Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк Қазақстан Петропавлда жаңа сүт зауытын қаржыландырды

18 қараша 2019 жыл, Петропавловск - Сбербанк пен "Даму" Қорының қаржыландыруымен Петропавл қаласында  «ЭкоМол Сергеевка» маркасымен сүт  өндіру және сүт өнімдерін дайындау бағытындағы жаңа зауыттың ашылуы жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың басында кәсіпкер  Альбина Рашитова Солтүстік -Қазақстан облысына сүт өнімдерінің өндірісі бойынша жеке кәсіпорнын ашуға шешім қабылдады. Кәсіпкер болашақ кәсіпорынды дамытудың бизнес-жоспарын дайындай отырып, қаржы серіктесі ретінде Сбербанкті таңдады. Сбербанк "Даму" ҚДҚ" АҚ қатысуымен жаңа жобаны қаржыландырды.

"Бізде сүт зауытына арналған жай бар, қазір онда өз қаражатымыздың есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізудеміз. Біз сүт өнімдерінің өндірісіне арналған жабдық сатып алу үшін жеңілдікті заем алу мақсатында Сбербанк пен "Даму" Қорына жүгіндік. Біздің жоспарымызға сәйкес зауыт бастапқы кезеңде тәулігіне 3 тонна сүт өндіре алады, кейіннен бұл цифрды тәулігіне 10 тоннаға дейін жеткіземіз. Біздің өнімдеріміз: сүт, қаймақ, майлы айран, ірімшік және майды облыс орталығының сауда орындары арқылы сататын боламыз», - деп айтты «ЭкоМол Сергеевка»  ЖШС басшысы Альбина Рашитова.

Жаңа зауыт жобасы «Бизнестің жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қаржыландырудың басым жобаларын кредиттеу механизмі бойынша жарнаны субсидиялау бөлімі аясында мақұлданды. Заем сомасы – 20 млн. теңгені құрайды.

«Өндірісті дамытуға біздің өңірде үлкен мән беріледі. Біз әлеуметтік бағыттағы осындай жобаларды өз тарапымыздан  қолдай отырып, облыста кәсіпкерліктің қалыптасуына белсенді қатысуға тырысудамыз", - деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Петропавл қ. филиалының Директоры Иван Терлецкий.

Жаңа Петропавлдық сүт комбинаты өнімді 2019 жылғы желтоқсаннан бастап шығаруды жоспарлап отыр. Өндірушілердің сөзі бойынша өнімді шығару үшін жақын фермалық қожалықтардың сүті қолданылатын болады, бұл өңірдің агроөнеркәсіп кешеніне қолдау болып табылады.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 13 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.09.2019 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 100 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы - филиал. Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.            

Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрдайым  төмендегі қызметкерлерге хабарласа аласыз:

«Сбербанк» АҚ ЕБ                                                     «Сбербанк» АҚ ЕБ
Гульмира Мухсинова                                                  Фархад Таев 
+7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 502 466)                 +7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 600 158)
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz                  e-mail: Farhad.Taev@sberbank.kz

Поделиться


Алматы