Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк Қазақстан - жеңілдікпен кредиттеу бағдарламалары бойынша көшбасшылардың бірі

04 желтоқсан 2019 ж., Алматы - Сбербанк Қазақстан ШОБ қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары  аясында 2019 жылдың 10 айында 207 млрд теңгеден асатын сомаға 1 729 кәсіпкерді қаржыландырды. Мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы және "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның серіктесі бола тұра, Банк өндіріс, өңдеуші және жеңіл өнеркәсіптің түрлі салаларындағы жобаларды сәтті қаржыландыруда.

"Сбербанк" АҚ ЕБ Қазақстанның жылдамдатылған индустриалды-инновациялық дамуын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылатын «Бизнестік жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында кредиттеу көлемі бойынша қазақстандық екінші деңгейлі банктер арасында көшбасшылардың бірі болып табылады. Осылайша, осы жылдың қараша айындағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 551,10 млрд теңгеден асып түсті, 2 143-тен астам жоба мақұлданды.

Жеңілдікпен қаржыландыру бойынша бағдарламалар аясында аймақтар арасында Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары көшбасшы атанды, бұл өңірлерге жалпы кредиттеудің 32% тиісті.

Сондай-ақ, Сбербанк Қазақстан "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша көшбасшылықты сақтап келеді. Сбербанк бұл мемлекеттік бағдарламаға оны іске асыру басталған сәттен бастап белсенді қатысуда. Жалпы, бағдарлама басынан бері (2017 ж. тамыз) Банк 11,4 млрд теңге жалпы сомаға 814 кәсіпкерді қаржыландырды (14 млрд теңгеге заемның орташа сомасы), оның ішінде 5,6 млрд теңгеге 424 стартап-жоба қаржыландырылды.

"Еңбек" бағдарламасы бойынша қосымша комиссиялар мен алымдарсыз жылдық 6,0% мөлшерінде төмендетілген пайыздық жоба белгіленді. Бағдарлама бойынша Қызмет көрсету саласындағы (36%), бөлшек сауда (35%), көлік (16%) саласында заемшылар жобалары қаржыландырылды.

"Ел экономикасымен бірге өсу және даму - кез-келген бизнестің табыстылық қағидаларының бірі. Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау Сбербанк қызметінің басым бағыттарының тізіміне кіреді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржыландыру іскер адамдарға өндірістік қуатын арттыруға және бәсекеге қабілетті болуға үлкен мүмкіндік береді. Біз "Даму" қорымен бірлесе отырып, экономиканы әртараптандыру мен кәсіпкерлікті дамыту бойынша жалпыұлттық бағытты әрі қарай да ұстануға дайынбыз», - деп айтты "Сбербанк" АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Ельдар Тенизбаев.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 13 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.11.2019 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 100 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы - филиал. Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.            

Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрдайым  төмендегі қызметкерлерге хабарласа аласыз:

«Сбербанк» АҚ ЕБ                                                      «Сбербанк» АҚ ЕБ
Гульмира Мухсинова                                                  Фархад Таев 
+7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 502 466)                 +7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 600 158)
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz                  e-mail: Farhad.Taev@sberbank.kz

Поделиться


Алматы