Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Қызылордада ұлттық киімдер модельері қаржылық қолдау алды

2019 жылғы 14 қараша, Қызылорда қ. – Жиырма жылдан астам уақыт дизайнер Аида Керимкулова қазақша ұлттық киімдерді тігумен айналысқан, бұл ретте жас кәсіпкер әрқашан жеке ательесін және дайын өнімді сату дүкенін ашуды қалаған. Дизайнер бұл үлкен жоспарын өз еңбегінің арқасында жылдар өткеннен соң шындыққа айналдырды.

«Мен әрқашан ұлттық киім тігу бойынша барлық қызметтер көрсетілетін жеке дүкен ашуды қалайтынмын. Біздің өнімнің ерекшелігі жіті ойластырылған авторлық жұмыс және зергерлік бұйымдарды пайдаланып қолмен тігу болып табылады, осы арқылы біз ниет білдірген барлық жандарды ұлттық дәстүрімізбен таныстырамыз», – деп баяндады кәсіпкер  Аида Керимкулова.

Дизайнер өзінің шығармашылық бизнесін үйінде бастаған, алайда өнімнің айрықшалығына байланысты сұраныс үнемі артып отырған, осылайша қосымша жабдық сатып алуға қажеттілік туындаған. Жеңілдікпен қаржыландыру көзін іздей отырып, модельер «Даму» Қорының филиалы жанындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталығына жүгінді. Қажетті кеңес алған соң, кәсіпкер Сбербанк Қазақстанға келген, мұнда оның жобасы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында мақұлданды. Сондай-ақ «Даму» Қоры да Басым жобаларды кредиттеу механизмі бойынша жылдық  6%-бен сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы дизайнерге өз жобасын жүзеге асыруға көмектесті.

«Біздің банк стратегияларының негізгі бағыттарының бірі  - жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететін шағын бизнес жобаларын қаржыландыру. Сондықтан да біз өз тарапымыздан жас кәсіпкерлердің қаламыз үшін әлеуметтік және экономикалық маңызы бар жобаларын қолдауға әрқашан дайынбыз», - деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Қызылорда қ. филиалының директоры Кайрат Джусаруб.

Жеңілдікпен алынған кредиттің арқасында модельер қосымша жабдық сатып алып, «Qoloner» цехін ашты, онда енді бірнеше тігінші жұмыс жасайды. Өнімнің дизейнері Аида Керимкулованың өзі, ол тапсырыс берушінің қалауын, мәдениеті мен отбасылық дәстүрін ескере келе, әр тапсырысқа арнайы көңіл бөледі. Осындай үлкен еңбек пен дайындалған өнімнің жоғары сапасына байланысты модельердің бұйымдары өңірде үлкен сұранысқа ие.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 13 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.09.2019 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 99 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы - филиал. Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.            

Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрдайым  төмендегі қызметкерлерге хабарласа аласыз:

«Сбербанк» АҚ ЕБ                                                     «Сбербанк» АҚ ЕБ
Гульмира Мухсинова                                                  Фархад Таев 
+7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 502 466)                 +7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 600 158)
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz                  e-mail: Farhad.Taev@sberbank.kz

Поделиться


Алматы