Пресс-служба

в настоящий момент низкая загруженность

Ожидание ответа до 30 сек Ответим Вам прямо сейчас
Байланыстар
Алматы
+7 (727) 250-30-20 Қазақстан бойынша телефон соғу тегін

в настоящий момент низкая загруженность

Ожидание ответа до 30 сек

Ответим Вам прямо сейчас

5030 Сотовый

Сбербанк Онлайн - ең бастысы - қауіпсіздік

2019 жылғы «19» сәуір. Ақша бар жерде мүмкіндіктермен қатар қауіп-қатер де бар. Бұл реттте клиенттер көбінесе алаяқтарға ақша қаражатын өздігінен беруге дайын. Қылмыскер адамның эмоциясын және сенгіштігін пайдаланып жаңылдырады, осылайша оның қалтасын "босатады".

Мұндай қылмыстық жағдайлардың тарихына үңілетін болсақ, алғаш тіркелген алаяқтық оқиғасы 1872 жылы орын алған, белгісіз айлакер пошта хабарламасын пайдалана отырып, аңқау клиентті алдап соққан. Кейіннен қылмыскерлер аңқау адамдардан ақша алудың  басқа да жетілдірілген тәсілдерін ойлап тапты.     

Қазіргі таңда ең үлкен қауіпті әлеуметтік инженерия төндіруде, алаяқтар компьютерден емес, адамнан - карта иегерінен ақпарат алуға тырысады, оны қандай да бір әрекеттерді жасауға және қажет ақпаратты айтуға мәжбүрлейді. Ең жиі кездесетін жағдай - картаның бұғатталғаны туралы барлығына жіберілетін СМС-хабарламалар. Хабарламада көрсетілген телефон нөмірі бойынша қоңырауларға жауап беретін айлакерлер өздерін банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері деп таныстырып, азаматтардан алаяқтық жасау үшін қажет барлық ақпаратты алады.

Қаскүнемдер пайдаланушылардың компьютерлері мен смартфондарына жіберетін вирустық және троян бағдарламалары да аса қауіпті. Көбінесе мұндай бағдарламалар  шартты-пайдалы бағдарламалар түрінде таралып, пайдаланушылар өздері байқамай-ақ оны орнатады. Пайдаланушының құрылғысында мұндай бағдарлама онлайн банкинг жүйелерінің кұпиясөздерін, СМС арқылы жіберілетін бір реттік кодтарды каскүнемдерге жібереді. Нәтижесінде - онлайн банкинг жүйесінде тіркелген барлық карталар мен шоттардан ақша ұрланады.

Айлакерлер арасында кең тараған алаяқтық түрі: қаскүнемдер банктік карта деректері енгізілетін сайттың (мысалы ғаламтор дүкені) көшірмесін жасайды, кез-келген амалмен, әдетте хабарлама жіберу арқылы пайдаланушыны сайтқа кіруге қызықтырады. Осындай сайтқа енгізілген банктік карта мәліметтері  алаяқтардың қолына түсіп, олар клиенттердің шоттарынан барлық ақшаны алады.

"Сбербанк киберқылмыскерлердің белсенділігінің артқанын белгілеп, қауіп ландшафтының өзгеруіне қарай әрекет етеді. Киберқауіпсіздік бойынша бағыт біздің банктің 10 басты даму бағыттары қатарына кіреді.  Директорлар Кеңесі 2018-2020 жылдарға арналған Киберқауіпсіздік стратегиясын бекітті, ең маңызды стратегиялық бағыттардың бірі - Кибералаяқтыққа қарсы заманауи іс-әрекет орталығын құру", - Қауіпсіздік және ақпаратты қорғау департаментінің директоры Арман Мусуров.   

Банк орталығы барлық банктік транзакцияларға талдау жүргізеді, күмәнді операцияларды анықтайды және арнайы тексеру механизмдерін іске қосады.

"Алғашқы міндет - біздің клиенттің қаражатының ұрлануының алдын алу. Бұдан кейін алаяқтың  және оның байланысқан тұлғаларының әрекетіне талдау жүргізіледі", - деп атап өтті Мусуров мырза. - Сбербанктің Талдау орталығы алаяқтық операциялардың алдын алу мақсатында  «BI.ZONE Cloud Fraud Prevention» инновациялық шешімін қолданады және өзінің есептеуіш кешеніне анықталған шабуыл түріне қарсы іс-әрекет алгоритмін енгізіп отырады, сондай-ақ деректер базасы - алаяқтар картасының нөмірлерін, телефон нөмірлерін жаңартып отырады және т.б.".   

"BI.ZONE мамандары киберкеңістіктің жария және астарлы сегменттеріндегі ақпарат ағымына үнемі мониторинг жасап отырады, бұл оларға "Сбербанк" клиенттеріне бағытталған қауіпті дер кезінде анықтауға және алаяқтардың әрекетіне қарсы тұруға мүмкіндік береді. BI.ZONE Cloud Fraud Prevention негізінде түрлі төлем арналарында операцияларды қадағалауға бағытталған жылдам және икемді технологиялық шешім жатыр. Бұл ретте біздің сервисті қолдану кибералаяқтықтан қорғану бойынша қымбат бағалы шешім және оны сақтау үшін жоғары білікті мамандар тобын ұстау қажеттілігін жояды, бұл өз кезегінде шығындарды айтарлықтай азайтады. Сонымен қатар алаяқтықтың алдын алудың бірнеше жағдайлары аталған қызметке кететін жыл сайынғы шығындарды толығымен жабады", - деп атап өтті BI.ZONE Директоры Дмитрий Самарцев.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 13 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.01.2019 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 91 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы - филиал.  Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.           

Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрдайым  төмендегі қызметкерлерге хабарласа аласыз:

«Сбербанк» АҚ ЕБ
Гульмира Мухсинова 
+7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 502 466)
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz

Поделиться


Алматы

Қазақстан бойынша телефон соғу тегін +7 (727) 250-30-20
Сотовый 5030