тұлғалардың негізгі құралдарын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алу.

Тыйым салынады:

- салықтар және мемлекеттік бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің болуы оның мәні көрсетілген құжатты берген күні анықталған 10 (он) айлық есептік көрсеткіштен аз болған жағдайда, нөлге теңестіріледі.;
- бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша берешектің болуы; бұл жағдайда бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша берешектің жоқ екендігі талаптарының растамасы жобаны қаржыландыру өтінімінде Заемшылармен расталуы тиіс.  - бизнестің ұқсас түрімен айналысатын үлестес тұлғалардың болуы.

Заем бойынша негізгі борышты, сыйақыны, тұрақсыздық айыбын өтеуді кешіктіру үшін өсімпұл (айыппұл, өсімпұл) 

Мерзімін кешіктірудің әрбір күні үшін мерзімі өткен берешек сомасының 0,2%-нан көп емес.

Білгеніңіз жөн

Бөлісу


Алматы