Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк өз клиенттеріне бизнесті басқарудың икемді құралын ұсынады

2020 ж. 15 шілде, Алматы қ. - Сбербанк өз корпоративтік клиенттеріне бизнесті басқару бойынша 1С:Fresh атты инновациялық сервисін тиімді шарттарда пайдалануды ұсынады.
 
1С:Fresh сервисі кең танымал және өзін өте жақсы жағынан көрсеткен "1С" бағдарламасына ұқсас, бірақ одан да ауқымды мүмкіндіктерге ие сервис болып табылады. Жаңа сервис клиенттерге бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге, бизнесін бақылауға және басқаруға, әлемнің кез келген жерінен кез келген құрылғыдан интернет арқылы есептілік тапсыруға мүмкіндік береді. 
 
«Сервиспен кез келген жерден — кеңседен, үйден, саяхатта, өзін оқшаулау және карантин кезіндегі демалыста  жұмыс істеуге болады. Клиент болып табылатын компания қызметкерлері бір-бірінен қашықта болып, бір деректермен бір мезетте жұмыс істей алады. Жұмыс үшін кез келген ыңғйлы гаджет жарайды: компьютер, планшет, телефон. Өз логиніңіз бен құпиясөзіңізді білу және интернетке қосылу мүмкіндігі болса, жеткілікті», - дейді «1С-Сапа» және «Слава КВЦ» КБ Даму жөніндегі директоры Андрей Сапа
 
1С:Fresh сервисінің артықшылықтары:
 
- қызметкерлерді жаңадан оқыту қажеттілігі жоқ. Сервистің қосымшалары локалды түрде жұмыс істейтін қосымшаларға ұқсас және клиенттерге бұрыннан таныс;
- жаңа релиздер шыққаннан кейін автоматты түрде жаңартылады;
- деректердің қауіпсіздігі мен сақталуы. Барлық ақпарат Қазақстан аумағындағы дата-ценртрде сақталады, ал интернет арқылы ақпарат жолдау үшін соңғы шыққан заманауи технологиялар қолданылады;
- қымбат серверлік жабдық сатып алу қажеттілігі жоқ;
- икемділік және клиенттің жеке сұранысы бойынша қосымша бағдарламаларды баптау;
- техникалық қолдау қызметі үнемі қолжетімді.
 
Сервисті қолдану тарифтерімен банк сайтында танысуға болады.
 
2020 жылдың соңына дейін акция өткізіледі - Сбербанк клиенттері 1С:Fresh сервисінің 13 айлық қызметін 99 000 теңгеге сатып ала алады, сондай-ақ сыйлыққа антивирус пен бірнеше қосымша бағдарламалық өнімдер ала алады.

Поделиться


Алматы