Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк Қазақстан келер жылы биометрияны енгізуді жоспарлап отыр

2019 жылғы 12 қараша, Алматы қ. – Соңғы жылдары әлемде адамдардың өмір салтын едәуір өзгерткен технологиялар мен қызмет категориялары пайда болды. Енгізілетін технологиялардың міндеті – қандай да бір әрекетке не операцияға кететін уақыт және қаржы шығындарын қысқарту арқылы адамдардың өмірін айтарлықтай жеңілдету. Мұндай революциялық технологиялардың бірі биометрия, ол алаяқтардан қорғанудың ең жетілдірілген деңгейі. Біздің әрқайсысымыздың тек өзімізге тән туа бітті белгілелері бар: көздің нұрлы қабығының түсі мен сүреті, саусақ іздері, адамның бет-әлпеті мен дауысы. Қорғау жүйесі нақ осы деректерді ерекше цифрлық кодқа айналдырылады, оны қолдан жасау мүмкін емес.

Сбербанк Қазақстан киберқауіпсіздікке үлкен көңіл бөледі және өз клиенттерінің қамы үшін олардың банктік шоттарына сенімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Банкте осыған дейін «BI.ZONE» платформасы енгізілген болатын, ол клиенттердің интернеттегі қаржылай транзакцияларын алаяқтық әрекеттерге тексеретін. Клиенттерді қорғаудың келесі кезеңі – биометрияны енгізу. Сбербанк Қазақстан мұны өз сервисіне келесі жылы қосуды жоспарлап отыр.

«Биометрия – бұл көптеген фантазия жазушылары армандаған технология: сіз сканердің алдына келіп тұрасыз, жүйе сізді таниды және рұқсат береді немесе қажетті қызметті ұсынады. Мұндай құрылғылар да, олардың түрлі биометриялық деректерді сканерлеу, сақтау және оқу қабілеті де қалыпты жағдайға айналатын болады. Елдің ең инновациялық банктерінің бірі ретінде, бұл алдыңғы қатарлы технологияны клиенттерімізге келесі жылдың сәуірінен бастап ұсынбақпыз», - деп баяндады «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқармасы Төрағасының Бірінші орынбасары Ельдар Тенизбаев.

Биометрияның теңдессіз артықшылықтары бар. Ең бастысы – биометриялық деректерін тапсырған соң Сбербанк клиенті банк қызметтерін жеке өзі болмай-ақ пайдалана алады. Мысалы, қаржы институты клиенттерінің банкомат желісінде қандай да бір құжат ұсынбастан, тек жүзін сканерлеп, тұтынулышық кредит алуға мүмкіндіктері болады. Сауда жасау не қызметтерді төлеуді ешқандай төлем картасын қолбанбай жүргізуге болады. Тек сканерлеуші құрылғыға қарағаны жеткілікті болады, бұл сатып алушылар үшін ыңғайлылық пен қауіпсіздіктің жаңа деңгейіне айналады.

Осы технологияның арқасында қаскүнемдер биометриялық деректерсіз банк клиентінің атына кредит рәсімдей алмайды немесе оның атынан қандай да бір қаржы операциясын орындай алмайды. Бұл, әрине, банк клиенттерін мұндай қылмыс түрлерінен  сенімді қорғау болып табылады.

Қазақстандық еншілес банктің бас иегер компаниясы – Сбербанк ЖАҚ ендігі биометрияны қолданып, бірқатар жобаларды іске асырды. Саусақ іздері арқылы сауда ақысын төлеу бойынша алғашқы пилоттық жоба «Азбука вкуса» супермаркеттер желісімен бірге 2016 жылдың соңында іске қосылған. Қазіргі таңда бұл қызметті желінің 20-дан астап супермаркеттерінде пайдалануға болады,  бұл ретте осы уақыт ішінде пайдаланушылар тарапына шағым немесе алаяқтық факті болған емес.

Келесі қадам «Ладошки» жобасы болды, оның көмегімен баланың мектепке кіруін не шығуын бақылауға, сондай-ақ оқу мекемелерінде тамақтану ақысын төлеуге болады. Жүйе адамның жеке басын балалардың алақандарындағы көктамыр суретіне байланысты таниды, ал тамақтану үшін ақы ата-анасының шотынан алынады.

Сондай-ақ банктің клиентті бет-әлпеті бойынша тану пилоттық жобасы жүргізілуде. Осындай алғашқы банкомат екі жыл бұрын Сбербанктің Кутозов даңғылындағы agile-кеңсесінде орнатылған болатын, оның көмегімен банк қызметкерлері банктік картасыз барлық қолма-қол ақшасыз операцияларды орындай алады.

Сбербанк Қазақстанда биометриялық деректер жүйесі VisionLabs компаниясының көмегімен «Liveness» идентификациялау платформасы негізінде енгізілетін болады. Компьютор көзі саласындағы үздіктердің бірі болып табылатын осы жүйе банк клиенттерін бет-әлпетіне және өзге де биометриялық факторларға сай тануға мүмкіндік береді.

«Биометрияны барлық жерде қолдану - болашақтың емес, қазіргі күннің ісі. Осы алдыңғы қатарлы технологияны енгізу банк пен клиенттер арасындағы серіктестікті одан да жайлы, жылдам әрі сенімді ететініне сенімдіміз. Көп ұзамай биометрия барлығының үйреншікті төлем жасау немесе қажетті қызметтерді алу әдісіне айналатын болады», - деп сөзін толықтырды Ельдар Амантаевич.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 13 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.09.2019 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 99 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы - филиал. Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.            

Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрдайым  төмендегі қызметкерлерге хабарласа аласыз:

«Сбербанк» АҚ ЕБ                                                     «Сбербанк» АҚ ЕБ
Гульмира Мухсинова                                                  Фархад Таев 
+7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 502 466)                 +7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 600 158)
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz                  e-mail: Farhad.Taev@sberbank.kz

Поделиться


Алматы