Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Жеңіл өнеркәсіп Маңғыстау облысында сәтті дамып келеді

2019 жылғы 30 қазан, Ақтау қ. – Маңғыстау облысы Индустриалды-инновациялық даму басқармасының 2018 жылдың нәтижелері бойынша деректеріне сәйкес аймақтағы өнеркәсіптік өндіріс үлесі 10,7 пайызды құрады, бұл көрсеткіш еліміз бойынша екінші орында. Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары шамамен үш миллиард теңгеге өнім өндірген, өнеркәсіптік өнімнің 2017 жылдың тиісті кезеңі бойынша іс-жүзіндегі көлем индексі (ІКИ) 100,4 пайызды құрады. Өнеркәсіп өнімдерін шығару бойынша іс-жүзіндегі көлем индексі осы жылы 108,2 пайызды құрайды деп күтіліп отыр.

Аймақ  жеңіл өнеркәсібінің дамуы бойынша 2019 жылы күтіліп отқан көлемге Маңғыстау облысы Қызылсай ауылдық округі әкімшілік орталығының Қызылсай ауылында ашылған зауыт едеуір үлесін қосады. Зауыт қызметінің негізгі бағыты - құрғақ құрылыс қоспаларын (гипстік сылақ және тегістегіш), гипстарды (г-5 және г-6 маркалы) «AKMIX» брендімен өндіру.

«Мұнай жоба аймағымызда бұрын-соңды болмаған.. Бұрындары гипс негізіндегі құрылыс қоспалары облысымызда шығарылмайтын, сол себепті мұндай үлкен сұранысқа ие құрылыс материалын еліміздің өзге аудандарынан тасымалдауға тура келетін және сәйкесінше бағасы да жоғары болатын. Енді жергілікті құрылыс компаниялары мен облысымыздың тұрғындары бұл материалды өндірушіден тікелей төмен бағамен сатып ала алады», - дейді «Строй-Пласт-Актау» ЖШС Директоры Серикбол Боранкулов.

Құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауытының жобасын Сбербанк Қазақстан «Даму» Қорымен бірігіп, «Нұр-Капитал» Маңғыстау облысындағы шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын аймақтық қаржыландыру бағдраламасы аясында қаржыландырды. Жалпы кредиттеу сомасы 35 млн. теңгені құрады, оның жылдық 1% сыйақы мөлшерлемесімен берілген 30 миллионы зауыттық жабдық сатып алуға жұмысалған, банктің жеке қаражатынан берілген 5 млн. теңге шикізат алуға жұмсалған. Қазіргі таңда құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру бойынша бүкіл процессті - яғни өнімді шығарудан бастап соңғы пайдаланушыға жеткізуге дейін кәсіпорын толық жолға қойған. 

«Маңғыстау облысында жеңіл өнеркәсіпті дамыту үлкен потенциалға ие, бұның себебі ресурстар мен өнідірстің жеткіліктілігі. Біздің серіктесіміз, бірнеше қызмет бағытымен айналысатын «Строй-Пласт-Актау» компаниясы импорттық құрылыс қоспаларына тәуелділікті төмендетеді және жергілікті өндірушілер арасындағы бәсекелестікті арттырады», - деп атап өтті Ақтау қ. филиалдың директоры Данияр Утюгенов.

Өнімнің үлкен сұанысқа ие болуына орай зауыт толық жұмыс істеуде және күн сайын 10 тоннадан астам құрылыс қоспасын шығарады. Келесі жылдың басында кәсіпорын негізінде ілеспе құрылыс материалдарын шығару жоспарлануда - құрылыста, жөндеу және ғимараттарды әрлеу жұмыстарында үлкен сұранысқа ие, түрлі нұсқадағы гипскартон табақтар.  Сол себепті аймақта гипскартон өндірісінің жоқтығын ескере келе кәсіпорын басшылары жоспарланып отқан жобаның компания үшін сәтті болатынына сенімді.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 13 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.09.2019 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 99 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы - филиал. Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.            

Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрдайым  төмендегі қызметкерлерге хабарласа аласыз:

«Сбербанк» АҚ ЕБ                                                     «Сбербанк» АҚ ЕБ
Гульмира Мухсинова                                                  Фархад Таев 
+7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 502 466)                 +7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 600 158)
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz                  e-mail: Farhad.Taev@sberbank.kz

Поделиться


Алматы