Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк қазақстандық бизнеске арналған «Online Бизнес-міндет» атты жаңа айрықша құрал шығарды

2020 жылғы 14 шілде – Сбербанк тобы мен «Сбербанк» АҚ Еншілес Банкі Қазақстанның бизнес қауымдастығына арналған «Онлайн Бизнес-міндет» айрықша құралын ұсынды. Бұл бастама қазақстандық бизнесмендерге қолдау және олардың Covid-19 әлемдік пандемия жағдайында халықаралық іскерлік қауымдастықпен бірігуін қолдау мақсатында жасап шығарылған.

«Онлайн Бизнес-міндет» салалық online-кездесулер ұйымдастыруға арналған, онда Ресейлік кәсіпкерлер өз кәсіпорындары мен өнімдерін алдын-ала іріктелген шетелдік сатып алушыларға таныстырады.

Алғашқы online іс-шара Ресей Федерациясының кондитерлік өнімдері тақырыбы бойынша өтті. Кездесу екі кезеңнен тұрды:

- Бірінші кезең 2020 жылғы 07 шілдеде өтті. Сбербанк Қазақстан ресейлік компаниялардың өкілдері үшін   «Қазақстанда бизнес жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбына вебинар өткізді, сондай-ақ Сбербанктің еншілес банкінің сервистері таныстырылды;

- Екінші кезең 2020 жылғы 08 шілдеде өтті. Оnline алаңда ресейлік бизнес өкілдері өз компанияларын, тауарлары мен қызметтерін қазақстандық әріптестеріне таныстырды.

«Онлайн Бизнес-міндет» аяқталған соң қызығушылығы туған кәсіпкерлер қашықтан тікелей келіссөздер жүргізу мүмкіндігі алды.

«Коронавирус пандемиясы іс-сапарларға бару, жеке келіссөздер өткізу, қол алысып мәмілелер жасау мүмкіндігімізді шектеп, әдеттегі бизнес жүргізу тәжірибемізге елеулі өзгерістер енгізді. Алайда карантин - бұл қол қусыырып отыруға себеп емес. Заманауи технологиялар Сбербанкке Қазақстан мен Ресейдің экономикалық субъекттері арасында көпір орнатуға мүмкіндік береді. Бұл жаңа формат өзінің тиімділігін дәлелдеп, осы тәжірибені болашақта да өзге саладағы компаниялармен бірге жалғастырамыз деп сенеміз», - деді Корпоративтік бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор Виталий Шемелин.

Поделиться


Алматы