Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк Қазақстан – сайттардың көрсетілу рейтингінде көшбасшы

2019 жылғы 25 қараша, Алматы қ. – Қазақстан банктері өз сайттарын «Google» және «Яндекс» клиенттерін тарту үшін қаншалықты тиімді пайдалануда? Бұл сұраққа жауап алу үшін «Artox Media Digital Group» Digital-агенттігінің зерттеу бөлімі ай сайын қазақстандық банктердің сайттарының аталған іздеу жүйелерінде көрсетілу деңгейіне талдау жүргізді. Берілген көрсеткіштер қанша клиент түрлі іздеу сұратулары бойынша олардың сайттарын  көре алатындығын көрсетеді.

Зерттеу критерийі - сайттың көрсетілу деңгейі арқылы қаржы институтының интернет-ресурсы бәсекелестермен салыстырғанда қаншалықты танымал екенін анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстан банктерінің тематикасы бойынша кезекті зерттеу 2019 жылғы 30 қыркүйек пен 1 қараша аралығындағы кезеңде жүргізілді.

Кезекті зерттеу нәтижелері бойынша көрсетілу пайызы өткен талдаумен салыстырғанда 9,88%-ға артып, 47,94%-ды құраған Сбербанк Қазақстан көшбасшы атанды. Екінші және үшінші орындарға "Қазақстан Халық банкі" АҚ (сайттың көрсетілуі -  36,55%) және «Банк Хоум Кредит» АҚ (сайттың көрсетілуі -  36,23%) ие болды.

"Қазақстанның ірі банктерінің бірі ретінде біз үшін мақсатты аудиториямыз туралы түсініктің болуы және тұтынушыларымызға не маңызды және қызықты екенін білу қажет.  Дәл осы іздеу мониторингі бізге адамдардың біздің брендке деген жалпы қарым-қатынасын білуге мүмкіндік береді. Artox Media Digital Group  агенттігінің кезекті зерттеуінің қорытындысы біз үшін жағымды жаңалық болды, оның нәтижесінде біз осы жылы үшінші рет қатарынан ай сайынғы зерттеулер көшбасшысы атандық.

Алайда, әрі қарай көшбасшы болып кала беру үшін біз сайтымызды  іздеу жағынан тағы да жетілдіре түсуге назар аударып, осы бағытта одан әрі нәтижелі жұмыс істеуіміз керек", -  деп айтып өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Технологияларды дамыту жөніндегі Басқарушы директор Михаил Кононов.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 13 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.11.2019 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 100 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы - филиал. Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.            

Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрдайым  төмендегі қызметкерлерге хабарласа аласыз:

«Сбербанк» АҚ ЕБ                                                     «Сбербанк» АҚ ЕБ
Гульмира Мухсинова                                                  Фархад Таев 
+7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 502 466)                 +7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 600 158)
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz                  e-mail: Farhad.Taev@sberbank.kz

Поделиться


Алматы