Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк Қазақстан «қонақтарға арналған» Сбербанк Онлайн атты жаңа функционалын іске қосты

2019 жылғы 21 қараша, Алматы қ. - Ауқымды жаңартулардың арқасында, 2019 жылғы 21 қарашадан бастап өзге қазақстандық банктердің төлем карталары мен шот иегерлері «Сбербанк Онлайн» мобильді қосымшасында кез келген төлемдерді жүргізе алады. Жаңа қолданушылар осы қосымшаның көптеген артықшылықтарына және банк бөлімшесіне келмей 800-ден астам қаржы опеарцияларын жүргізу мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Ал бұл орайда Сбербанк мобильді қосымшасының тұтынушысы атану одан да жеңілдеді. AppStore/Google Play-де «Сбербанк Онлайн Казахстан»  қосымшасын жүктеп, ұялы телефон нөмірі арқылы тіркеуден өту жеткілікті. Осы арқылы клиент кез келген қазақстандық банктік картасын тіркеп, үлкен ауқымда төлемдер жасай алады.

Сондай-ақ Сбербанкте шоттары бар, бірақ төлем карталары жоқ клиенттер үшін де мобильді қосымшада тіркелу, жанасусыз төлем жасауға болатын және 1.3% Cashback қосылған виртуалды карталар ашу мүмкіндігі туды.

Сбербанк Онлайн арқылы өз қаражатыңызды жылдам әрі қашықтан басқаруға, яғни өз шоттарыңыз бен карталарыңыз арасында түрлі аударымдар, Сбербанк не өзге банктер клиенттеріне аударымдар жасауға болады. Сонымен қатар қосымшада ТКШ қызметтерін, салық төлеу, онлайн депозит ашу, 24/7 шотты толықтыру, ақша шешіп алу және тағы көптеген мүмкіндіктер беріледі, бұл ретте барлық төлемдер немесе аударымдар қандай-да бір комиссиясыз жүзеге асырылады.

Ұқсас банктік қосымшаларға қарағанда Сбербанк Онлайнның артықшылықтарының бірі «Золотая корона» жүйесі арқылы шетелге ақшалай аударымдар жасау және де электронды Qiwi әмиянын комиссиясыз толықтыру мүмкіндігі болып табылады.

«Бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша «Сбербанк Онлайн» мобильді қосымшасының белсенді аудиториясы 50 миллионнан астам адамды құрайды. Сбербанк Онлайн қосымшасы «Mobile Banking Rank-2019 Қазақстан» нұсқасы бойынша үздік банктік сервис болып танылғанын ескере келе, Банктің digital-сервисінің мүмкіндіктерін өзге банктердің картасын пайдаланушыларға да ұсынуға шешім қабылдадық. Дәл осы себептен қосыша біздің клиенттерге алтын уақытын сақтауға, кезекте тұрудан құтылуға және өз қаражаттарын нақты уақыт режимінде басқаруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының орынбасары Алексей Акимов.

Алдағы уақытта  "Сбербанк Онлайн" қосымшасының функционалы белсенді түрде дамытылатын болады, онда түрлі қаржы операцияларын жүргізуге, Сбербанк клиенттерінің уақытын және материалдық шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін қосымша қызметтер мен мүмкіндіктер ұсынылатын болады.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 13 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.09.2019 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 100 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы - филиал. Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.            

Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрдайым  төмендегі қызметкерлерге хабарласа аласыз:

«Сбербанк» АҚ ЕБ                                                     «Сбербанк» АҚ ЕБ
Гульмира Мухсинова                                                  Фархад Таев 
+7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 502 466)                 +7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 600 158)
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz                  e-mail: Farhad.Taev@sberbank.kz

Поделиться


Алматы