Бизнеске арналған сервистер

Нарықты маркетингтік зерттеу

Сбербанк клиенттері үшін 20% жеңілдікпен

 

Mainstream Partners – экономиканың түрлі салаларында (құрылыс, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы) инвестициялық жобалар үшін бизнес жоспарлар мен маркетингтік зерттеулер жасауда үлкен тәжірибеге ие зерттеу компаниясы.


Маркетингтік зерттеу — нарық сыйымдылығын, тұтынушылардың, бәсекелестердің компания өнімдерін өндіру және сату саласындағы жүріс-тұрысын, ықыластары мен қалауларын зерттеуге бағытталған бизнес-зерттеу нысаны.
 
Нарық сыйымдылығын білу — шешім қабылдау үшін маңызды ақпарат. Нарыққа шығатын жаңа жоба үшін маркетингтік зерттеу тәуекелдерді барынша болдырмауға мүмкіндік береді. Қолданыстағы бизнес үшін нарықты зерттеу қандай бағытта күш салу керектігін түсінуге, жаңа мүмкіндіктерді ашуға мүмкіндік береді.
 
Нарықты маркетингтік зерттеудің мақсаты — бір жағынан нарықтың нақты және әлеуетті ықтимал факторлары мен жағдайларын, екінші жағынан, оның ұстанымдары мен келешегін ескере отырып, компанияның стратегиясы мен тактикасын құру.

 

Нарықты маркетингтік зерттеу қызметі Сізге келесі сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді:
 

  • бос тауашалар бар ма?
  • қандай өніммен шығу керек?
  • қандай өндіріс көлеміне бет түзеу қажет?
  • қайда сату керек (Қазақстанда немесе экспортқа)?
  • қолжетімді шикізат бар ма?
  • нарыққа шығуға қандай кедергілер бар?

 

Зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін – маркетологтың ұсынысы бойынша Сіз инвестициялық жобаны бастау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдай аласыз.