Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк маркетингтік зерттеулерді өз клиенттері үшін қол жетімдірек етеді

27 шілде 2020 ж., Алматы қ. - Сбербанк экожүйесіне кіретін Mainstream Partners компаниясы қаржы институтының қазақстандық бизнес-клиенттеріне қызықтыратын нарық салаларына қатысты маркетингтік зерттеулерге 20-пайздық жеңілдікпен тапсырыс беру мүмкіндігін ұсынады.

Сбербанк Қазақстан өз клиенттеріне ұсынылатын өнімдер желісін «бір терезе» қағидасы бойынша алу кеңейту стратегиясын адым-адым жүзеге асыруда.  Банктік қызметтердің толық ауқымымен қатар Сбербанк банктің экожүйесіне кіретін компаниялардың клиенттерге қажетті ілеспе қызметтерін (бухгалтерлік және кадрлық аутсорсинг, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, электронды құжат алмасу және т.б.) пайдалануға мүмкіндік береді.

Mainstream Partners компаниясы түрлік нарық салаларына олардың кеңдігін, сандық және сапалық тұрғыдан бос орындардың болуы-болмауын анықтау үшін терең маркетингтік зерттеулер жүргізуде көп жылдық тәжірибеге ие.

«Жаңа бизнес ашу, жаңа инвестициялық жобаны іске асыру, өнім желісін немесе филиалдық желіні кеңейту - бұл шешімдердің барлығы жіті маркетингтік жұмыстарды талап етеді, ол қажет жағдайда бизнес-стратегияны түзетуге және дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Біз зерттеулердің нәтижесінде тапсырыс берушіге нарық туралы шынайы және жан-жақты мәлімет, мүмкіндіктер мен қатерлерге талдау ұсынамыз. Бизнесті нарықты зерттеуден бастау арқылы клиенттеріміз жобаны іске асыру барысында шығындарын оңтайландыру мүмкіндігін алады», - дейді атқарушы директор Роман Андруцкий.

Зерттеу компаниясы өз жұмысында кабинетте жасалатын зерттеулермен ғана шектеліп қоймай, «алаңға» шығып, тұтынушылармен, жеткізушілермен және өндірушілермен сұхбаттасады.  Зерттеудің қорытындылары бойынша тапсырыс беруші бағалар, өндірушілер, жеткізушілер мен байланыс деректері туралы нарық қатысушыларына тікелей сұрату және сауал жолдану арқылы тексерілген ақпарат алады.

Компания келесі салаларға қатысты зерттеулеру жүргізуде үлкен тәжірибеге ие:

  • Ауыл, орман және балық шаруашылығы;
  • Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлер салу;
  • Өңдеуші өнеркәсіп;
  • Құрылыс;
  • Көлік және қойма;

«Банк ретінде клиенттеріміздің бизнесінің өркендеуіне біз жоғары дәрежеде мүдделіміз. Дәл осы себептен серіктесіміз - Mainstream Partners зерттеу компаниясының қызметтерін пайдалануды клиенттерімізге қуана-қуана ұсынамыз. Тәжірибемізге сүйенсек, кәсіби маркетингтік жұмыстарға негізделген жобаладың сәттілікке жету ықтималы жоғары», - дейді Корпоративтік бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор Виталий Шемелин.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 14 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.01.2020 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 101 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы -  филиал. Банктің Орталық кеңсесі Алматы  қаласында орналасқан.      

Қосымша ақпаратты алу үшін төмендегі қызметкерлерге хабарласыңыз:

«Сбербанк» АҚ ЕБ Баспасөз қызметі
Гульмира Мухсинова
+7 (727) 266-35-68 (ішкі: 502 466)      
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz 

Поделиться


Алматы