Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк Қазақстан Қостанайдағы жаңа мейрамханаға қолдау көрсетті

2019 жылғы 03 желтоқсан, Қостанай қ. – 2019 жылғы 10 қараша күні Қостанай қаласында Сбербанк Қазақстанның қаржылық көмегімен «First» жаңа «шығармашылық» мейрамханасының ашылуы өтті. Бұл мейрамхананың ерекшелігі арнайы балаларға арналған ойнау алаңының болуында.

«Менің осындай бизнес жүргізуде тәжірибем бар, бірнеше жыл қатарынан Рудный қаласында қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған кафелердің бірі жұмыс жасайды. Осы жинақталған тәжірибенің арқасында қызмет аясын кеңейтіп, Қостанай қаласында мейрамхана ашуға шешім қабылдадым. Осы жаңа идеямды жүзеге асыру үшін Сбербанкке жүгіндім», - деп ойымен бөлісті кәсіпкер Наталья Рем.

Жаңа мекеменің орны ретінде кәсіпкер ауданы 300 шаршы метр болатын жеке тұрған ғимаратты таңдады. Сондай-ақ  мейрамхана ашу үшін қосымша жабдық сатып алу қажет болатын.  Барлық қажетті процедуралардан өткен соң кәсіпкер кредит алды, алынған қаражаттың көмегімен қажетті жабдықтар, тұрмыстық техника мен жиһаздар сатып алынды.

«Бұл біз үшін қызықты жоба, себебі біз серіктесіміздің дамуына инвестиция салып қана қоймай, оған кең ауқымды қаржылық қызметтер көрсетіміз. Бұл жоба Сбербанктің жұмыс істеу қағидаларының барлығына сай келеді, яғни ол аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған», - деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Қостанай қ. филиалының директоры Серик Карабаев.

Жаңа мейрамхана екі залға бөлінген, бірінде балаларға ойнауға арналған алаң бар, онда қонақтарға бала күтушінің қызметтері ұсынылады.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 13 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.11.2019 жмәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды аладыБүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 100 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бароның 17-сы - филиалБанктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.            

Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрдайым  төмендегі қызметкерлерге хабарласа аласыз:

«Сбербанк» АҚ ЕБ                                                     «Сбербанк» АҚ ЕБ
Гульмира Мухсинова                                                  Фархад Таев 
+7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 502 466)                 +7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 600 158)
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz                  e-mail: Farhad.Taev@sberbank.kz

Поделиться


Алматы