Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк Қазақстан жарғыш заттармен айналысатын кәсіпорынға қаржылай қолдау көрсетті

2019 жылғы 06 қараша, Көкшетау қ. – Пайдалы қазбалыларды өндіру кезінде, ауқымды құрылыста және өзге өндірістік процесстерде көп жағдайда «өткір дәлдік» үшін өндірістік жарылыс шарт. Арнайы кәсіпорындарда жарылыс жұмыстарының сапасын арттыру және қауіпсіздігін күшейту үшін қызметкерлердің біліктілілігн арттыру бойынша жобалар әзірленуде және жарылыс жұмыстары бойынша мамандарды қайта даярлау тұрақты жүргізіліп отырады. Осындай кәсіпорындардың бірі Ақмобла облысы Зереңді ауданында қызмет атқарады. 2000 жылдан бастап «Промвзрыв» ЖШС еліміздің тау-кен өндірісі саласындағы кәсіпорынды жарылыс материалдарымен үздіксіз қаматмасыз еті п отырады және түрлі кешенді бұрлығау-жару жұмыстарын жүргізіп отырады.  

«Біздің кәсіпорын қазақстандық нарықта жиырма жылға жуық қызмет атқаруда. Осы уақыт ішінде біз өндірістік жарыстардың қоршаған ортаға барынша аз зиян тигізуін қамтамасыз ететін, ең бастысы - қысаң жағдайларда жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жүйелер жасап шығарудамыз. Бұл біздің жұмысымыз жарғыш заттардың тиімділігін арттыруға ғана емес, олардың қолданысының салдарын барынша азайтуға да бағытталғанын білдіреді», - дейді «Промвзрыв» ЖШС Директоры Александр Захарян.

Кәсіпорынды дамытудың келесі сатысы өнімдердің жаңа буынын – жарғыш заттардың дәстүрлі түріне қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие эмульсиялық жарғыш зарттарды шығаруға арналған жеке өндірістік желінің іске қосылуы болып табылады. Бөлек желіні шығару бойынша жаңа жобаны Сбербанк Қазақстан «Даму» КДҚ» АҚ-мен бірлікте қаржыландырды. Кредиттік қаражаттардың жалпы сомасы 317 млн. теңгені құрады, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында пайыздық мөлшерлеге субсидияланып, «Даму» Қорының кепілдігі ұсынылды. Сондай-ақ кәсіпорын араластырғыш оқ-дәрі машинасын, жартылай тіркеме контейнер түріндегі тасушы мен тартқыш сатып алды.

«Жаңа жобаның сәтті қаржыландырылуының арқасында біздің серіктесіміз өзінің ұзақ мерзімдік жоспарын жүзеге асыруға және өз клиенттеріне бұрғылау-жару жұмыстары бойынша қажетті қызметтер ауқымын ұсынуға мүмкіндік алды. Осылайша кәсіпорынның барлық өндірістік бөлімшелері бұдан да қарқынды жұмыс істеп, екі жүзден астап жоғары білікті мамандарды қажетті жұмыспен қаматмасыз ететін болады», - деп түсіндірді «Сбербанк» АҚ ЕБ Көкшетау қ. филиалының директоры Асель Махмудова.

Жарғыш заттардың жаңа буыны – эмульсиялық жарғыш зат бірқатар айрықша артықшылықтарға ие, оның бірі суға тұрақтылық. Эмульсияны қолдану экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті айтпағанда, кәсіпорынға жарғыш материалдарға кететін шығындарды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді. Қазіргі таңда «Промвзрыв» ЖШС қызметтерін «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ, «Казхром» трансұлттық компаниясы, «ГМК Казахалтын» АҚ сияқты ірі кәсіпорындар мен еліміздің тау-кен өндіріс саласындағы өзге де компаниялар пайдаланады.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 13 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.09.2019 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 99 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы - филиал. Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.            

Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрдайым  төмендегі қызметкерлерге хабарласа аласыз:

«Сбербанк» АҚ ЕБ                                                     «Сбербанк» АҚ ЕБ
Гульмира Мухсинова                                                  Фархад Таев 
+7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 502 466)                 +7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 600 158)
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz                  e-mail: Farhad.Taev@sberbank.kz

Поделиться


Алматы