Пресс-служба

в настоящий момент низкая загруженность

Ожидание ответа до 30 сек Ответим Вам прямо сейчас
Байланыстар
Алматы
+7 (727) 250-30-20 Қазақстан бойынша телефон соғу тегін

в настоящий момент низкая загруженность

Ожидание ответа до 30 сек

Ответим Вам прямо сейчас

5030 Сотовый

Сбербанк, Мальта және Мальдив арасында қандай ұқсастық бар?

2019 жылғы «17» сәуір. Сбербанк (Қазақстан), Еуропалық Одаққа мүше мемлекет - Мальта және оңтүстік-азиялық аралдағы мемлекет - Мальдив арасында қандай ұқсастық бар? Жауабы оңай. Әр елдің ауданы 320 шаршы метрден аспайды. Сбербанк ұсынған ипотекалық бағдарламалар арқасында 2018 жылы жеті мыңнан астам қазақстандық отбасы алған пәтерлер мен үйлердің жалпы ауданы да аталған мемлекеттердің ауданына сәйкес келеді.

Сбербанк "7-20-25" және "Баспана-Хит" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асыруға белсенді қатысады, бұл ретте клиенттерге банктің меншік ипотекалық жобалары да ұсынылады. Қазіргі таңда Банк қабылданған, мақұлданған және халыққа берілген заемдар көлемі бойынша қаржы нарығында көшбасшы болып табылады (заемшылардың басым бөлігі үшін бұл - алғашқы сатып алынған тұрғын алаңы).

Бүгінгі таңда ипотека нарығындағы Сбербанк үлесі 36% құрайды. Мұндай жоғары нәтижеге клиенттерге қойылатын бейілді талаптар, тұрғын үй кредитін беру үшін комиссияның болмауы және кәсіпкерлік қызметтен табыс табатын клиенттерден өтінімдерді рәсімдеу арқасында қолжеткізілді. 

"Байқағанымыздай, "7-20-25" және "Баспана-Хит" мемлекеттік бағдарламалары аясында қазақстандықтарға өз баспанасын алу әлдеқайда қолжетімді бола түсті, - деп атап өтті Ельдар Тенизбаев, «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқармасы Төрағасының орынбасары. - Біздің Банктің философиясында "Барлығы да клиент үшін" қағидасы бекітілген. Сондықтан біз бірінші кезекте клиенттерімізге осы бағдарламалар бойынша бірегей талаптар ұсынамыз, осының арқасында көптеген қазақстандық отбасылар өзінің баспана мәселесін барынша тиімді шеше алады.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 13 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.01.2019 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 91 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы - филиал.

Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.              

Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрдайым  төмендегі қызметкерлерге хабарласа аласыз:

«Сбербанк» АҚ ЕБ
Гульмира Мухсинова 
+7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 502 466)
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz

Поделиться


Алматы

Қазақстан бойынша телефон соғу тегін +7 (727) 250-30-20
Сотовый 5030