Бизнеске арналған сервистер

Email-маркетинг

Email қосымша сатылымдарды түрлендіретін толыққанды маркетинг арнасы ретінде.

Netpeak - Қазақстан, Украина және Болгариядағы SEO және контекстік жарнама бойынша №1 интернет-маркетинг агенттігі. Агенттік қызметтерінің басты бағыттары: сайттар мен мобильді қосымшаларды ілгерілету, контексттік жарнама, email-маркетинг.


«Email-маркетинг» қызметі — бұл электрондық хаттарды, messenger хабарламаларды, SMS және push-жіберілімдерді жіберу арқылы тапсырыс берушінің әлеуетті клиенттерімен тұрақты және жүйелі коммуникацияны баптау.
 
Email-маркетинг — клиенттерді тартуға, ұстап қалуға және қайтаруға бағытталған іс-шаралар кешені.  Бұл бизнес үшін ең нәтижелі интернет-маркетинг құралдарының бірі. Email-маркетинг интернет-дүкендер, онлайн-сервистер және коммерциялық сайттар үшін тиімді болады, ол бейілділікті, орташа чекті және сатып алу жиілігін арттыруға көмектеседі.
 
Сіздің бизнесіңіз үшін email шеше алатын міндеттер:
• интернет-маркетингтің сатылымы мен тиімділігінің өсуі;
• «ұйқыдағы» клиенттерді қайта белсендіру;
• толық сегментацияның арқасында мүдделі аудитория үшін тауарлар мен қызметтерді жылжыту;
• брендке деген адалдықтың және оның танылуының өсуі.
 
«Email-маркетинг» қызметінің артықшылықтары:
• Хаттарды жіберу құны салыстырмалы түрде төмен.
• Дұрыс бапталған email құралынан конверсия басқа трафик арналарына қарағанда әлдеқайда жоғары. Мысалы, интернет-дүкендегі триггерлік хаттар бойынша конверсия 5-7% көрсеткішке жетуі мүмкін.
• Қызығушылықтар мен басқа параметрлер бойынша базаны нақты сегментациялау, оны кәсіпкер тұтынушыларды сұрау алу арқылы анықтай алады - кешенді түрді бұл конверсияны арттыруға мүмкіндік береді.
• «Тасталған себеттерді» қайтару, сайт парақшаларын қарауды арттыру және ілеспе тауарларды қосымша сату үшін тамаша құрал.
 
Email-маркетинг негізгі арналарды (SEO & PPC) тамаша толықтырады, осылайша интернет-маркетингтің толықтай тиімділігін арттырады.