Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Ақтөбе қаласындағы пиццерия «Еңбек» бағдарламасы бойынша көмек алды

2019 жылғы 23 қазан, Ақтөбе қ. – Өткен жылы Ақтөбелік кәсіпкерлер Арман Ағайдаров пен Ғаділбек Уксукбаев «Pizza House» компаниясын құрып, осы саладағы көп жылдық тәжірибесіне сүйеніп, танымал халықаралық «Додо Пицца» маркасымен қалада пиццерия ашуға шешім қабылдады.

«Өз идеямызды жүзеге асыру үшін біздің барлық талаптарымызға сай келетін орын таптық. Бұл адамдар көп болатын орын, яғни Ақтөбе тұрғындары бізді оңай таба алады және «Додо Пицца» өніміне тапсырыс беруге де ыңғайлы. Біздің пиццерияда осы танымал марканың құрылтайшылары ұсынған технологиялық және үйлесімді рейепттер қатаң сақталады. Бұл технологиялар бойынша әзірлеу өте жеңіл, сондықтан келген қонақтар біздің пиццерияның өнімдеріне жоғары баға береді», - дейді «Pizza House» ЖШС басшылары.

Орын табумен қатар, кәсіпкерлерді ғимаратты жөндеу және реконструкциялау жұмыстары, жабдық пен жиһаз сатып алу күтіп тұрған болатын. Компания болашақ кәсіпорынды дамыту жобасын дайындай отырып, қаржы серіктесі ретінде Сбербанкті таңдады. Сбербанк "Даму" ҚДҚ" АҚ қатысуымен пиццерияның ашылуын қаржыландырды.

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту өңіріміздің тұрақты экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Сондықтан біз қатаң стандарттарды ұстанатын және өз клиенттеріне жоғары сапалы өнім ұсынатын танымал компанияның бизнес-үлгісіне сай осы жобаға қуана қолдау көрсеттік», - деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Ақтөбе қ.  филиалының директоры Дмитрий Еремин.

Пиццерияны ашу «Даму» қорының кепілдік ұсынуымен және Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 6%-бен қаржыландырылды.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 13 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.09.2019 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 99 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы - филиал. Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.            

Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрдайым  төмендегі қызметкерлерге хабарласа аласыз:

«Сбербанк» АҚ ЕБ                                                     «Сбербанк» АҚ ЕБ
Гульмира Мухсинова                                                  Фархад Таев 
+7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 502 466)                 +7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 600 158)
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz                  e-mail: Farhad.Taev@sberbank.kz

Поделиться


Алматы