Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк Қазақстан американдық Citibank-тен беделді марапаттау алды

2019 жылғы 11 қараша, Алматы қ. – Әлемнің аса ірі банктерінің бірі Citibank N.A. (Ситибанк) жыл сайын төлемдер мен ақша аударымдарын рәсімдеугі жоғары сапа бойынша түрлі елдердегі ең үздік банктерді марапаттайды.

2018 жылдың нәтижелері бойынша Сбербанк Қазақстан Citibank-тің өткен жылда Банк төлемдерін сүйемелдеу кезіндегі автоматтандыру бойынша жоғары деңгей үшін (STP) Straight Through Processing Excellence Award беделді марапатына ие болды.

Марапаттау үшін негізгі критерийлердің бірі қазақстандық қаржы институтының төлемдерді халықаралық стандарттарға сай жоғары сапада рәсімдеу болып табылды, осының арқасында банк-корреспондент оларды автоматты түрде өңдей алады.

2018 жылы STP үлесі банкаралық төлемдер бойынша 97%-ға және Банк клиенттерінің төлемдері бойынша 95%-ға жетті, бұл төлемдерді өңдеу процессін жылдамдатуға және Сбербанк Қазақстан клиенттері мен серіктестері үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік берді.

Сбербанк Қазақстан қаржы саласындағы жаһандық көшбасы тарапынан мойындалып отырған бұл алғашқы кез емес, USD және EUR валюталарындағы төлемдерді автоматтандырудың жоғары деңгейі үшін Citibank марапаты қазақстандық банкке алтыншы рет беріліп отыр.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 13 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.09.2019 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 99 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы - филиал. Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.            

Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрдайым  төмендегі қызметкерлерге хабарласа аласыз:

«Сбербанк» АҚ ЕБ                                                     «Сбербанк» АҚ ЕБ
Гульмира Мухсинова                                                  Фархад Таев 
+7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 502 466)                 +7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 600 158)
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz                  e-mail: Farhad.Taev@sberbank.kz

Поделиться


Алматы